Тілің мен ойың бір болса  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 49

Қазақтың бәрі надан ба?

Телмірген бір адамға.

Айдамасаң жүрмейтін,

Ақылы жоқ басында

Теңелген әбден хайуанға.

Үлгі берер балаңа,

Ар, намысты ойлауға,

Заңмен мұны қолдамай,

Ел билік әлде тыйған ба?

Әлде халықты сөйлетпей,

Тілін кесіп алған ба?

Ақылсыз, арсыз еліңді,

Түзейтін бір адам ба?

Көп өзін іштей жөндемей,

Заңмен түзеп болар ма?

Басшыны құдай санайтын,

Сылтау іздер тажал да

Алдына құдай ас қойған,

Екі қолды бос қойған,

Кім кедергі амалға?

Тіліңді өзің меңгермей

Басшылар жөнге салар ма?

Өз ұлтының дәстүрін

Меңгермек әрбір адамға

Атадан қалған аманат

Дін қылған әрбір адамға.

Дін, ділін әрбір пенденің,

Құдайдың алдына барғанда

Ел басшыдан сұрар ма?

Тіл мен ойды қоса алмай,

Данасын ұлтың тыңдамай

Қызыл тілді безеумен,

Санаға жасқа қонар ма?

Үлгісін таза ақылдың,

Меңгермей жатыр ғалымың

Сөз байлығың жетілмей

Ұлтыңнан үлгі болар ма?

Құр босқа ұлтшыл жынданба

Абайыңды қолға ал да,

Әлемге асыл ойларын,

Ақылын үлгі қылар ма?

Қазақ түгіл бар әлем

Қазаққа болар құмар да.

Өзіңде жоқ тектілік,

Ұлтыңа үлгі боларға.

Өзеуреп кеку сөз айтып,

Сөз байлығын бұзарға

Тіл мен ойды аразға

Айналдырмай «базарға»

Ақылыңды жұмса саларда.

(тамыз 2014 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *