Есті мен ессіз(191)

Бөлім: Зікір өлеңдер 1

Сөз сөйлеген әдеттен,

Дәстүр-салты әдептен.

Аңғарылар мінездер,

Ақыл, қайрат, жүректен.

Небір мінез жөнделер,

Иманнан қуат ендірер.

Ойын тауып сөз айтқан,

Сөз түзеуді білгендер.

Арыстанша ақырсаң,

Көмейге салмақ салдырсаң.

Білімді ақыл деп біліп,

Терістеп ойы жаңылған.

Несі жақсы оныңның,

Күшіңе ғана сенгеннің.

Өнер-білім қайратты,

Ақылдан артық көргенің.

Білекті болған себебің,

Пайдасы болар бір себің.

Ақымаққа жолықсаң,

Қаруың айла білгенің.

Қайраттан ақыл артылса,

Ақылмен айла жолыңда.

Сөз майданы жарағың,

Қуат қосар жаныңа.

Ет ауыртпай құр білім,

Жолдас емес серігің.

Ыждыхат пен ықылас,

Жолдас қылар керегің.

Дүние-байлық ес емес,

Көрінер көпке сес емес.

Төбеден, табаннан жемесең,

Рұқың өсіп көбеймес.

Адал еңбек ақылың,

Жаныңа керек азығың.

Білім күші қайратқа,

Тірлікке керек қуатың.

Арқалап жүрген кітабын,

Есектей амал қылатын.

Есепсіз сана бола ма,

Алтынды бойға жиятын?

Ғылымсыз есті, саналық

Иманмен қуат аларлық.

Адамдық болып жетілмес,

Ар-ұятпен ұждандық!

(Қараша 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.