Естілік пен есерлік туралы түсініктер

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 3

Адам баласына ортақ үнемі 4-ші болып немесе алтыншы болып түгелденіп тұратын, артығын жонып, кемісін толтырып тұратын іштен өсіп-өніп азығын, тамағын сырттан салатын «ЕС» деген ұғым бар. Төрт өлшемнің, яғни мизамның, таразының кірі, салмағы. Төртпен өлшеп бесті алмасаң, бесінші қашанда қауіпті пайдасы мен зияны қатар болады. Абай атамыз; «Өлшеуін білмеген нәрсенің боғы шығады» деп бекер ескертпеген. Сондықтан төртеуді түгелдеп отыру үшін үнемі бесінші ортасын тауып отыру шарт. Оған Мысырдағы төрт мұнара жаратқаннан белгі. Бесіншіні адам бейнелі 27метрлік арыстан арқылы, яғни ақыл, жан, мал қуатын жұмсап іздейміз.

Енді аталарымыздың аманатындағы «Денсаулық» – 5 жұп қуаттан (10) ақтың ақыл-ой, білімнің жемісі, «Ақжаулық» – 5 жұп қуаттан (10) тәрбие, әдеп салт-дәстүріміздің қызыл жемісі, «Он саулық» – іс-қимыл, өнеріміздің, алған ілімнің нәтижесі – жан саулығымыз іштегі бес сезім мен сырттағы 5 түйсік қуаттардың сары жемісі, байлықтың негізі балып шығады. Болашақта жан сырынан құран, інжіл, хадистерден нақты дәлелдер бере жатармыз, әзірше қысқа мағлұматтармен тоқталамыз.

Енді осы адам баласының құлшылығының негізгі іс-әрекеттерінің жалпы саны 20 болып қол, аяқ саусақтарына буындармен сауаптардың да санын белгілеп қойған екен жаратқаннан. Осы 20 бұтақ арқылы 30 байлықты, 30 параны меңгеріп; 30+20=50 намаз орындау құлшылық негізі шығады. Пайғамбарымыздың миғражға көтеріліп 5 парыз намаздың үкімімен және екі аятты алып келуінің сыры да және «негізінен намаздар 50» деп ескертуінің өзі, осы жоғарыдағы сандардың үш бақшаны 20-мен суаруды ескертеді. Осыдан құлшылықтың намаздары деген ұғым пайда болып, әр елге пайғамбарлар жіберіп, үйреткен үкімделген парыз істерді үнемі жаңылыспай, шегінен шықпай орындап жүруді міндеттеген. Оның да өлшемі мұсылмандық бес парызбен 4түрлі амалдардан тұрып 20-мен белгілейміз.

Ақ жаулық 10 қуатты меңгеру – әрбір ұлттық, рулық, салттық ерекшеліктер мен адам баласының өсіп-өну, тіршілік ету қағидасы болып, жеке адамдық борыштар болып, әдет-ғұрыптық тұрақты істерге кіреді де, құлшылық болып есептелгенмен намаз қылып орындауға, яғни қайта-қайта үйленіп т.б ұлтын, руын алмастыру, жерін, отанын өзгерту т.б. әрекеттердің ғұмырына бір реттен ғана орындалуына байланысты негізгі парыз Аллаға құлшылық ісі болып табылады.

Енді қалған Аллаға құлшылық дегеніміздің өзі алдағы адамзаттық борышқа негізгі байлықты жетілдіруге, қалыптастыруға, өсіріп өнімін көретін, бәйшешек бақшасын өсіретін 40 түрлі негізгі міндеттерден тұрып, ислам ғалымдарының 5 парыздың ішінде 40 парызы бар деп бірақ ат қойудан жаңылысып, дәреттің ішінен кіргізгенмен, тән мүшелеріне қатысты ғылымын көрсеткен.Осы 40-амалды меңгеру үшін 5 парызбен 1-ді, яғни есті алуымыз керек. 40 түрлі амалдың өз киесі, иесі болып оны аталарымыз су, яғни нұр беруші «Қырық шілтен» деп басқарушы естің егесін, көк киесін «Ғайып ерен» деп атаған. Ғайып ерен қырық шілтен – барлық құлшылық істерінің киесі, атқарушы, жаратқанға жеткізуші болып есептеліп, оның сандық мәнін әзірше түсінікті болу үшін 100+45-деп белгілегеніміз абзал. Екілік дәрежеде 10 санын беріп құрандағы игілік істерінің нәтижесін, жақсылықтың дәрежеленуін, жамандықтардан тазаратын қолдың қимыл негізін көрсетеді. 4-пен 5-тің қатынасын Әл-Фараби атамыз музыканы, үнді зерттеудегі «гормония» заңдылығы «Ми» деп атаса, 40 амал шілтеннің 5 парызбен қосылысын Абай атамыз 45-қара сөзді естіліктің өлшемі ретінде алыпты. Бұл да мидың толық жұмыс істеп, ойдың бейнелену нәтижесі деп біліңіз. 40 саны адам баласына берілген ортақ кітап болып, оны толық алған, меңгерген адам хандық дәрежеге жеткен. Ал бесеуін (Б+ЕС) бірлеп 40-на қосқан адам баласы есті, зайырлы, парасатты болып, жоғарыдағы құлшылықтың үш жемісінің де дәмін татып үлес алғандар қатарына жатады.

Бұл санды енді махаббаттың нәтижесі, сенімнің жемісі, толық адамшылықтың көрінісі деп атауға да болады. Абай атамыз да 45-ші сөзінде; «Құдай тағаланың барлығының үлкен дәлелі-неше мың жылдан бері әркім әр түрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де әділет пен махаббат құдайға лайықты деп келгендігі. Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне (ғайып ерен қырық шілтен) қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен әділетке (көлеңкесіне) қарап ұқсауға тырысып, сол алланың хикметін (ғайып ерен қырық шілтенін) біреуден біреу анығырақ сезбекпен ерекшеленеміз. Иландым, сендім (иман келтірдім) дегеніміз-иландырамын, сендіремін деген емес. Адамшылықтың алды-махаббат, әділеттілік, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтін жері де жоқ. Ол жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл әділет, махаббат пен сезім кімде көбірек болса, ол кісі-ғалым, сол-дана. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп (өлшеп аламыз).»

Қазіргі таңдағы қазақ халқының егеменді ел аталып шаруашылығымызды дамытып, ән салғанымызды – «жұлдыз», дүние тапқыштарымызды – әкім, білімді көп алғанды – ғалым, намазды көп оқығанымызды – «намазхан», сөзді көп білетіндерімізді –философ, хазірет атап төрге шығаратымыз осы махаббатымыз бен сезіміміздің жетіліп жатқанынан деп біліңіз. Бірақ бұндай жағдай айғырлықтың ғана шамасындай екен. Оған себеп, елдегі рухани мешеуліктен бір-бірімізге қол жұмсап, қудалап, соттасып қырқымызды қоса алмай қырық пышақ болып жатқанымыз әділет атты кісілігімізді – ата заңымызды, салт-дәстүрімізді таба алмай жатқан халықпыз. Олай болса жоғарыдағы мысалдан көрінген жынды суды ішкен ұйқысы шала, түс көріп жаратқанның көлеңкесін сезіп-біліп ұқсай алмай, мастығымыздан айыға алмай жатқан жағдайымыз бар. Бұндай жағдайда шарап беріп, басын жазатын ілімімізді көрсететін дініміз бар емес пе деген сауал қоюыңыз даусыз. Дінімізде муфтияттық дінші ғалымдарымыз да, ел басшылары да, философ ойшыл саясаткерлеріміз де шығарып жатқан заңдарында әділеттілік бар ма? Қателіктеріміз жоқ па? Құдайдың берген нығметі; үш жемісін жеке-жеке болмаса, толық жеген ағайындарымыз жеткілікті арамызда. Бірақ оның шамасын, артық-кемін анықтап тұратын ынсабымыз, ұжданымыздың нәтижесі есіміз-кісілігіміз толық па?

Келіңіз оқырман, осы сұрақтардың жауабын бірге іздеп қаншалықты білімді сауатымызды құдай үкімдерімен, ата-бабаларымыздың аманаты, ақыл сөздерімен салыстырып өлшеп көрейік.

( Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітаптан)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.