I-Ақырзаман уақиғалары мен ел билеуші зиялы қауымға ашық хат

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 1

       «(I)Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, (II) түн мен күннің ауысуында, (III) адам баласына пайдалы нәрселер мен теңізде жүрген кемеде (айда) және (IV)Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандыруында (V) әрі онда әртүрлі хайуандарды таратуында, (VI) желдерді және көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлттарды басқаруында (7) әлбетте ойлаған елге БЕЛГІЛЕР бар» (2-164)  Жерді алты күнде жараттым деп ескерткен Алла тағала. Және жалпы әлемнің жеті күннен, жарық қуаттық жүйеден тұратынын да білдіреді. «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген дана қазақ бір ғана нақылмен барлық жаратылыстың сырын түсіндіре білген. «Құранның алдынан да артынан да бос сөз келмейді» деген үкіммен құранның алдында да кітаптары болғанын және артынан да кітаптардың келіп, оны меңгерген, меңгеруге тиісті елшілердің болуы да заңдылық және жалпы әлемге де ақпараттық тұрғыда құранның кітабы түрлі хикметті белгілермен оқылатын мезгілді; қиямет сағаты, қиямет күні немесе ақырзаман деп атаған. Сондықтан да мұндай замандағы азапты меңгерген жағдайда құтылуға болатын жолды да көрсетпейтін болса құдайдың барлығы да расталмайды да. Құдайдың барлығын, үнсіз тілін адамзаттың үнемі сезіп, біліп, көріп отыруы үшін ерекше түсіретін белгілерін де құранда ескертіп өткен.

      Сонымен адамзатқа берілетін ақыл-оймен анықтау керекті 18 мың белгі бар. Ол белгілер жоғарғы аяттағы алты қозғалыстың, жаратылыстың жағдайымен және үш түрлі сипатта жиілікте беріледі. Ислам ғалымдарының тажал болып мұндай белгілерді анықтауға қарсылық жасап; «Пайғамбардан кейін уахи берілмейді», яғни «Құраннан кейін құдайдан сөз кітабы келмейді, оны оқитын хикметтерін көрсететін білетін елшілер де болмайды, Мұхаммед соңғы пайғамбар ғана емес соңғы елші» деген пәтуамен құранға, Аллаға ортақ қосумен; шариғатты тәңір қылып, исламдық бірлікке шақырудың орнына бөлшектеп, масһабқа шоқынуға мәжбүрлеп, қазақ ел билігі мұндай діннен бас тартуға мәжбүр болып, зиялы атты қауымының дінді зерттеуге, қазақ дәстүрінің тура жолдық белгісін анықтауға да ақылдары жетпей қалғаны да хақ. Сондықтан адамзаттың ақылы неге жетпесе ондай қуаттарды меңгеруден қорқыныштың пайда болуымен керісінше жындық негізделумен ақпараттық тұрғыда жындылық топтарға бөлінумен адамдық қадыр-қасиеттің аманаты ата жолын мазаққа айналдырғандықтан; биыл үшінші жыл қияметтік уақиғалардың мыңдаған белгілердің және үш түрлі сипатарында да (жан, рұқ, материалдық; физикалық, биологиялық, химиялық, метафизикалық) ашық белгілерінің түсіп, арты ақырзаманның уақиғасына да ұласа бастады.

Мұндай ақпараттық, білімдік тұрғыда түрлі қайшылыққа; «экстремистік» пайымдауларға түскен заманда құдайдың ашық белгілері түсіп, өзінің ардақты қылған құлдары; әулие-әмбилері арқылы тылсымнан құранның кітабы оқылып, оны меңгеретін елшілерді де дайындау құбылысы басталады. Аятта; «Мұхаммед; «Әй көктер мен жердің жаратушы, көрнеу, көместі білуші Алла! Қайшылыққа түскен нәрселерде құлдарыңның арасына сен төрелік етесің» де ( (46) Егер біртұтас жер жүзінде болған нәрселер және онымен бірге ондай тағы залымдардікі болса еді, қиямет күнінің қатты азабынан құтылу үшін оны төлеуге берер де еді. Олар, Алла тарапынан еш күтпеген нәрселерді көреді.» (39-47)  Сонымен қазақ елінде әлемдегі ең жоғарғы тұрғыдағы жетістіктер де, ақпараттар да жиналып және әлемдік қайшылықтардың бәрін де меңгергендіктен де алты жанымыз араз, сырттай керемет тату бірлікте болғанмен ішкі өміріміз арпалыста жатқан, өзіміздің ұлттың негізгі құндылығымызды тіл, ділімізді, жанымызды, ата-баба аманатымызды жоғалтып зұлымдыққа түскендердің саны жағынан да бәрінен озып, сонымен бірге ақырзаманды бастап кеткен ел болып табыламыз.

      Мұндай елге Алла тағала алдын ала өзіміздің арамыздан елшілерді тағайындап, болашақ әлемдік ақпараттық, әлеуметтік өзгерістердің де басында болуға ерекше қадір, қасиетін сыйға береді де. Елшіліктің құдайдың тарапынан тағайындалатын және адамзаттың ақыл-ойының жетістігін меңгерумен де дәрежеленетін сипаттары болады. Мұны қазақта текті, аталық, тұлға деп немесе қожа, төре, текті аталық деп атаған. Төрелер — әлеуметтік елдің басқару саласын меңгерумен ерекшеленсе, қожалар — рухани жағын басқаруға қызмет етіп, ал оның негізгі мектебі бұқара халықтың арасынан шыққан текті аталықтар (билер, сәуегейлер, абыздар, әулиелер) болған да еді. Бүгінгі таңда елдің әлеуметтік, тұрмыстық өркениетін қалыптастыруға, елшілік қасиеттің кітабын алып іс басында тұрған Нұрсұлтан мырзаны атауға болады. Ал рухани тұрғыда; Ақ ұл деген дәрежемен иманы жолдас болсын Момбай ұлы Қыдырәлі бастап жол салған еді.

      Осы екі қозғалыстың арасын жалғауға құдайдан берілетін қасиеттіліктерді, дарындылықты меңгеріп елшілікке тұруға тиісті дін ғалымдары, имамдар, зиялы қауым өкілдері мен аққу, сұңқар аталғандар болуы керек болатын. Пайғамбарлық пен елшіліктің айырмашылығы да осындай жағдайлармен байланысты болуы да керек. Пайғамбар белгілі бір берілген міндетті, діндегі  өзгерістердің кітабын оқушы, насихаттаушы болса, ал елшілер іс тұрғысында бұрынғы заман елшілердің ісін жалғаушы және пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруші, яғни түсірілген белгілі бір діннің негізінде ғана барлық кітаптардың, діндердің білімдерін тазартып арасын жалғаушы Алланың түсіріп тұратын үкімдерін жалғасты түрде орындаушысы болуы керек. Яғни ақылдық қуаттарды жетілдіруші, заманға сай білімдердің ескіргенін тастап, жаңадан пайда болғандарын құдайдан берілген уақилармен, кітаптармен ақ қарасын ажыратып, зиянды жағынан тазартып, іске, амалға айналдырушылар болуы керек. Әлеуметтің шаруашылық тұрғысында; ел басшымыз Нұрсұлтан мырза елшіліктің бұл ісін өз дәрежесінде атқарып орындағаны да, әлі де орындай алатынын дәлелдеуде. Бірақ қандайда бір елшілер тұлғалық қалыптасуында жаратылысынан ерекше құпия ілімі бар жанға еге болатын пайғамбар емес, сондықтан зұлымдыққа түсуі, адасуы, ібілістің қақпанына түсуі де хақ. Бұл міндетті сынақ деп білген жөн. Осындай жағдайда қазақ еліне келген екі елшіліктің де сипаттары ібілістің қақпанына түсіп қызметін орындаушыға, ұрпағына айналғаны да сөзсіз. Ақ ұлдың сынаққа түсіп жолдан тосылуына біздер, яғни жәрдемге тұрған аққу, сұңқар, ата жолының сарбаздары себеп болдық және арғы бетке жолдаманы тездетіп алып беруге жәрдем жасадық.

     Ал енді ел басшымызды ібілістің қызметін атқаруға мәжбүр қылған; ел билеуші уәзірлері бектерімен, зиялы қауым мен шығармашылық топ өкілдері, дін ғалымдары, имамдар және өзінің от басы қауымы, ұрпақтары, жұбайлары деп білген жөн. Бұл жерде тұлғалық, кісілік қасиеттің өлшемі мизаны яғни жоғарғы ел басшыдан оның от басылық, рухани тіршілік, ар білімдік дәрежесімен байланысты ғана, қалған бектердің де рухани дәрежесі кітаптарын меңгеруі және халыққа көрсете білген үлгі өнегесімен байланысты болмақ. Бұқара халық мал сияқты (қой, мүмін болып) өз шаруасын күйттеп, ел билеушілердің заңына мүлтіксіз бағынуы да керек. Сонымен бірге шопандар, бақташылар болған зиялы қауым мен шығармашылық топтардың, ғалымдардың рухани жағдайына байланысты мемлекеттің де рухани болмысы қалыптасады. Мұндай іс басындағы топтың азғындап, ібілістің ұрпағына айналуымен байланысты да қияметтік жағдай болып; негізінде азап, жазаның да жоғарғы дәрежесі алдымен жоғары топқа түсуі де хақ.

     Олай болса қазақтың іс басындағы ел билеуші, зиялы, дінші қауым өкілдеріне мәңгілік тозаққа да жолдама беріліп, енді бір елу жылда көбінің мүлде артында із қалмай жоғалуы да басталып кетті деп біліңіз. Біздердің яғни аз ғана ата жолының негізгі қағидасын меңгеруге, сақтап қалуға тырысқан тобымызға келген ақпаратты ата жолы кітаптары тұрғысында он жылдан астам қолымыздан келгенше, білімді қауымның қарсылықтарына, ел билеушілерінің қудалауына да қарамастан мүмкіндігімізше халыққа таныстыруға тырысып келеміз. Соңғы үш жылда елімізге келетін рухани сынақтарды да құдайдың білдірумен шындығын жариялап, ал оның қанша пайызын құдайдың хақиқатымен шынға айналдырғанын халықтың арасынан шыққан көргенділер бағалай жатар. Енді ел биліктің Перғауын басшылдарындай қасарысып, мұндай ашық белгілдерді мойындаудан бас тартып, керісінше пәтуалар шығарып елді дүние байлықпен құтқармақ болушылардың қарсылықтарынан пайда болатын жуық арада еш күтпеген жағдайлардың болған жағдайдағы себебін, құдайдың алдын-ала ескерткенін, уәдесін жариялап отыруды да шештік. Ал енді жуық арада болатын сынақтар мен азаптарды баяндап көрейік…(жалғасы бар. Тамыз айы 20015 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.