I-Жастарға  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 185

 Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал енді, олай болса, кімді алалық?

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Шын іздесек, табармыз шыны ғылым,

Күнде күйлей бермелік бозбалалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

(Шәкәрім әулие)

***   ****

Бүгінде шын қайда рас боларлық,

Білімді заман келді көз ашарлық.

Ақылды мен білімдінің айырмасын,

Кел жастар шынға қарап ажыраталық!

Өзгермейтін шыннан ғылым туар,

Ақылға — қуат, жаныңа — иман қосар.

Масһабтың бар тәпсірін жинап алып,

Әлемде қай ел болды жолды бастар?

Заманға күйлеген ел шаруа бағып,

Өркениет аталды неге дүние байлық?

Әлемдік қозғалысқа қуат қоспай,

Зұлымдыққа түспеген елдер жоқ анық.

Ал енді шын үлгісін кімнен алдық?

Құдайдың өзі –хикметі шын боларлық.

Сын сағаты бүгінде соқты әлемге,

Құдайдың сүйгенінен үлгі аларлық!

(Б.Т.К)

***   ***

Білімді сол кісіден ізденелік!

«Әдейі іздеп біз келдік» делік.

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңнан аяма бізге» делік.

«Көп қуға көзіңді сүзбе» делік!

«Ұқпас деп үміт үзбе» делік!

«Залымдар заң үйретіп адастырды,

Бізді сал жөндерлік ізге» делік!

Тапқан іске таласпай, шын көнелік!

Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!

Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,

Өтірікке өлгенше, шынға өлелік!

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Ақылды әрбір елге жоба беріп,

Сөз ғылымын үйреткен елші келіп.

«Өлілерді риза қылмай тірі байымас»

Деген нақыл даналыққа ізге ерелік.

Аятын; «біле алмассыңдар сезімге еріп»,

Раббымыздың үкіміне ой жіберейік.

Тылсымнан ақыл беріп сөйлететін

Құдайдың сүйген құлын тірі делік.

Тәпсір-заң, өмірдің ісінің бәрі де заң,

Адамзат ішіп-жеу, дүниені қызық қуған.

Сөз түзелмей, ел түзелмес деген Абай,

Нақыл-ақыл болмай ма даналардан?

(Б.Т.К)

****  ***

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.

Тегін білсең-аласың, бос береді,

Тұтасынан ешкім жоқ мұны тапқан.

Құбыласы қулық пен айла баққан,

Олардан алдамшы деп көңілі қайтқан.

Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,

Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.

Алмасақ үміт үзер тағы жастан,

Өлсек те ұмтылалық осы бастан.

Өткізе алмай, еліне қайта көшіп,

Қаламыз асыл түгіл ине алмастан.

Кел, ойлалық, шатылып, шатаспастан,

Оңамыз ба Абайдан бата алмастан?

Асыл алсақ, асылын аямайды,

Келді ғой өз еліне сата алмастан.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Құлына сүйген құдай мирас қылған,

Жинаған қазынасын көкті баққан.

Жаннаттан орын алып шұғылданар,

Жалғанып пайғамбарға шапағаттан.

Ақиретпен ата-бабаң саудаласқан,

Батамен ер көгеріп ақылы асқан.

Асылын Алла жібі деп атаған,

Қатындай болмаңдар деп кейін қайтқан.

Жібіне Абай өрген жалғанайық,

Зияраттап құрбан шалып жақындайық.

Раббымыздан сұрасақ біз тілекті,

Бір тұтас сөз қабылға болар лайық.

(Б.Т.К)

****  ***

………………..  ……..  …

Үлкендерде мінез жоқ таңданарлық,

Олардың қылған ісі ұрлық-қарлық.

Арам ойды ақыл деп ардан күсіп,

Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?

Мынау Абай-бір ғалым жол шығарлық,

Замандасы болмады сөзді ұғарлық.

Амалы жоқ, айналды енді бізге,

Күн туды етегіне жабысарлық.

Пұл асылы табылса, қолға алалық,

Кісі емес ескерусіз бос қаларлық.

Күнде осылай табылмас бізге басшы,

Күн болса кейінгіге қозғаларлық.

Ақыл, білім осындай ар жақтарлық,

Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық!

Үзіп-жұлып ұятсыз атанбай-ақ,

Ақылмен жол табалық, ел бастарлық!

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Үлкендер жүр жалаңабас арам ойлы,

Бас тазармай, сана болмас таза ойлы.

Дінсіз ақыл, болмай ма ардан қашық,

Дүние ісінен ақиқаттың бөлек жолы.

Ақиреттен ақыл берер дос табалық,

Оңай емес таза ақылға жалғанарлық.

Енді Абайлар еліне кеткен көшіп,

Масһаб емес, дәстүр керек көк бағарлық.

Яссы, Мұхаммед, Інжіл жол аларлық,

Жобасы әрбір жанға кітабы жалғанарлық.

Үлкендерде естілік жоқ мұным анық,

Арқалап жүр есекше білімді ақылға алып.

(Б.Т.К)

****  ****

Мына жұртта мінез жоқ ойланарлық,

Бізге де заман келер сайланарлық.

Елге еріп, есер, бәңгі атанғанша,

Ой табалық жақсы атақ байланарлық!

Ақыл жоқ бұл қазақта ойға ұнарлық,

Өзін-өзі тексеріп, бой сынарлық.

Білім іздеп білуге кесел болар,

Көрсе қызар, көзі ашық бос құмарлық.

Мидағы ой-тамырға жол саларлық,

Жүрекке оймен сынап апаралық!

Ақ жүректің ғадалат қылған ісің

Қабылдауға қызығып қозғалалық!

(Шәкәрім әулие)

****   ***

Қырыққа толмай ақылға толмас жарық,

Адал еңбек, ет ауыртып табыс тауып.

Кезіп жүріп әлемнен білім жинап,

Ақылмен өлшемеген бәңгі  анық.

Өлімнің сатысы бар басты тазартарлық,

Төрт жынды бір қуатқа айналдыралық.

Ғисадай үлгісі бар ағашқа таңылатын,

Маңдайдағы тағдырыңды қайта жазып.

Мінезің, тектілігің дәстүр салтын алып,

Кісілігің әулиелермен нұрына жалғанарлық.

Жерден тесік, көкке саты жалғанатын,

Жұлдыздардан хабармен бой сыналық.

(Б.Т.К)

***  ***

……….  ……….  ………

Хош, енді көп наданның тілін алдық,

Бірімізге біріміз пәле салдық.

Ой да жоқ, ұят та жоқ, күнде аңдысып,

Жүргенмен жағаласып не таба алдық?

Арам ақыл үйрендік айла, амалдық,

Қулық пен өтірікті сайлап алдық.

Ынсап, рахым, ұяттан жүген ұстап,

Өзіміз ең түбінде қайда бардық?

Елірдік, ерегістік, елді жардық,

Байлаусыз пайдасы жоқ іс шығардық.

Бүгін дос, таң атса қас бола қалып,

Бұл еттік, мен болдым деп ат аларлық.

(Шәкәрім әулие)

***   ****

Дәстүрін ата-баба мазаққа алып,

Той жасап ар, ұятты бола қалдық.

Той өткесін салтына азған елдің,

Күйлеген маймылдыққа қайта бардық.

Еліріп өзге ұлтпен қас боларлық,

Көк бөрі, қасқыр, хайуан болған анық.

Орыстан қашып, бұғып тығыларлық,

Арам ақыл үйренуге құмарландық.

Замандық қозғалысқа қуат аларлық,

Адамдық қасиеттерге жалғанарлық.

Атыңды атаң алған тастап қашып,

«Ов», «Евасыз» текті қалай бола қалдық?

Байлаусыз атың бар бұ жалғандық,

Есімі ата-бабаң  қасиет сақтанарлық.

Өлі мен тіріні қосып ат қып мінген,

Надандықпен мәңгүрттік болар анық.

(Б.ТК)

**** ****

………  ………..   ………..

Қой, үйтпелік, өзіміз жарасалық!

Наданмен неге бірге адасалық?!

Жаман айла, жат мінез пайда бермес,

Бойдағы мінімізге қарасалық!

Жаман әдет тастауға ұнасалық!

Мына мінез қалай деп сынасалық!

Тұп-тура бетімізге айтысалық,

Ашуланбай, ақылмен шыдасалық!

Арсыз, арам айланы тастасалық!

Адал іске талаппен бастасалық!

Не де болса білімді ізденелік!

Надандықпен біржола қастасалық.

Жалған айтып, біреуге жалынбалық!

Біз, сірә, үлкендердей қағынбалық!

Наданға өлсек-тағы бағынбалық!

Өтірік, өсекке еріп сабылмалық!

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Жете, сана екі күн -ақыл анық,

Тектілігің алған бабаң жоба танып

Бес күн жалған, Масһабтан биік еді,

Тарихат, мағрипаттан хабар алып.

Ел билік, зиялы қауым наданданып,

Заң шығарды екі күнді тартып алып.

Болашақ сендердікі арттағы жас,

Ермеңдер ой жоруға қағынбалық!

Раббыңнан сөз тоқтамас тағдыр жазып,

Масһабшы дінші, ғалымдар жүрек жабық.

Жолға шық, жеріңді кез, табан ағартып,

Аян-аят, уахи мен Абайыңнан бата алып,

Кел жастар айтысайық аян-кітап алып,

Сұқбат құрып, ғылымға жалғанарлық.

Білімді ақылмен, дәстүрмен тазарталық,

Кең пейілді, ақ жүректі ел боларлық!

Кел, жастар, біз дәстүрмен жол табалық,

Арам айла, кекшілдіктен бас тарталық.

Өшпес өмір, таусылмас байлық тұр өзіңде

Таза білім тегінде қазақ, жалғанарлық!

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *