Естілік-адамдық, есерлік  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 34

Адамдық па, өзгені жұлып жемек?

Ата-баба тарихынан кекті іздемек.

Бүкіл ұлтты ессіздер жүр қаралаған,

Өз ұлтын кемшіліксіз құдай демек.

Мейірімсіз күштілікті қасқыр демек,

Хайуандай нәпсі үшін өмір сүрмек.

Үнемі сен жеңбессің тарих болар кезек,

Жылатуға құмарлық адамдық ісі емес.

Бұндайлар да білімі зор бір бәйтерек,

Ойсыз ақыл заманаға қылған себеп.

Алланы сүй, адамзаттың бәрін де сүй,

Адамдықты мейірім, рахым теріс көрмек.

Әділет, ынсап, сабыр, шүкірліктен,

Бейхабар білімді көп жансыз дөңбек.

Көңілінде жарық болмай, өлі демек,

Жындылықты текті деп мақтан көрмек.

Хан болмақшы ерлердің жігерлісі,

Ақыл біліммен бірдей болса іші, тысы.

Ондай жан ел түзейтін адамзат білімдісі,

Ойдан қуат алатын  ақылды ердің ісі.

Ендігі ел билеген көп қой кісі,

Ойнасшы қатындардай барлық ісі.

Өзге жұрттың салтына күйлеп кеткен,

Ел биліктің  болмай жүр оймен ісі.

Сынағанмен талай жыл жазы-қысы,

Көрмедім сөз ұққанын ел жақсысы.

Тәккаппар өзін артық ақылды деп,

Дәреже-атақтан келмейді еш түскісі.

Ел билікте ойлам болмай халық оңбас,

Таза ақыл ойсыз мида қозғала алмас.

Зорлықпен заңға сеніп ел басқарып,

Құдайдың жазасынан құтыла алмас.

Түбінде аңдыған дұшпан алмай қоймас,

Болмаса ажал оғы атпай қоймас.

Тәубеге келіп, ел билік дінін таппай,

Қиямет сынағынан ел шыға алмас.

Қызыл қырғын тарихта мезгіл болып,

Бұл сынақтан қазақ елі пайда таппас.

(тамыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *