Ғылымның халі(190)

Бөлім: Зікір өлеңдер 45

Жүректен толғау,

Көңілді қозғау

Адамның шерін тарқатар.

Үн қосып үнге,

Тербеліс жебе

Жүрегіңе қадалған.

Сансыздан ғайып,

Болмаса зайып

Көңілдің шегін бір тартса.

Жеңдегі қолдан,

Мойыннан бастан

Шығарар талай бейжайлық.

Ысқырып өткен,

Иықтан тепкен

Соңынан ерген көлеңкең.

Бастырмай қадам,

Аштырмай адым

Сенделтеді сандалған.

Ит болып үрген,

Сөз шығар тілден

Теріге шимай салғанда.

Білгіштік мақтан,

Ой келмей хақтан,

Жаныңның болмас халы да.

Көрсең де көрмей,

Білсең де білмей

Ішің бар сыртқа шықпаған.

Іштен бұғып,

Басын бір шұлғып

Кетеді терең ұйқыға.

Ұйқыңды аш арамза,

Ардан күсіп қалдың ба?

Шел басқан көзді көлбеулеп,

Бір жола көңіл бұрдың ба?

(Қараша 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *