Жын-шайтанға айналу немесе шайтанның жамағаттары

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 81

«Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? (221) Олар әрбір өтірікші күнәкарға түседі. (222) Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші (223) Ақындарға азғындар ереді. (26-224) «Оларға сыбайластар қостық. Сонда оларға алды-артындағы нәрселерді (жыныс мүшелерін, жыныстық ләзаттарды) әдемі көрсетті. Сондықтан бұлардан бұрын өткен, жын адам баласының болған өзге елдерге берілген азап әмірі бұлардың басына да келді. Өйткені. олар зиянға ұшыраушылар еді.» (41-25)

Егемендік пен қоса өзге елдердің әйел, еркек теңдігі деген ауруларын, әдеттерін, шайтандық істерін қоса алған әуелі өнер, ел басқарған тілші, жазушы, ақындарымыздың, саясатшы, партияшыларымыздың сөз түсіну қабілеті жоғалып, жынданудан енді әйелдерімізді, ұл-қыздарымыздың тәрбиесін және бүкіл халықтық рухымызды, отанымызды өзге елдің жалған тәңірлеріне табыну қылықтарына дереу айырбастап алдық та, қызыл жеміске деген сағынышымыз басылмай, әлемнің бар қызылды жинап алып еркін оттап, семіргенше жеп, енді кімнің сау, кімнің жынды екенін айыратын аталар аманатын, сөз астарын түсінетін қабілетіміз мүлде жоғалып, жын-шайтандар еліне толық айналып алдық.

Бұл қызыл жемістің әйелмен арадағы нәпсіге, шексіз жыныс құмарлықты да тудыратынын және әйел затының «жауын» суының өзгеруімен бүкіл халық жындана бастайтынын Абай атамыз дәл сипаттап кетіпті; «Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдықта жүрмесем, не жан күйер? Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер Болған соң уәделі күн жауын жауды, Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды. Күні-түрі шуласып, таласады, Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды…Бәрі де есі шығып, жынды болған, Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға..» Бұндай жағдайда ақыл беретін ел ағаларының да жағдайын; «..Көшеде шулап және жылаған көп: -Хан мен уәзір ақылдан айрылыпты, Өлтірейік екеуін, жынды екен,-деп. Өлтіргелі ордаға қайта жүрді, Бұлардың сөзін естіп, хан да көрді: -Бұрынғыдан мұнысы қиын болды, Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік?-деді. –Құтылар хал болмады мына дудан, Біз де ішпесек болмайды жынды судан. Өлтірер өңкей жынды бізді келіп, Жынды деп есі дұрыс бізді қуған. Екеуі жынды судан ішіп салды, Құтырып көп алдына жетіп барды. Өңкей жынды, байқамай айтыппыз деп, Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарынды.

Бұл жағдайдың – еркіндіктің улы суын көптеген жылдар ішкен арап елдері жынды болуға көнбеген хандарын өлтіріп, енді әрі қарай не істерін білмей жатыр. Құдайға шүкір, біздің ел басымыздың көп жындыларымыздан қулығы асып, бақсылық қасиеті болғандықтан; бірін дүние байлықпен алдап, бірін әдейі қорқытып, әйтеуір әзірге алға қарай табандап болса да жылжып келеміз. Бірақ бір адам елімізге келген осындай мастықтың салдарын емдей де, түзете алмайтыны сөзсіз. Заңмен түзеймін деген керісінше, жындылардың ыза-өкпесі мен өшпенділікті және шайтандардың қарсылығын ғана арттырады. Және аятта; «Ол күні, әр емізушінің (бала туған әйелдердің) емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің (жүктілердің) іш тастағанын (аборт, баланы өлі, кеміс туу) көресің. Адамдарды мас түрде (сөз ұқпайтын, миғұла) көресің. Негізінде олар мас емес (арақ ішпеген). Бірақ Алланың азабы (сынағы) қатты.» (2) Бұндай жағдайға басты себеп; «Адамдардың кейі, Алла жайында білмей таласады да қасарысқан шайтанға ілеседі. (3) Негізінде кім шайтанды дос көрсе; ол, оны адастырып, тозақ отына бастайды деп жазылған.» (22-4)

Міне бұл қазақ елінің сырттан келген шайтан адамдарға ілескен ел басқарушы әкімдердің, сөз танушы ғалымдар мен ақын, тілші, өнершілеріміздің халықты аздырған жетістігі деп біліңіз. Бұндай жағдай көптің емес елбасына, таққа, шенге таласқан тобырдан пайда болатынын Шәкәрім атамыз;

«Мисыз мына көп жынды

Осы биін билесе.

Залым жеңіп момынды

Басылған нандай илесе.

Партия болып таласып,

Бірін-бірі шүйлесе,

Боқ жеген аузын жаласып,

Ұлыққан иттей күйлесе

Боқ жеген аузымыз – жаратқанның түсірген көркем сөзін өз орнына пайдаланбай, елдің есін теріске бұратын ақылды сөздерімізді ескертеді. Ондай сөздерді алысқа бармай-ақ философия, психология оқулықтары мен күнделікті басылымдарда, көгілдір терезеден білгіштеріміздің айтып жатқан сөздері дәлел бола алады. Діннен толық хабары түгіл, шариғатын ғана білген адам баласына ауылды бөлек, рухты бөлек, табиғатты бөлек, мүгедектерді немесе басқалай езілген, әлсіз топтарды қорғау үшін солардың мүддесін ойлайтын партия құру дегеннің өзі жынданғандық болып саналады. Есті адамда отан деген ұғым болып, осы ұғымға ең майда жәндіктер құмырсқадан бастап бүкіл жер шарындағы жаратылыс ақылды-ақылсыз мақұлықтармен, барлық адамзаттың хақысын жемей, ешбір нәрсеге артық зиянын тигізбеу деген және солардың арасында әділдікпен тіршілік ете білу мақсаты болады. Ал бір ғана топтың жағдайын жасап, қалғанын өзіне дұшпан санап, жамандап, өзінің тобының үстемдігін қалыптастыру «ұлыққан иттердің» таласына ұқсайды.

Дін рәсімін орындаудан бәсекеге түскен, жан ғылымын, сана-сезімді жетілдіруші әуелі ғылым тауып тура жолға түсіп, тақуа болудың орнына керісінше, тек намаз оқумен тақуа болып тура жолды, ғылымды іздеп, бір-бірімен итше ырылдасып, таласатындықтан алдын-ала өздерінің құрған топтарының соңын «ИТ» деп аяқтайды, бір жағынан шынға солай да дұрыс. Шариғаттан бағдар алып, жаратқаннан заман талабына, ғылым-білім жетістігі мен жанның кеңіп өсуіне шақтап, құпия аяттар сырын аянға айналдыру арқылы уақи болып оқылатын аяттарды, біздің ақылымыз қамти алмайтын шексіздіктен берілген нұсқауларды жалғанға шығарып, шектеулі істерді – мазһабты жол қылғандар қорасынан ұзап кете алмайтын, жетекке еріп қорасына да үре алмайтын, ақыл ойы матаулы, алдына қойған жуындыдан басқа таза астың да бар екенін білмейтін иттерден айырмасы жоқ десек қателесе қоймаймыз.

Ондайлар ақылы толмаған жастарды аулап, сол өздері күзеткен қораға ақыл-ойларын қамап, сонымен азықтануға машықтанып алған да өздері сонымен ашық мақтанады да. «Оқу, дінің дағдың көп,

Не бір білгіш айтқан деп,

Кетпесін сол жетелеп,

Жарамас өйтіп ой көму.

Мақтанды алма ойыңа

Кек сақтама бойыңа.

Барма дүние тойына,

Ойнаса да уда-шу.

Егер мұны қылмасаң

Айтқаныма тұрмасаң,

Өз нәпсіңді бұлдасаң,

Саған арам сөз ұғу.

Мақтанып оттай саулама,

Жақынды жаттай жаулама,

Өлсеңде адам аулама,

Аң жейтұғын болма аю

Бір қазақты бір-біріне айдап салып, заңмен қудалатып, екі ағайынның араларына өлгенше көрместей араздықты тудырып, оған үкіметтің заң билерін, әкім қараларын айдап салып, дін түгіл елдің біртұрас салтының да бөлшектеніп, жастардың ақыл-ойларын қораға қамап, арап тіліне байлап, отанын саудаға салып қойған кімдер екенін өзіңіз шешіп көріңіз. Абай атамыз бұл жағдайды «Мақсұт» атты әңгімесімен сипаттап және елдің жалпы жындылық, мастығын; «Бай сейілді, Бір пейілді

Елде жақсы қалмады.

Елдегі еркек, Босқа селтек

Қағып, елін қармады.

Жөнді, жөнсіз, сСөз теңеусіз,

Бас пен аяқ бір қисап.

Ұрысса орыс, Елге болыс,

Үйден үрген итке ұқсап.

Өзі ұлыққа қадірі жоққа

Қармай, өз халқына,

Сөз қайырмай, Жөнді айырмай,

Жұрқа шабар талпына

Кетті бірлік, Сөнді ерлік,

Енді кімге беттемек?

Елің ала, Оты шала,

Тайса аяғың, кім көмбек?…

Ел керексіп, Сөзге емексіп,

Не болады мақтаның?

Пейілі шикі, Ақылы күйкі,

Осы жұрт па тапқаның?!»

Өлсең отаныңнан, ақиретіңнен айыратын сөзіне ерген орыстың да ақылы жетімсіз деп, қазақтың қазіргі таңдағы хал-ахуалын дәл суреттеп отыр атамыз. «Қара орысты көргенде сары орысты әкем дерсің» деген аталарымыз қара орыс деп қара нәсілді арғы беттің арап нәсілділерін ескерткен. Орыс сияқты олар да қазаққа жиен болып, арсат пен парсаттардан тарайды. Және Ар-сақтан, Ап-қыздан туған, жиен ұрпақтарды ескертеді. Орыстар керісінше еркектерін Па-Па деп атағаннан, осы туысқандықты және әлемге үстемдігін қандай қулықпен де болса жүргізуге тырысатын, білген білімінен өздерінен артық ел, халық жоқ деп тықпалайтын әдеттері де аумай қалаған. Тек дін ұстанымдары бөлек болып, біріне-бірі ниеттес қылып қоспай қойған. Сол қара орыстарымыздың өз арамыздан тағайындаған жанашыр отансыз өкілдерінің өзі қазаққа оңай тиіп жатқан жоқ. Ал сөздің астарына үңілмей қытай мен орысты бір тапқа жатқызу мүлде дұрыс пікір емес.

«Орыс ойына келгенін істейді», яғни ой жоруға құмар халық. Ал қытай керісінше қолымен істеп көрмей сенбейді. Екінші ойына келгенін істейтін Бәдеуиліктер – арап нәсілділер, оған әлем көзі жетіп жатыр. Сондықтан «Бүлінген елден бүлдіргісін (әдет-қылығын) де алма», «Әдебі жаман ауылға әйеліңді апарма» деген аталарымыз. Әйел көргенінен қалайда орындайтын жындылығы бар, ал еркек естігенін іске асыруға қабілетті. Көргеніміз сары орыстың жындылығын әйелдеріміз айнытпай, тіптен асыра орындап, ал естігеніміз араптар болып еркектеріміз, имамдарымыз намаздың 40 кісілігі түгіл, «бойынан» жұрдай, ақылы кем «хандарын» дайындаудан озуға да айналдық.

Сондай ұраннан нәр алғандардың алды таза қара орысқа айналып, өзі түгіл елді қырғынға ұшыратуға кірісіп те кетті. Қара орыстардың бұндай рухани азғындыққа түсіруге талпынған шапқыншылығы осымен мен білетін тарихтағы төртіншісі. Мүмкін бұдан да көп болар. Осы жолы қазақтың төрелері бұрынғы төрелердей емес, оңбай жеңіліп өз аруағынан өздері бас тартып, отанын ойдан шығарған заңымен соттап, оның зардабы енді ашық біліне бастады. Алда қаншама сынақтың күтіп тұрғаны Бір Құдайға мәлім.

Қаншама қырғын болса да қазақ аталарымыз аруағын қорлатпай, жалау етіп ұстап, ақырында діннің қолдауының, жаратқанның жәрдемі арқылы жеңіске жетіп отырған. Бұл жолы керісінше, ел басшыларымыз өздері жәрдем беріп ойдан шығарған заңдарымен құдайының құдірет қолдарын, әулие-әмбилерін соттап, бірақ зардабын әуелі қарапайым халық тартып, енді азап кезегі өздеріне келгенін, қораларына азап үкімі түскенін, жан бақшаларының қурап жатқанын сезіп білер де емес. Демек, мастықтың буына түскен. «Қиянат қылса иманын,

Арамнан тапса жиғанын.

Айламен төрге сиғанын

Ұлық деп бәрі қаласа.

Кешегі уағда бүгін жоқ,

Кейде жалын, кейде шоқ.

Балшық қора бұл да соқ,

Батпақта жүрген балаша.

Шындықты біреу жақтаса,

Жазасызды ақтаса.

Адалдықты мақтаса,

Арсылдап оны қамаса…

Сайтанға иген мойынын,

Қулыққа толған қойынын.

Көп жындының ойынын,

Қылсам-ау сөйтіп тамаша!» деп Шәкәрім атамыз өзі өлгеннен кейін халықтың мүлде жынданып, осындай күйге түсетінін және өзі аруақ болып қарап тұрып, сұрағанға ақыл беретінін ескертіпті. Бірақ сондай өмірден өткен ғұлама аталарымыздан ақыл сұрарлық ғылымымыз, амалымыз, діни сауатымыз қандай? Діни сауаттылық әрбір пенденің таза ақылды меңгеруімен және әулиелік, даналық, тақуалық дәрежелерімен бағаланады. Таза ақылды меңгерген адам баласында енді жын-ашуы болмайды да, таза рухани дарындылық қасиеттердің ерекшеленуімен, білінуімен есептеледі.

( Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітаптан)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *