Қасиет көздері(160)

Бөлім: Зікір өлеңдер 33

Бес қаруың бойдағы,

Белгісін аруақ салмағы

Бес қасиет көзі боп

Жаныңның болар қорғаны.

Түктібай мен Сүйінбай,

Қайназар, Жамбыл, Сарыбай.

Бес тұмарың қорғаның,

Бастама істі сыйынбай.

Пайғамбарға жалғанған,

Айша анадан ту болған.

Бақсылық керек әуелі,

Қорқынышты жыға алған.

Кең пейілдік жүрекке,

Сабырлық беріп білекке.

Тәуекелге жетелер,

Жатқанда жаның түнекте.

Қайсарлық пен табандылық,

Атадан Қайназар белгі алып.

Белгісін беріп жүрекке,

Сүйінбай ата сыр салып.

Қиындық келсе басыңа,

Тағдырдан жазу қолыңа.

Белгісін оң, сол беретін,

Сарыбай атаң қасыңда.

Жақсылыққа жетелеп,

Желкеден түртіп желкелеп.

Жамбылдай жыр алыбы,

Шабыт қосар еселеп.

Бес ата бойдан белгісін,

Көбейтер Алла өз ісін.

Жерінде Алла достары,

Ұстаған қуат күрзісін.

Қиындықты меңгеріп,

Тазартып тағдыр жөнделіп.

Бес атадан алып күш, қуат,

Толысар қуат кем кетік.

Бес қасиет асылын,

Бес қарсыға жасырын.

Бесті беріп алты алмақ,

Алладан қуат ғаршының.

Үш текке есім, ат байлар,

Адамдық тегің айналар.

Көріп, естіп, ойланбақ,

Үш қасиет жан болар.

Он сегіз мың ғаламның,

Қадірі мен қасиет адамның.

Алты рұқ, ақыл, арыспен,

Көбейтіп тағдыр алғаның.

Үшпен тұрар еселеп,

Үш ағаш тегің бұл есеп.

Арыстан баба өлімнен,

Өткізер қолдап жетелеп.

Белгісін салып тізеден,

Сиратын Алла күзеткен.

Ақ жаулық қуат киесі,

Айша ана берер төбеден.

Пайғамбарға қуат қосатын,

Ясауи баба тұрағың.

Жүрекке еніп зейнеті,

Мойыннан белгі салатын.

Қасиеттің көп көздері,

Үш пен бес болып енбегі.

Төртінші, алты Алла өзі боп,

Үнсіздіктен келмек сөздері.

Беспен бекіп сенімің,

Бес атаның алып белгісін,

Күнде алдайтын қулардан,

Қарсылығын жеңер шайтан үнінің.

Жүрекке иман зейнетін,

Тағдырдың ісін көретін.

Үш белгімен көбейтіп,

Жеті қуаттың бірлік жүйесін.

Жүректің үні, жан күйі,

Рахметі Алла мейірімі.

Сипатынан сегіз түсірген,

Құдайдың берген бұл сыйы.

Қасиеттің ақ бұлағы,

Ақ сауыт Құдай қалауы.

Атадан мирас ұрпаққа,

Ата жол болып жалғанды.

(Қазан 2018 жыл)

*****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *