XV-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 3

Қазақ ұлтының немесе әлемдегі барлық елдердің бүгінгі таңдағы ұлттық тұрғыдағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр атты адамгершілік қағидаларының негіздері біздерге дейінгі өмір сүрген ата-бабаларымыздың дін ұстанымының, шығармашылығының жаратылысты түсіну шамасы мен құдаймен арадағы қарым-қатынастың нәтижесінен туындағаны да хақ. Әрбір заманың ұрпақтары бұрынғы дәурдегі өмір сүрген ата-аналардың рұқының, жанның және тағдыр жазуларының бөлшегі жалғасы екенінде естен шығармаған жөн.

Әрбір жер бетіндегі өсімдік, жан-жануар, құстар болсын белгілі тегін, өмір сүру ерекшелігін сақтау үшін өзіндік ұрықтық бастауы яғни тәңірлік қуаттық жүйесі болып, оған белгілі бір рухани азықтың да беріліуі арқылы өзіндік өмір сүру қабілеті әрекеті қалптасуы хақ. Сол сияқты біздің қазақ болып ұлттық тұрғыда қалыптасуымыз ұлттық тұрғыдағы ерекшелігін қалыптастыра білген бастапқы ата-аналарымыздың иман дәніннен, ұрықтық қасиетінен ажырмаудан ғана бүгілгі келбет, сипатымыз, тектік еркешелігіміз сақталып келе жатқаны да сөзсіз.

Сондықтан да аятта; «…Егер өлгенен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан (1-ші ұрықтық сапа) сонансоң жыныстық тамышыдан (әке екінші ұрықтық сапа), кейін ұйыған қаннан (ана 3-ші сапа) тағы бейнеленге, бейнеленбеген кесек еттерден (4-ші ұрықтық сапа) өздеріңе ТЕКТЕРІҢДІ білдіру үшін жараттық…(22-5) Демек әрбір пенде өліден тірілген ата –аналарымыздың «БІЗДЕР» (жұлдыздар) арқылы жарықтық, кісілік нұрдан; әке шауқатынан; ана қанынан; малдық қуатардан және тегімізді білдіруші ұлттық діліміз, тілдік үнімізді сөз ғылымыз дін ұстанымызды имандылық негіздерді меңгеру арқылы тектік белгіміз қалыптасуы керек Олай болса шараиғатық бес парыз намаз дегенміздің өзі осындай бес түрлі негізді сақтап, жалғануға және оның бірінші иман парыз деп аталуынада да жаратылыстың жүйелік құрлымын қалыптастырумен байланысты екені де хақ.

Олай болса ұлттық тегімізді сақтауға, жоғалтқандарымызды қайта түзетіп меңгеру үшін әуелі тегімізді білдіруші біздерге жалғану имандылқты меңгеру парыз; екінші өмір сүрген ортамыздан еттік, сүйектік азықтарды тазартып алуды меңгеру парыз; үшіншіден аналық қанымыздың тазалығын сақтау парыз; төртіншіден әкелік рұқтық негіздірді меңгеріп сақтау парыз; бесіншіден жер анамыздың қадір қасиетін сақтауға, жер ана рұқымен жалғануды меңгеру парыз; алтыншыдан тегіміздің өлілермен байланысты түп негізге ақирткке мирас кітабымен, тағдырларына бастапқы текке жалғану парыз болмақ.

Ата жолы жазбаларындағы жанның 6-негізгі қуаттық жүйесі мен әлемдік жаратылыстың жаналықтың 6-күн жарықтық сипаты да тектік еркешелікті меңгеумен байланысты екені де хақ. Демек біздердің тегіміз атымыз-қазақ болып мәңгі ел болып қалыптасуға да заманға қарай өз ерекшелігіміздің, қуаттық жүйеміздің жібін үзбей бейімделе алуымызбен, ел билеушілердің ұстанған саясатымен тікелей байланысты болуы да сөзсіз. Бүгінгі тектілік қалыптасуымыздың рухнаи жағдайымыздың кешегі өткен уақиғалармен, ұстанған салтарымызбен байланысты бағалануы да міндетті болмақ. Себебі еліміздегі апатты жағдайлардың, табиғаттағы барлық еркше құбылыстардың жеке-жеке пенделердің басындағы болып жатқан тағдырлық азаптардың немесе бақытылықтың да кешегі өткен жылдардағы осындай 6-қуаттық жүйемен жалғанудың әркетінен ғана туындаған десек жалған емес. Және бүгінгі тектілік сипатымыздың қалай қалыптасқанын бағлау үшін де; 7-8 жыл өткенге қарап қана салыстырып көрейік.

I-Ат аттаттырып сүйек сындырмайық ағайын!

(Топ ішіндегі текетірестерге қазақша көз қарас)

Қазақ халкының қазіргі таңдағы діни ахуалы сырт көзбен қарағанда керемет өркендеу үстінде. Мыңдаған мешіттер ашылып, жастарымызға дейін дінді қадірлеп, мешіттеріміз құлшылық жасаушы халыққа толып, жастардың имамдық қасиетті яғни пайғамбарымыздың ізбасары болуға тырысып, болашақтың жақсылық нышандары пайда бола бастады. Ал енді еліміздің рухани ішкі сырымызға үңілсек, саясатшылар партияға бөлініп алып, бірін бірі баспасөз арқылы жұдырықтап жатса, аз ғана қазақ дін ішіндегі топты тағы бөліп алып, ұжымдар құрып, діни басылымдар арқылы әрбір ұжым бөлімдерге айналып, әркім өз мүдесін танытуға тырысып жатырмыз.

Негізгі басты кейіпкер мешіт дін басылары болып, кейбір топтарды қудалап, кейбірін аластап тек араби нұсқамен діннің өсіп өркендейтінін дәлелдеп бағуда. Бірақ сонда да «Ақ ана» «Ясауи зікіршілері» «Ермек» «Ата жолы» «Нахшбандишілер» т.б «Тақуалық, сопылық жолдамыз» деген бүкіл исламдағы 72 топтың белгілерін қазақ елінен табуға болады. Баспасөз бетінде былай жүрсең, «шерік», оңға бассаң «ортақ», солға бассаң «серік қосу» деп жатады. Оны ұғып жатқан ауыл қазағы аз, кейбірі ата бабам осылай істеген, деп өз көргенін, бірі естігенін, үшінші біреулеріміз; аннан ананы, мынан мынаны істеп, арасында жүгіріп жүрсек, енді біріміз құлағым тыныш болсын, деп мешіт дін танутышыларының айтқанын бұлжытпай орындасақ та, бір нәрсе жетпейтіндей қан сонардан із кескен аңшы кейпіне түсіп, ал басым көпшілік шаруасын күйттеп, қайсың жеңсең менікі дегендей есікті жауып алып, сыртай бақылауға көштік.

Осыдан үш жыл бұрын (2003-2004) дін басылымдарында зікіршілер т.б дін ұжымдары арасында дау дамайлар туып, басылым беттеріндегі «Аруаққа табынуға болмайды» «Зікір деген гипноз» деп айтылған кереғар пікірлерге «Ислам өркениеті», «Жас Алаш», «Жалын» баспаларына мақалалар беріп көрдім, бірақ басылмады, мүмкін ондай шындықты қажет ететін уақыты жетпеді ме әйтеуір білімді, ұлт намысын ойлайтын қауымдармен қабылданбады. Сонан бері үш кітап жазылып, Құран құпия сырларыннан дәлелдер келтіріп, шама шарқымша таратып, көптеген ғұламалар қолына тигенмен, жауап ала алмадым. Талқылаңыздар, қатесі болса көрсетіңдер деп, мақтау сұрап жүрмегенімді де айтылды.

Енді сол жазылған Құран деректерін пайдаланып, газеттер бетінде жалғасты түрде жарияланып жүрген, кейбір мақалаларды үш түрлі сипатқа жатқызып талқылап, оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдім. Оған себеп болған осыдан үш жыл бұрын (2004 жылы) сол мақалаларды жазу уақытында түс көрдім, түсімде Айша анамыз ертең 11-30 да кездесеміз деп ескертті. Сонан Құраннан 11 сүре 30 аятта; «Иман келтіргендерді қудаласам Алладан кім құтқарады?» деген үкімнен кейін ондай зертеулерді басылымға беру райынан қайтып мүлде жауып қойғанмын. Тағы жуық арада шындықты айт деген түс көрдім, мүмкін енді қазақ шындықты ажыратар көзі ашылды деген болу керек, аттарын атамай бір үш түрлі басылымнан, үш мақалаға шолу жасап оқырманға ой тастауды ұйғардым.

«Шалалық па әлде надандық па?» бағасын көпшілік берер деген үміттемін. «Мұсылман қорғаны» басылымы: (Мамыр, 2007 жыл и-09 (59) ) Мақала аты; «Ата жолы «Орда» деп адасушылар» Кейбір сөйлемдерді ғана бөліп алып Құраннан дәлелдер келтіріп отырамын, мұқият болыңыз, жақша ішінде негізгі дұрыс түсінік белгісі көрсетіледі;«Міне осы «Ата жолы» деп ұрандаушылар шариғатқа сай әрекет ете ме, етпей ме көпшілік оны ажыратып жатқан жоқ. Ислам діні бойынша тек қана Аллаһтың (Сандық мәні бойынша Аллаһ сөзі қазақша шүкір мағынасын беріп- шүкірдің ) бұйрығы бойынша шариғат жолы (Құранда шариғаты жол қылып алмаңдар-деген ескерту бар. Шариғат жол емес, әр ұлтың тілдік ерекшелігіне байланысты елщілер арқылы берілген жоба іс әрекет.) ғана бар. Өзге жолдың (Негізінде жеті ғана жол бар) бәрі адасушылық пен Аллаһқа (шүкірге)басқа біреуге сыйынса, табынса, (Һұд сүресі 109 аят, ата анасына табынып жаратушыға сыйыну керек екендігі ескертілген.) кешірілмес күнә болады.»

Бұндай тіл ғылымына және Құран аяттарына қайшы қателіктер және одағай сөздер екінің бірі жіберетін дін басылымдарына тән әдетті қалыпты жағдайға айналып, құлағымыздың үйренгендігі соншалықты оған енді мән бермесекте болады. «Аллаһ тағала ( Тағала-шүкір, шүкірге шүкір) Құранда: «Алаһтың кешірілмес күнәсі-өзіне басқа бірдеңені(?) теңестіріп Тәңір тұту. Одан басқа күнәларды егер қаласа кешіреді. Демек кімде кім Аллаһқа әлденені теңестіреді екен –ол зор күнәкәр» (Ниса сүресі 48-аят)» Мақала қаламгері аятты толық келтірген екен, оғанда шүкір, себебі көп дін танытушылар бір аяттың ортасынан керекті сөзді ойып алады да жаратушы атынан үкім береді. Енді осы аятты Халифа Алтай атамыздың Құран аудармасымен салыстырып көрсек: «Алла (Т) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды, (Жарылқау- жасаған оқыған намазды қабыл ету.) Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды.» (Ниса сүресі 48-аят)

Енді қай аятты қалау оқырманның өзіне мен соңғысына кәміл сенемін, себебі аянмен көрсеткен, түркі халқына және қазаққа түсінікті бес қана аударма болу керек ақырғы заманға дейін. Сағди, Хафиз, Халифа Алтай және екі аударма болашақ ұрпақтар еншісінде. Бұндай әркімнің өзінше жаратушымыздың асыл сөзін ерекше оңайлатып одағайлап (лексика, фонетика заңдылығын бұзу) түсіндіру әдеті қазіргі таңда бүкіл дін танытушыларға тән ортақ белгі. Енді аят мағынасын дұрыс немесе теріс түсініп, үгіт беру Аллаға ортақ қосу (Аллаға жала жабу) болып, ондай пенденің құлшылық намаздары қабыл болмайда, жарылқанбайды (тілегі қабыл болмайды) деп ескертілген. Бұл мақаланы таңдап алу себебім қалам иесі имандардан жоғары дін ғалымдарынан сәл төмен нағыз ортасы болып саналады да, қалған бейне таспа немесе қазақ дәстүрлі дініне қарсы шығып жазып жатқандардың ілім деңгейі және дәрежесі әлде қайда төмен.

Сондықтан осы аятты қайдан алғанын және бірдеңенің әлденесін (аты, жөнін) өзіңіз іздеп көріңіз. «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білу мүмкін емес.» Пайғамбарымыз; «Болашақта менің үмметтерім арасында қызылды жасылды дүние көбейіп адасады, ғалымдардың беделі түседі, себебі құранды екінің бірі өзі оқып түсіндіретіндер көбейеді» деп ескерткен. Әрбір дін басылымдарында Құран аяттарын бұрмалап түсіндірген және аят ортасынан сөйлемді ойып алып, Құранды ғылымсыз, есепсіз аудармалап, өз ой жорамалымен түсіндіру қазақтың мақтанышына айналып келе жатқан жоқ па екен? Осындай жалған тіл ғылымына қайшы мақалалар әдетке айналғаны сонша, енді сондай қаламгерлер одағай сөздермен шалағай кітаптар да жазып жатыр. Бұл мақала қаламгердің де қозғаған мәселесі зираттау туралы тыйымдарға арналыпты. «Қабірді ұстауға айналуға болмайды» деп түсіндіреді.

Қазақта жаңа жерленген топырағы кеппеген адам баласы жерленген орынды қа-бір-деп атайды. 50 жылға дейін мола, (ал-ом, ар-ома-иіс) сосын бейіт (тыныштық, немесе қонақ үй түріндегі жаннатта) одан кейінгі ұмтыла бастаған уақытта қорым (тәбәрік орны) деп атаған. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан (ортақ ас)» деген мақал жалпы әулетпен өлі, тірі арасындағы байланысқа айтылған. Ал ерекше әулие атанған қасиетті кісілер басына мазар тұрғызған. Сондықтан нені ұстап ұстамауды әлі кезге дейін қазақ баласы ұмыта қойған жоқ. Қолдан иіс, сөз, дыбыс, үн сәуле болып шығатыны қазаққа ертеректен мәлім болған.

Әлемде алты үн (к-үн) болып адам баласына берілген бір үнмен сөзге айналып тілді қалыптастыру діл болып, белгісі алақаннан шығып тұрады иіс болып. Алақанның жылуы дейміз ғылымда. Немесе пенде баласында ішкі жеті желдің тоғысы; алақанда, табанда кездеседі. Ал мазарлар Алланың киелі белгілері болып, пенде баласының сасық иіс шығатын қолынан таза, одан Алла тағаланы әлсірету мүлде мүмкін емес, қайта үнің жер ана арқылы көке көрінеді, ішкі сырың естіледі. Пайғамбарымызда солай істеген хадис бар. Ал қабірді құшақтап жылауға, моланы айналуға оған қарай жүгіруге түнеуге тыйым салынған. Ескі қорымға кезінде паналаған, түнеген, басында тамақтанған. Сондықтан аятта; «Құлшылық орындарынан зейнеттеріңді алыңдар, ішіңдер жеңдер ысырап қылмаңдар.» деп ескерткен.

Құлшылық орындарына жататындар; Алла тағаланың естелік ретінде қалдырған жер бетіндегі қиратылған құрлыс және ерекше жаратылған тау тас, ағаштар мен өмірден ғұлама болып Алланың досына айналған қасиетті жандар зираттары мен мешіт, шіркеу, Қағба және пенденің өз баспанасы болып табылады. Зейнеттің де сызықтық, сандық шамасы бар екенін білер ме екен дін танытушылар? Оның бір белгісі жерден, бірі судан, көктен, мешіттерден, шіркеулерден және зираттардан бөлінеді екен. Ал егер білсек неге жасырамыз? Пайғамбарымыз «Алла тағалаға құлшылық ет! Аллаға ешкімді теңгерме! Аллаға шын жүрегіммен дәл көз алдыңда тұрғандай жалбарын. Өзіңді өлік (аруақпын) деп есепте! Ағаштарды тауларды көргенде Құдайдың құдіреттілігін есіңе ал. Егер жамандықты жасырын жасасаң, жақсылықты да жасырын жаса. Егер жамандықты көзге көрсетіп жасаған болсаң, жақсылығыңды да жұртқа жария ете аласың.» (130-өсиет)

Өзіңнің өлетініңді білу үшін, әуелі ата анаңа және солардың да басын иген Алланың досы әулиелердің де өлетініне бірақ тірі екендігіне көз жеткіз. О Құдай бар екендігіне сендім!- деп, белгіңді қалдырып ақтық байла! Көрмеген білмеген нәрсені қалай еске аласың? Әуелі естіп біл, жүріп бар, табаның тисін киелі жерге, сосын ұстап көр, сипап көр, суы болса ішіп дәмін көр, сонан соң Бір Аллаға құран бағыштап ата бабаңа, жалбарынып сұра көпшілік те естісін, не сұрап жүргеніңді! Тек қылмыскерлер ғана үнемі жасырынып халықтан тығылып жалбарынады. Енді екінші мешітке де, ешқандай топқа да жоқ тілші атты газетшілер арасынан, осындай дінші мен пәншілер мұңын жоқтаушылар арасынан жазылған бір мақалаға тоқталайық.

Бұл мақаланы таңдап алу себебім, ол тілші өзімнің жерлесім және оқиға сол менің алты жыл зертеп, (2000 жылдан бастап) салыстырып тәжірибе жинап жүрген таныс ортаға байланысты. «Егемен Қазақстан» № 293 (24866) 15 қырқүйек. Мақала тақырыбы; «Орда тобының тірлігі» ой көзімен қарауды қажет етеді. Енді бұл мақалада Құран аяттарынан дәлелдер, немесе басқа тәпсірлерден, болмаса ғылыми негіздеулер болмағандықтан тек сөздердің астарына үңіліп көрейік. 1. «Бір қарағанда дұрыс сияқты.» «Қаржы пирамидасына ұқсайды» 2. «Алматының түбінде түйнек алған сияқты.» 3. «Жақында діни бірлестіктің жұмысын тексеріп, талдау жасап көрген Қызылорда обылыстық прокуратурасы» 5. «Сол адамдардың арбауына түсіп қалған бейбақтар» 6. «Діни шындығын өздерінің әрекетімен бүркемелеген осындайлардың шылауында жүр» 7. «Біздің бір танысымыз сол ордалықтардың «Шырақ жағу» деп аталатын алқалы жиынына қатысып қайтыпты…» 8. «Осыдан кейін-ақ әліпті таяқ деп білмейтін бұл дүмшелердің өресінің қай дәрежеде қай деңгейде жатқанын біле беруге болады»

Осындай сырт көзге қарағанда халықтың мұңын жоқтаған сияқты, керемет дәлелдер келтірген, заңға сүйенген шындықты оймен ғана іздеген пендеге ата баба дәстүрінен түңілдіріп, араби немесе Иса масих атанып кетуге жолдама алуға болады. Енді мақаланың тақырыбынан бастап Құраннан жауап келтірсек; «Олардың көбі ой жоруға ғана ілеседі. Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші.» (Юныс-36) «(Мұхаммет) ойын, тәңір жасап алғанды (өз ойының құлы, білгіштік) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? (пайғамбардан шапағат болмайды) Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? (Түс көре алмайды, дінді түсінбейді.) Олар мүлде хайуандар сияқты. (Тек ішіп жем тіршілік, дүние табу арқылы ғана пайымдайды .) Бәлкім олар жолдан тым адасқан. (Дәстүрлік дінінен айрылған.) (Фұрқан 43, 44) …(жалғасы бар 2007 Қазан)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.