Жасынан ғылым барын ескермеген,
Ата дәстүр пайдасын тексермеген.
Көлеңкесін жындылық өсіріп жүр,
Жын-періге айналып қайта енген.
Екі жүзді, бой –кебенек жетілмеген,
Ардан сауыт санаға кигізбеген.
Жалаңбастық ер жігітке әдет болса,
Намазы ғапыл болып зия кеткен.
Басынан төрт жынын теңгермеген,
Әйел, еркек шайтанды ертіп жүрген.
Етексіз қатының жатыры арам,
Белсіздіктің жұтынан тегің өлген.
Ел билікте жетесіздік дерті келген,
Құдайсыздық саясаттан жаны өлген.
Жынды елге, ел билігін арсыз қылып,
Қияметтің сыны бұл бейнеленген.
Құдайдың барлығына ел сенбеген,
Дүниемен ел тағдырын өлшеп жүрген.
Кедейлігін ел биліктен көргендерге,
Құдайым жемқорларды сынға берген.
Қанағат, құлшылықпен шүкір деген,
Дүниесін көкке жинап өсіргеннен.
Ұрпақтары тектілікпен қуат жинап,
Мирасы құдай сыймен жетілдірген.
Ғылымды ұжданмен меңгер деген,
Қазақтың әулиелігі текпен келген.
Көктегі жеті жолға жалғанумен,
Құс тілі, құс жолынан дерек келген.
(қараша 2016 жыл)
*** ****