Хақтың көрінісі -хақиқат. Ақталса ақиқат.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 141

    Әрбір уахи болып айтылған, түсірілген аяттардың бата болып бір перденің артқы жағынан (уақыттың төменгі жиілігінен) көкейге салынып оқылған батаның, сөздің де мұғжизасы, хикметтердің де түбінде құпиясы белгілі болып, білімі, өлшемі негізделіп, адамзаттың игілігіне айналып және соған қарсы күнәлардың да қарсы кері әсері, түнектік күштердің де жетіліп отыруы даусыз тарихы шындық. Енді, ислам әлемі бірлену заңдылығын және үнсіз, харіпсіз жаралыстың қозғалыс себебі болған тіл білімін теріске шығарып, құранды теріске алумен ғана көрінісін беруде. Ал, бірақ көптеген әлем елдері негізгі наным-сеніміне айналған киелі күштердің бар екенін және солар арқылы ғана адамзаттың жаратқанға қосылатынына сеніп, амалдық намаздарын білмегендіктен, түрлі діндердің рәсімдердің пайда болуына себепші болып және оны да дұрыс меңгере алмағандықтан, көптеген халық өкілдерінің адасып жындануға, мастыққа түсуіне ғана себепші болып жатыр. Қазақ елінде қашаннан «Лә иллаһа, илла Алла», яғни «Алладан басқа Тәңір жоқ» деген, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға негізделген, жаратылыс басынан бастап адамзатпен бірге түскен исламдық дін жоралғыларын, тәңірлік бастауларды Адам ата қауымынан бастап  жаратылысты тек бір көк тәңірі басқарып тұрған түп негіз, таза ақылға ғана табынып өмір сүруді дініміздің негізгі шартына алып, оны кейіннен келген елшілер, пайғамбарлар істеріне, сол арқылы түсірілген кітаптарға да біріктіріп Тәңірдің қолғабысы, құдіретті жаратқан себепшісі; «аруақ қолда» деген ұранымыз бен; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген жалауымызды күні кешеге дейін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізгені ақиқат. Тек арамыздан шыққан, қолмен жазылған кітапқа ғана табынып, ескі ізгілік бастауы болғанымен замандар өте білімі тозып, түрленген дін ұстанымына қайта келіп, елдің есінен аруақ ұғымын шығарып тастауға жан беріп, жан алысқан рухани дәрежедегі соғыстардың нәтижесінде азғана қазақтың бөлшек-бөлшек дін ұстанымдарына жүгінуге әкеліп тіреді.

      Ал дін ғылымы да, онан нәр алған іргелі ғылымдар да бір орнында тұрған жоқ, керісінше түп негізі түсініксіз, ал іс жүзінде айқын болатын талай жаңалықтардың ашылуымен, соған байланысты әлем философтарының да өмір заңдылығын қайта пайымдауына әкеле жатқаны сөзсіз. Соның бірі орыс ғалымы Гуляев есімді азамат; адам «днк»-сын зерттеумен көптеген жылдар айналысып, Канада елінде тәжірибелерін жасап, соңында егеу құйрық тышқандарға бауыр, бүйрек ауруларының қоздырғышын егіп, оны 50 шақырым жерден сау «днк» ақпарат сәулесін жіберу арқылы жазылатынын дәлелдеді. Енді оның себебін, білімін философия ғылымы түсіндіре алмай отыр. Бірақ ол қазақтың зираттап, құрбан шалып, жер көк есігі, жер тесігі арқылы алтын бағандарға, көктегі жұлдыздарға жалғанып емделу тәсілін, құран аяттарынан ем-шипа рахметтің; әулие зираттары, Алла достары  арқылы келетінін, тіптен бағзы заманда оба, обыр аурулары мен малдарды да солай емдегенін, дін ғалымдары, ғалымдар да білмегенімен, қазақ жадынан әлі шыққан жоқ, керісінше соңғы 10-15 жыл ішінде неше түрлі аурулардың кілтін, емделу жолдарын аруақтар арқылы берілгенін мойындау тек надандардың ойына ғана кіріп те шығар емес. Қарапайым ғана мысалмен; Аусыл ауруын аталарымыз тәндегі түскен белгі, ауру ошағын тазартып, орнына дәрі жасап сеуіп емдеп алғанын да ұмытып, енді қаншама малды босқа қырумен айналысатын европалық тозған білімнен халық тек жапа шегуде.

     Бұрынғы замандарда әулие бабаларымыз меңгерген ілімнің құпия сырлары түгіл білімге және нақты амалға, дәлелдерге айналған істер мен ата жолында игілік жолындағы ашық көрініп жатқан Құдайлық хикметтерді сөз тұрғысынан сипаттап түсіндіре алмаған елде философия білімі де, даналықтары, абыздық, сәуегейліктері бар деп айта аламыз ба? Әрине жоқ! Сондықтан шала сауатты діншілер мен сөз даналығын меңгермеген жалған ғалымдардың, саясаткерлердің және дінсіз залымдардың ел билігіне, іс бастарына келіп, бұқара халықты осындай азғындыққа, қайғы-қасіреттерге душар қылуға басты себепші сөз, тіл ғалымдығының, даналықтың өлгендігінен деп қана түсінуге болады. Мұндай қарапайым ғана ұлттық білімнен, дәстүрімізден ажыратып жатқан қазақтың ғалымдарының да дін басшы, ел басшыларының, имам, «намазхандардың» да құлақтары созылып, жүректерінің мөрленгеніне айқын дәлел болады. Бұндай жағдайда не істеу керек? Әрине жүректері мөрленген қандай да бір пенденің мейлі қандай дәрежеде, биік лауазымда отыра берсін, ұлттық санасы жетілмей, ар қуаты әлсіз болғандықтан  ұят деген қасиет те кем болады. Оған себеп 3 жылдығы түгіл 3 күндігін де ойлап болжауға қауқарсыз, ұлттық ділге байланысты ар білімінің жетімсіздігі себеп болғаны даусыз. Ар білімінің шамасына қарай ғана ұяттық сезімдердің қалыптасатынын жадыңызға тоқып алған абзал. Мысалға орыс ағайындарымыз өз елдерінен шыққан Кашпировский, Чумак деген емшілеріне шарт қойып; Егер ғалымдардың қадағалауынмен берілген 40 ауруды емдеп жазсаңдар, онда акедемик атақтарымен құрметті орынға отырғызып мойындаймыз деген. Бірақ олар өздеріне сенбеді, әйтпесе жалғандықтары әшкере болады деді ме, келіспеген. Бұл мақала кезінде «Простор» басылымында жарияланған болатын.

     Енді мен қазақтың ата жолдық бауырластарды бірігуге шақыра отыра, осы шартты керісінше әлем ғалымдарына 10 есе күрделі түрде қойып, қазақта адамның емес, Алланың құдірет қолы; аруақтың көмегімен қандай хикметті істердің бар екенін дәлелдеп, аталарымыздың ақ шапанын қайта жабуға шақыра отырып және 40 аурудың орнына 80 ауруды алып және әлемдегі спид, қан азуы, қан (диабеті) сусамыры, жын ауруларымен қоса құран арқылы ем-шипасын көрсетіп және емі табылмай арнаулы сыйлыққа ұсынылған аурулардың да Құдайдан емі бар екенін дәлелдеп, сол алған сыйлықтарды қараусыз, азып-тозып жатқан әулие бастары мен баратын жолдарына жұмсауға және әлемге осындай киелі орындарымызды жарнамалап, жібек жолын енді хаж жолына айналдыруға болатынына үлгілер көрсету керек. Және де ата жол жүрек ашу хикметі арқылы қазақ елінің әулиелер батасымен жетеленіп, пайғамбар намаздарын орындау арқылы тәрбиелеген  ғылым жолында іздеген адам балаларының болашақта ғылым саласында өзгерістер әкелетінін және де өндірісте, шаруашылық істерінде де мыңдаған жаңалықтар ашуға болатынын дәлелдеуге шақырамын. Ал, кезінде тіл білімнің жетістігі саналған құранды жаттап алған қарилық қасиет ислам дінінің ең бигіне жету болғанымен, бірақ ілім-білімнің жетілуімен бұл қасиеттің қазіргі білімді заманда өз маңызын жойғаны да хақ.  Сондықтан қазақ діншілерінің растыққа, аруаққа сенбейтін ғұламаларын, хазіреттерін, құран жаттап алған қариларын да біздің дайындаған шәкірттерімізбен құран арқылы ашық Алланың хикметін көрсетуге халық алдында бәсекеге, таразыға  түсіп, құран аяттарының құдіретін көрсетуге дайындалуға шақырамын. Қазіргі таңда да егер қажет  болса,  жүздеген арапша құранды жетік білген қарилар мен хазірет, дін ғалымдарымен 3-4 қана ата жолдық қарапайым аққу сұңқарлар мұндай рухани таразыға түсуге дайынбыз. Ендігі қоятын шартымыз, бұндай жағдайды бүкіл еліміз куә болып көгілдір терезе арқылы көріп отыруы тиіс. Сонымен бірге 3-4 көтеріліп, жынданған пендені бүкіл масһабшылар алып иманға келтіріп, есін қалпына келтіріп, адам қатарына қосуға жабылып өз намаздарымен мешіттерде отырып алып Аллаға жалбарынсын, емдесін, дем салсын, ал одан екі есе саны көп аурулар біздерге берілсін! Және үнемі бұл істер дәрігерлердің, психологтардың бақылауында болып, белгілі мерзімдерде тексеріліп бағасы да беріліп отыру шарт. Сол сияқты ең жоғары лауазымды, яғни жан сырын меңгерген хазіретті, сөз емес құран аяттарын амалға айналдыру арқылы біздің қарапайым шәкіртімізбен таразыға түсуге, ондаған пендені арағынан, темекісінен, жаман әдеттерінен еріксіз тиып, Құран аяттарының ем-шипалық қасиетін, күшін көрсетуі тиіс халық алдында. Бұл тек бүгінгі ата жолының әлі хикметтерінің, хақиқатының шындық арқылы ақиқатқа толық айналмаған кезеңдегі ғана ұсынған пәтуамыз яғни «хақтың көңілін» таба білгенімізден деп білген жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *