Есті мен ессіз әдеті (161)

Бөлім: Зікір өлеңдер 52

Ой санамақ, ой оспақ,

Есті адамның әдеті.

Арзан күлкі, мәнсіз сөз

Ессіздің болар керегі.

Ер қоспақтың мәнісі,

Ақылдың болар табысы.

Жігіттікпен қоштаспақ,

Жетілген ер намысты.

Ақыл-ойдың қуатын,

Ғылымнан алып суатын.

Естіліктің белгісі,

Басқарса ақыл талабын.

Түбінен жүрек шығарған,

Хабарын алып санадан.

Алданбай бес күн жалғанға,

Жеті өріс боймен жалғанған.

Дертті қуып тәнінен,

Саулығы болып денінен.

Амандықтың амалын,

Меңгеріп ата дәстүрмен.

Сыйы деп Құдай бағалап,

Лайықпын деп өзін ағартпақ.

Асқақтықтан сақтанып,

Қолдауын аруақ сұрамақ.

Жексұрының желкіген,

Сөзінен танып өкінген.

Арам ойын құрықтап,

Арашалар кесірден.

Жатып ішер жалқаудың,

Қара шекпен арқауын.

Желкеге мінгенін аластап,

Алуға Құдай қолдауын.

Ақ бақсылық ер ісін,

Мирастан теріп жемісін.

Ақиреттің біліп амалын,

Кеңейткен елдің өрісін.

Шыңыраудан жеткен сөз,

Естілерге болса кез.

Дір еткізіп бойларын,

Амалға алар ойлап тез.

Ессіздің көп әдеті,

Дүниемен сөз әдебі.

Құдайдан шындық хабарын,

Ақылға қылмас керегі.

Біліміне мас болған,

Көтеріп өзін мақтанған.

Ой жорумен сөз айтып,

Тағдырын артқа тастаған!

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *