III-Көріпкелдер расында «көріп келе ме»?                       (Қазақ елінің муфтият ғалымдарының пікіріне жауап)

Бөлім: Құранды зертеу тәсілдері 57

    Қазіргі таңдағы қазақ дін муфтиятының дін істерінің және барлық дін топтары мен ел билеуші, білімді қауым өкілдерінің ата жолы дәстүрімен, тылсымен жалғанып, әулие аруақтарынан бата алып; әркімнің өзін-өзі түзеуге, жамандықтан тиылып, жақсылықты көбейтіп алуға, деген ықласпен; Алла жолына мал жұмсап, артық хайыр жасаумен, нәпсімен соғыс ашуын, заң жүзінде тиым салып, әлі кезге дейін қудалаудан неге жалықпайды деген сауал бар, бұқара халық арасында. Негізінде бұл сауалдың жауабы; біздердің бір ұлтты, бір тілді егемен ел болдық дегенмен, шындығында сөз ұғымдарын, құран насихатын, ата-бабаларымыздан мирас аманаттарды меңгеріп, түсіну қабілетіміздің әр түрлі болып, бір текті ойлау қасиетіміздің ұлттық тұрғыдағы нанымның қалыптаспағанынан, деп білген жөн.

«Сөз өсиет өліден тіріге» деген қазақ даналығында. Әлемді сөзден бастап жаратқан, деп түсінідіреді інжілде. Олай болса, адамзаттың да сөзден жаратылып, әрбір ұлттың өзіне тән сөздік жаратылыс негізі болуы да хақ. Құранға жүгінсек; «Егер өлгенен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттерден өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық…» (22-5) Ата-аналарымыздың сөйлеген сөзі, білімі, істері рұққа, аруаққа айналып, өлгеннен кейін қайта нәсілдік тұрғыда тірілудің, бөбек болып ана жатырында өмірге келудің сырын, осы аятты мұқият түсініп, оқуға тырысқан пендеге айқын болары да сөзсіз.

Сонымен біздің ана жатырында бөбек болып пайда болумыздың сипаты; 1. Ақ топырақтан (жер жынысының қасиеттерінің өрісінен); 2. Өсімдіктен, 3. Хайуаннан (жануарлық, малдық сипатымыз); 3. Жәндіктерден (сезім қуаты); 4. Құстық сипат қуаттардан; 6. Адамдық нәсәлдерден, тектілік негіздерінен жаратылады. Бұл құпия сырды ұрпақтың пайда болуын, қазақ нақылынан; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген астарлы ұғымнан ұғынуға болады. Ал ақылдың осындай тектік жүйеден пайда болып, сөздің біртұтас жүйесі өліден тіріге айналу, түрленудің сипаты болуыда хақ. Сонымен; «…өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық.»  деген ұғымға келсек әрбір пендеде 7-жандық белгі, аманат, аруақтық жалғану болып және көру, есту ойлау сипатты тектілікті бүкіл адамзатқа ортақ жүйе «Мен» болып, әрбір пенденің Алла тағаламен байланыс жібі болып; аңғарымпаздық, көріпкелдік, болжампаздық, еріктілік тектілігі елшісі «Мұхаммед-сүйіспеншілік, махаббаты» болмақ.

Сондықтанда аятта; «..Расында мен, бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,-де.» (10-16) деген ескертумен, біздің ақиретпен тұрақты байланысымыз наным-сенім, түсіну қабілетіміздің біртұтас Алланың жібі-жаны, көркем  сөзбен өрілгеніне дәлел болады. Дін ғалымдарының, ежелгі заман ғұламаларының қателесуіне де осы аяттың себеп болып, Мұхаммед пайғамбарымыз арап ұлтынан және рұқы-Меннің тегі біздің ішімізде өмір бойы болғандықтан, барлық сөз араптан шығып, құранды тікелей оқып түсініп, жаттап алу керек, деген пайымдаумен, қандайда құпия ұғымды зертеуде арап сөзінің түпкі ұғымына жүгіну керек, деген сияқты нанымның қалыптасуына да себеп болғаны хақ.

Бірақ Алла тағала; «Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл, екі ерін?(9) Оған екі жол көрсетпедік пе?..» (90-10) Бұл сүренің; Бәләд-өспірім, өрімдеу (арқау), уыздай болып аударылып, яғни сөз қуатымен, өсиет, насихат, аманаттарды, қасиет, тектіліктің  меңгерудің сырын насихатап; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтан түйіні бар» деген  қазақ даналығында.   Ал; «Екі көз» -жүрек көзі ұждандылық пен маңдайдағы үшінші көздің, тағдырдың бел сүегі сегіз көзбен, арқа қуатымен жалғанып, бір тіл-ана тілі, діліне және екі ерін болып; бой өрісі мен жүрекпен ойлау қабілетімен байланысты ақылдың еркі болып қалыптасатын да естен шығармаған жөн.  Сонымен еркін, ерікті ақыл, және жүректің ойлана білу қасиетінің; 2-көз+2-ерін+бір тіл бес қуаттың нәсілдердің жүйесіне жалғанумен, исламдық бес парыз құлшылықтың пайда болуымен (3-тек) Х (5-қуаттылық) =15 санды адамзаттың көңіл қуатының, ұждандылықтың, болашақты тағдырын аянмен көре білу қасиеті, тектілігі пайда болады.

Шәкәрім атамыз, жоғарыдағы аяттағы «екі жолды» меңгеруді; «Бір ханың кеудесіне жара шыққан…-бұл жараның емі бөлек, Табылса, алғызыңыз құнын төлеп. Маңдайында қаз-қатар үш меңі бар Он бестегі баланың өті керек...Ардақтаған ата-анам малға сатты, Қазы бұзды ұялмай шариғатты. Хан мені өз жэаны үшін құрбан қылды, Енді кімге айтайын мұң мен дәтті? Үшеуі де аямай оқпен атты, Маған да емес пе екен жаным тәтті? «Адамда әділет пен мейрім бар» деп, Естілер мұны білмей неге шатты? Мұнан қандай гүл тердік, оқығандар, Құр жазуға қарма, сырын аңғар. Бірі өлтір деп баласын малға сатып, Бірі өлімге шыдаған неткен жандар?» Сонымен әрбір пенденің өмірге бала болып келуі; өлілер өсиетінің, сөзінің аруағының тірілумен, ата текпен байланысты болып, әрбір қазақтың  «ана тілі, ата сөзі» деген тектік баласын өсіру оны малға, дүниеге, атақ дәрежеге, жанға да сатуға болмайтыны да; «Малым жанымның жаным арымның садақасы» деген. Ал,  Ар- дегенміз ана тілі, ата сөзін, өлілер өсиетін сақтаумен қалыптасуы да хақ.

Бірақ бүгінгі таңда, қазақ елінде осындай тектік баласын дүние қызығына, байлығына айырбастап, сатып, күн көруді ойлаушы ел басымыздан бастап, барлық  ел билеуші, дінші, зиялы, білімді қауым өкілдерінің әдетіне айналып алудан, ұлттық нанымныңда жоғалуына себеп болды. Өлілердің өсиетін тыңдамаудан, шошқа сияқты өз баласын жейтін арамдықтан артық нанымға деген қастандық болмайтынын аятта; «Егер оларға періштелерді түсірсекте және оларға өлілер сөйлесе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Енді Алла тағаламыз біздерге періштелерді жіберіп өзінің сөзін, үкім аяттарын оқып, және алдымызға, ой бақшамызға барлық ақпараттарды жинап, бізге оны жүрек көзімізбен, ұжданымызбен көріп, Менімізбен білуіміз керегін, және өлілерді де артымыздағы аруағымыз арқылы сөйлестіреді екен. Ал, ислам дінінін меңгергендердің; «Бірақ олардың көбі білмейді.» деп неге ескерткен?

Осындай тылсымының сырын меңгеріп, Алла тағаланың періштелерінің хабарын біздерге жеткізуге тиісті, пайғамбарымыздың елшілік амалдарын (пайғамбарлық емес) сүнетін жалғастырушы, дін имандары, ғалымдарының, және өліктермен қалай сөйлесуге болатын қасиетілікті де меңгеру жолын түсіндіріп, жол көрсетуге тиісті дін имамдары, теолог ғалымдар болуы керек еді. Керісінше ата жолы болып құдайдың қазаққа түскен мұндай нығмет, рахметін қудлап жанумен айналысудыңда мсебебі жындылықпен, ақылдың жетілмей азуынан; «Елді жалған молда, залы ғалым бұзады» деген күннің де туғаны растық.

Сонымен  ислам газетіндегі мақалаға қайта тоқталсақ: «Барлық көріпкел, балгерлердің жындармен қатысы бар ма, жоқ па, ол өз алдына жеке мәселе. Алайда, көріпкелдік пен балгерлік исламға қайшы болғандықтан әрі пайғамбармыз (с.ғ.с) оған нақты тиым салғандықтан, мәселге шайтаның араласатыны күмән тудырмайды. Сондықтан көріпкелдік жасаушы өзін де, өзіне имандай сенушіні де иман тұрғысынан қауіпке итермелеп отырғаны мәлім..»

Негізінде «аруақ қолда» деген қауымының; «жындармен қатысы бар ма, жоқ па, ол өз алдына жеке мәселе» туралы, ата жолы жазбаларында жындармен, жындылық туралы жан, рұқ, рух, рұх, ұрық, нәсіл, мал қуаты сипаттарын тылсымнан аруақтардың көрсетіп, оқытуымен жазылып жатыр, құпия білімі жазыла да береді. Енді дін ғалымдарының; «Сондықтан көріпкелдік жасаушы өзін де, өзіне имандай сенушіні де иман тұрғысынан қауіпке итермелеп отырғаны мәлім…» деген пәтуасын құран аяттарымен пайғамбарымыздың өсиеттері арқылы тексеріп көрсек. Көріпкелдік туралы аятта; «Әй мүміндер! Бұзық (жынды) біреу хабар келтірсе (түс көру, көріпкелдік) оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер,» (49-6) деген үкіммен көріпкелдік хабар келтірушінің мүмін әлде жынды екенінің маңызды болуын ескертеді Алла тағала да.

Ал енді аятта; «…Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп (аян қылып бейнелеп) оны жүректеріңе зейнетеді. Сондай –ақ сендерге қарсылықты, бұзақылықты (жындылық, шайтандықты) және бас тартуды жек көрсетті (аянмен білдірді). Міне солар тура жолдағылар.(7) Бұл Алладан кеңшілік, және нығмет. Алла толық білуші, хикмет иесі.» (49-8) Олай болса, Алланың өзі әрбір мүміндіке жеткен пендесіне аян, уақи (уахи емес) арқылы жақсы жаманды айыруды үйретеді, хикметіне жолықтырады екен.

Әрине бұл ашық аятқа да қарсылық білдіріп Мұхаммед пайғамбардан кейін уақи тоқтаған дейтін діншілерде жеткілікті. Ал аятқа жүгінсек; «Мұхаммед оларға: Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді» де» (21-45) Бұл аят бойынша енді қиямет –қайымға дейін барлық әлемнің тұрғындарына, жанға құпия білім болған, иманды жүрекке зейнеттеп, ақиретік көмес құпия хабарларды Мұхаммед пайғамбарымыздың уахиымен, шапағатшылығынан ғана келетінін ескертеді. Сондықтан пайғамбарымызды әлемге рахмет түрінде жібердім, деп ескерткен. Ал пайғамбарымыздың рахметіне жалғануға бес мезгіл намаз оқып, екі иықтағы періштемізге, лағфуз-мағфуздфық кітапқа, аруағымызға, жаратушымыздың бекітіп қойған елшілігіне «ассалаумағалейкум рахметулла» деп сәлем береміз.

Жалпы көріпкелдіктің жоғарғы дәрежесі болып, және көместің кілтін алумен байланысты болуын аятта; «Көктер мен жердің (қазыналарының, кітаптардың) кілті Оған тән. Кімді қаласа, несібесін кеңітеді де шамалайды. Өйткені Ол әр нәрсені толық білуші.(12)…Мұхаммед Алла Нұхқа нұсқау берген нәрселерді (аян,түстерді) Және саған уахи еткенімізді сондай-ақ Ыбрайым, Мұса және Ғисаға нұсқау берген нәрселерімізді (емшілік, көріпкелдік, түрлі дарындылықтарды) сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер Сенің шақырған нәрсең мүшкіріктерге ауыр тиеді. Алла оған (діндердің бірлігін қалыптастыруға) кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе тура жолға салады.» (42-13)

   Алла тағала біздерге тек қана бес парызбен, масһабпен ғана жүріп, дін жолы қылып алыңдар, деп бұйырып тұрған жоқ, жер көктің қазыналарның кілтін алған Нұқ, Ыбырайым, Ғиса пайғамбарлар ісін Мұхаммед пайғамбарымыздың сүнеттері намаз орындаулары арқылы бірлеп, тұтас жол қылыңдар, ал оған «араларыңнан қалаған кісіні сайлаймын елшілікке» деп ашық ескертеді. Сонымен тақуалықтың, әулиеліктің қасиетіне жалғанып, елшілікке сайланған адам баласын құдайдың құпия білімін көруге, пайғамбарымыздан уақимен ақыл-кеңес алуға ұлықсаты болмайды деп қалай айта аламыз?

Енді Ғиса пайғмбарымыздың ғибратты елшілік үлгісін меңгеруді аятта; «…Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. Және Алланың бұрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазамын, өлікті тірілтемін әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды хабар беремін (көріпкелдік жасаймын). Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар» (3-49) олай болса бұл аяттағы үлгілер біздің имандылық сипатымызға дәлел болуы керек болса, онда бұл аяттарды ашық терістеп; Алайда, көріпкелдік пен балгерлік исламға қайшы болғандықтан әрі пайғамбармыз (с.ғ.с) оған нақты тиым салғандықтан, мәселге шайтаның араласатыны күмән тудырмайды. Сондықтан көріпкелдік жасаушы өзін де, өзіне имандай сенушіні де иман тұрғысынан қауіпке итермелеп отырғаны мәлім..» деген пәтуаны ашық жариялауға қазақ билігінің жол ашып қойғанына, әділдік, мейрімділіктен жұрдай болып,  Аллаға бұйрықтарына жала қойғандар кімдер болуы керек?

Бұл жағдайда, жалғыз ел басшымыздың ғана емес, бүкіл қоғамдағы ел билеуші, шенділердің, ғалымдардың кеудесіне жара шығып, ұжданнан жұрдай болып, ұлттың діл баласын, тегін малға сатып жатқанына дәлел емес пе? Қарапайым мал баққан аталарымыздың жын, жан, рұқ сипаттарын ақыл тұрғысында терең түсініп, меңгерген біліміне ашық қарсылық жасап, жастардың, бүкіл ел тұрғындарының ақылын қазыққа байлап, өздерін құтқарушы құдайдың үкімін жеткізуші  елші, ел тағдырын түзеуші көріпкел, әулие болып алуларына да не себеп болды, деп сұраңыз. Олардың өздерінің жан мен рұқтық, малдық, жындық қуаттарының қазақ даналығының, ендігі өлілер өсиетінің, аманаттарының аяқ асты қылып, қарсылыққа түскен; шындығынан, жалғаны көп, тәпсір білімін құдайдан келген жол-жоба қылып, ібілістің ұрпақтарына айналып алуларымен байланысты десек, жалған емес.

Еліміздегі дінші, ғалымдардың; жанның сезімдік қуатқа, шайтандық сипатқа байланысты қалай пайда болуымен, қалай өсіп өнуін білмегенін былай қойғанда,  өздерінде жын қуатының, әсершіл, қаракетті нәпсінің  жоғына пәтуа беретіні де хақ. Егер дінші масһабшы ғалымдар пәтуасымен, адамзат жын қуаты болмаса, онда көру есту, ойлау, сөйлеу және жын-ыстық қалай құштарлығы да, сонымен бірге көбейіп, өсіп-өнуіде, күш-қайраты да болмайды. Адамзаттың ақылы азса жануарға, хайуанға яғни адам бейнесіндегі шайтаннан болған жынға айналады. Ал жанына иман нұрын, құпия білім аяттарын жүктеп, жаны арқылы жүрекпен басқарғанда, ішкі дүниесінің жарығы, боймен бейнеленіп, онда жыннан, шайтаннан болған көлеңкелері де түнектен, жарыққа айналып және иман жолдастары болып бейнеленеді.

Пайғамбарымыздың серіктері сахабалардың елші болып аталып, имандары жетілген кәміл болуымен аятта; «…Бұлар (мұсылмандар) оларға (христян, тәуратықтарға, зәбурліктерге)  бергеніміздің онан біріне жеткен жоқ. Сонда да олар елшілерімді (жарық жұлдыз күзетші-аруақ көздерді)  жоққа шығарды. Міне соққым қалай екен. (45) Мұхаммед оларға (мұсылмандарға) «Шын мәнінде сендерге үгіт беремін; Алла үшін екі –екіден, бір-бірден тұрыңдар (көлеңкелеріңді өсіріп көбейтіңдер) сосын ойланыңдар. Жолдастарыңда (көлеңке серік аруақтарыңда) бір жындылық жоқ. Ол, сендер үшін келетін қатты азапты алдын ала ескертуші ғана» де.» (34-46)  Олай болса, сыртқы бойымызды, өрісімізді таза ұстап, оған жанымыздың иман жарық сәулесімен бейнеленген; ақыл серіктермізді, иман жолдасын қалыптастыру исламда тақуалықтың жоғарғы дәрежесі болуы шарт. Мұндай жағдайда жанға иман қуатын жүктеу үшін; Нұх, Ыбырайым, Ғиса пайғамбарымыздың елшілік істерінің үлгілерін шамамызға қарай меңгере алуымыз шарт екенін Алла тағаламыз ашық ескертеді.

Енді масһабшылардың қазақ муфтият ғалымдарының келісімімен мақалада; « …Анығында мұсылман адам Алла тағаланың құдіретті шексіздігіне бек иланып, бар ісінде тек Аллаға ғана тәуекел етуі тиіс. Қиындық кездессе сабыр етіп, әр қиындықтан артынан келетін жеңілдігі мен жақсылығын күтуі тиіс. Дұғаларында «Адасулардың түр –түрінен сақтай гөр!» деп тілеп жүруі дұрыс..» (Ислам газетінен) деген пайымдаумен қазіргі қазақ билігінің, ел басшымыздың зиялы атты қауымның дін масһабты заңмен бағып, қорғап халыққа тек осылай мешіттерден ғана намаздарыңды оқып, тып-тыныш, ештемеге араласпай «артты» қысып жүріңдер, деген саясатының дұрыстығын бекітіпті. Және Алла ұғымының бір ерекше жаратылыс болып, адамзаттың тіршілік өмірінен, ішкі Мен әлемінен тыс екеніне куәлік береді. Бұл жағдайдың ұждан атты періштелігінің қалыптастпай, хикметті біліміне жалғана алмай, оған жүректің тазалығы жетпей, көзі ашылмай, маңдай тағдырларының тазарып, маңдай көзінің ашылмай «қақ бастанып», кеуделеріне жара шығып, сөздің мәрісін меңгермей, ұлтымыздың нәсілін, болашақ өмірге келетін бөбек, ұрпақтарын малға сатып жатқандарынына да дәлел болмақ.

Ал, шындығында тағдырдан хабар алып, қиындықтан шығудың исламдық тұрғыдағы көріпкелдіктің сырын аятта Раббымыз; «Қашан оларға; «Алдарыңдағы (болашақта болатын сынақ, азап, өлімнің жайын) және арттарыңдағы (ата баба аруағының тозақтан хабарын) жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мархаметке бөленесіңдер» делінсе;  Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінінен бір белгі (аян, уақи, батамен шақыру) келсе-ақ олар одан жалтарады. (46) Қашан оларға: «Алланың сендерге берген несібесінен (бой қуаты, жарық-қаша) несібесінен тиісті орынға (зияраттарға) жұмсаңдар делінсе, сондай қарсы болғандар: «Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді (ата-баба аруақтарын, жындарын) біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар» деді.» (36-47)

Енді ел билеуші, дін ғалымдары мен қазақ зиялы қауым өкілдерінің басым бөлігінің масһабшы болып, сөздің бәрін араптан алдық, деп табынып кетуіне не себеп, және Алла тағала бұған қандай үкім береді деп сұраңыз.Аятта; «Олар сөзді зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарыса ма?»  (23-69) Әрбір ұлттың өзіне үммет сипаты, ана тілінің негізін салған пайғамбары болып, ал біздердің Қазақ пайғамбар бабамыздан бастап қалыптасқан сөз жібін меңгеру шартты екенін де, осы аяттың үкімі растап тұрғаны да хақ.

Олай болса, қазақ ұғымыныдағы көрікелдіктің; көрегенділік, болжампаздық, сәуегейлік, әулиелік, абыздық, ақ бақсылық, даналық, данышпандық сияқты қасиетілігіне қарай және аталық, төрелік, қожалық деген тектілік сипаттары барын да естен шығармаған жөн. Егер біз тек қана тәпсірлік білімге, өсиеттерге ғана жүгініп, ақылға қуат қылып алатын болсақ, онда оны тек қана жаның бес қуаты болған сезім тұрғысында бағалай аламыз.  Ақыл туралы пайымдауға, енді Әл-Фараби атамызға жүгінсек; «Ақылмен жету жан дүниесіне лайық сипат, сезімге әлденені аңғарудың өзі жеткілікті, ал аңғарымпазға төзімділік қажет. Мұның дәлелі, сезімнің аңғарушы ықпалында кететіні. Бұл құбылыстың мәніне ақылмен жүгінген ғана олардың сезімге бағынатына сәйкес жан дүниесін байыта алады. Ендеше, жан-дүниеміз ішкі құбылыстарға сезімнің көмегімен жетсе, ақылға бағынатын құбылыстарға (көлеңке өнімдеріне, аруақтарға) оларды аңғару арқылы бағындыруда сезімнің аңғарымпаздығын пайдаланады.»

Сезімнің аңғарымпаздығын –ұждан деп яғни жүрек көзінің ашылумен, алдымыздағы сөз-ой бақшасынан бейнеленетін жанның періштелігі деп атаған. Мұны қазақ даналығында, алты жанның, көңіл құсының өсіп жетілуімен байланысты; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп ескерткен. Және әулие атамыз; «Ақылдың парасаттылығы, бұл адамның бүкіл өмірі бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды.» деп ескертіпті. Парасатылық; Болжампаздық, алды –артын ойлау қабілетімен, пайғамбарлар, сахабалар мен әулие-әмилерге, елшілерге тән қасиет болып, жоғарғы деңгейдегі есте сақтау қабілетімен және 70-бұтақты имандық қуатымен байланысты болады.

Пайғамбарымыз; «Мүмінің парасатылығынан сақтаныңдар! Өйткені ол Алланың нұрымен қарайды (көріпкелдігі жоғары болады).» (Термизи 15;3127) Масһабшылардың; «Алайда, көріпкелдік пен балгерлік исламға қайшы болғандықтан әрі пайғамбармыз (с.ғ.с) оған нақты тиым салғандықтан, мәселге шайтаның араласатыны күмән тудырмайды.» пәтуаларының сезімге беріліп, Аллаға ортақ қосып, елшісіне қарсы болып саналатына дәлел келтірсек;  « Бір күні Осман сахабаға кетіп бара жатып жолда бір әйелді көріп қалады. Шын мәнінде де әйелдің сұлу екендігін байқап, жолын жалғастыра береді. Османың қасына келгенде; -Әй Әнес! Көзіңді зинаның ізі тұрса да, осы жерге келе бердің бе?-деп сұрады. Бұл –Алланың елшісі дүниеден озған соң да уахи келіп жатыр ма?-деп сұрады. Сонда Осман: -Жоқ, Бұл парасатылық пен көргендік қана,-деп джауап берді.» (Әнестен)

Әрине мұндай өсиеттерден, жан ғылымынан қанша дәлел келтіргенмен, жындылық топтарға негізделіп алған, қазақ ел билеуші, зиялы қауымымен, дін муфтият өкілдері, өздерінің қисайып алған жағынан қайтуға, ұждан түгіл жетелік ақылы жетілмей қалған, арсыздықтары жібермейтіндері де хақ. Төртеулерін түгелдемек түгіл, алты ауыздары жетілмей, жандары мұрындарының ұшында болып, өздерінің білімінен басқаны түсінбей, атақ, дәрежелерін сақтау барысында қандайда арсыздыққа, қулыққа жүгінуге әзір, шындықтан, оның жарыққа шығып таралуынан өлердей қорқады да мұндай пенделер. «Бұзықтардың (есерсоқ жындылардың) Мұрындарына дақ саламын» деген Раббымыздың уәдесімен, көпшілік іс басындағы азғырушылардың, тамақтарынан ас өтпейтін ауру дертіне де ұшырайтын мезгіл де келеді.  Сонымен тағы бір аятпен,  бұл тақырыпты аяқтап көрсек; « Алла тағала бір адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалғанын уахи етеді.  Күдіксіз Ол (біздер), өте жоғары хикмет иесі.» (42-51)

Демек әрбір пенденің,  ислам дінін, құлшылығын меңгерумен байланысты; барлық діндермен түсірілген пайғамбарлық, елшілік қасиеттерге, хикметті білім кітаптарына (жеті мөр) алды-арты періштелік, кісілік аруақтары арқылы жалғанып ұжданды, парасатты болуға мүмкіндігі барын растап тұрғаны да хақ. Енді мұндай дәрежені меңгере алмаған, бірақ жоғарғы атақты иемденіп, ғалым, теолог, хазірет, ел билеуші болып, ата жолында «аққу, сұңқар» аталғанмен, ата дәстүрімен тақуалықты меңгеріп, жанына иманға жалғану түгіл, жындылықтарында  меңгере алмағандықтан, кеуделеріне жара шығып, шайтан ұя салып, ата-баба аруағына, аманаттарына жалғана алмай, әрине ібілістің ұрпағына еріксіз айналып алып; білімге негізделген шығармашылықпен айналысып кетеді. Және рухани тұрғыда өзінің атақ дәрежесіне сай болуға тырысып, жалған көріпкелдікпен, қара түнектік жындармен байланысып, бүлікшіге айналып алуыда заңдылық деп біліңіздер.

(жалғасы бар Наурыз 2016 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *