Жалпы жер әлемінде қияметтік мезгілдің жүріп жатқаны әрбір есті пендеге күнделікті болып жатқан тосын оқиғалар мен түрлі азап, аурулардың да артып келе жатқанымен де белгілі екені сөзсіз. Әрине мұндай жағдайда қарсылық түнек күштерінің де ықпалы мен білім тұрғысында жасап жатқан, көрсететін кереметтері де артып, халықты құтқарушы болып іс басында отырған ібілістің ұрпақтарының да ойластырып жатқан түрлі шешімдері, заңдары, қарарлары да халықты рухани ұйқысынан оянбауына, ақ пен қараның арасын таба алмай, тіптен өзінің не үшін жаратылғанын да білмеуге мәжбүрлеп жатқаны да жалған емес.
Әрбір пенденің бұндай заманда қоғамға тарихи оқиғаларға баға беріп, өзінің өмірдегі орнын, не үшін, кім үшін өмір сүріп, болашағына керекті қандай рухани дүние байлығын жинап, обал сауабын ажырата білу үшін де өзінің ішкі дүниесін жан, рұқ, иман, сенім қуаттарының жаратылысын (атрибуттарын) түсініп, денсаулығының, ақылының, естілігінің қандай жағдайда жоғалып, қандай жағдайда адамдығы жоғалмай өсіп өркендейтінін де білім тұрғысында меңгеру де шартты. Ол үшін де ата-бабаларымыздың біздерге мирас болған естілік жадына, мирас көместік тұрғыдағы кітаптарына жанымызға ұйқы кезінде аян, уахи болып берілетін құпия білімдерін меңгерудің жолын, амалын, намаздарын да түсініп меңгеруді ақылдылық, ғылымды болу деп атаймыз.
Жалпы әлемде қияметтік мезгілдің белгілері түсіп жатса, ал қазақ елінде ерекше қияметтік сағаттың басталып оның да 4-5 жылын артқа тастаған жайымыз бар. 3 жыл көлемінде Раббымыздан ескерту белгілерін алдын-ала хабарлап отырғанымызбен, қазақ ел билеушілері құдайдың мұндай хабарларына ашық қарсылық жасап, мұнан қазақ елінің қазынасы да, халықтың әлеуметтік, рухани жағдайы да күн санап төмендеп, азғындыққа түсумен болашақта үлкен азаптарға, жаппай халықтың дүрбелеңге түсіп, жол таппай өзара араздық, дау-дамаймен сыртқы күштердің, азғырушылардың құлдығына түсіп, арты бүліншілікке ұшырауға да қауіптің артып келе жатқаны хақ.
Шаруасы дамыған 30 елдің қатарына қосылып «Мәңгілік елге» айналамыз деген ібілістің ұрпақтарының халықтың ақылын, жан дүние байлығын қазыққа байлап, өзін, жанын, ар-ұятын, обал-сауабын, тағдырлық аманаттарын ұмытып, жан, рұқ қуаттарын жоғалтумен, тек қана тәннің жағдайын ойлайтын жындылық тұрғысында білімді ғана болып, адамдықтың шарттарын сақтауды қияли, «фанаттық» әрекет деп түсінумен, халықты оңай заңмен басқаруға қолайлы, хайуандық дәрежеге дейін түсіруге жасап жатқан ел билеушілердің әрекеттерін, елдің «әлеуметтілігі» яғни «рухани жан байлығы, арлығы жеңіл тұрмыс» деген ұғыммен айырбастап алғанымыздың өзі дәлел болады. Сондықтан ділді мүлде жоғалтуға үш тілмен ғылымды-ақылды, данышпан болу, елді билеу саясатынан халықтың дін-амандығы бөлек, жерді тек дүние байлығын көбейту үшін пайдалану керек деген сияқты жолдаулардың, заңдардың тікелей ібілістің ықпалын қалыптастыруға арналғаны да есті пендеге мәлім.
Енді жарты жылдық құдайдың рухани ескерту, сынағының арасында (жарияланған деректердің) болып жатқан, болатын Раббымыздың тарапынан біздерге беріліп жатқан хабарларынан; азап, ескертулерін де халыққа хабарлап отырған да дұрыс болар. Құдайдың хабарларына мән бермей, ашық қарсылық жасап жүрген ел билеуші, ақпараттық іс басындағыларға; 1. Дүбараға жалғану, 7 ысқыру, 8 көзге түсетін сәуленің ажырауы болады. Табанға қаралық (ұйқы кезінде) қонады. Арты қасіретке апарып, жинаған рухани қазыналары ұрланады. 2. Құдайсыздыққа түскен жаппай халыққа қаралық күштер ыбырсиды, елдің ішіне жайылып дінсіз пенделерді тұншықтырады. 3. Көптеген іс басындағы, дін ісіндегі қошқарлармен қоштасу болады. Қошқылдан дәм татады. 4. Орыс, христиан халқына Мариям ана қолдауы түсіп, рухани ояна бастайды. Еліміздегі ата жолынадағы ынталыларға Мариям анамыздың қолдауы болады (аянмен орыс әйелінен хабар, сый алып жатқандар баршылық).
5.Жалпы әлемде және қазақтың да жеті жерінде 7 апаттың белгісі түседі. 6. Тектілігін сақтап, құдайшылығын жоғалтпағандарға қызылға (шындық ғылымға), Ғиса пайғабарымыздың хабарына жалғану басталады. 7. Сонымен бірге шындық қуатының артуымен дүркіременің де күшейіп, елдің ішінде түрлі оқыс жағдайлардың пайда болуымен дүрбелең басталады. 8. Халықтың ішінен, ел билеушілердің арасынан рухани оянып, қарсылықтар басталып, көптеген жазықсыз айыпталғандар ақтала бастайды. 9. Жерорта теңізінен қуат шығып, жер бетіне тарай бастайды. Мұнан халықтың арасынан ата жолын сақтағандарға күш-қуат, шабыт қосылады. Ал арсыздыққа қарсылық қуат болып азапқа түседі. 10. Жалаңаштықты сәнге айналдырғандарға желкелеріне жара шығып, азапқа түседі.
11. Ата жолында үш анадан хабар келіп, Ақ ұлдың аруағының аққу, сұңқарлардың, сарбаздардың ақ қарасын ажырату үкімі жүреді. 12. Жалпы қазақ еліне Арыстан бабамыздың белгісі түсіп (тізеден) өліммен байланысты араға жіб түседі. 19 сандық белгінің, тозақтық өлім қуатының ықпалы еселеп артады. 13. Ата дәстүрін ұстанушы сара жолдағыларға сарғайып, мүритікке жетуге жол ашылады. Дара жолдағыларға (масһаб, тарихат, нахшпанди, зікірші, ахмедия т.б.) дарайып даңғазалыққа салынуға сынақ түседі. 14. 9-шы жұлдыздан хабар, сәуле келіп, жетелілер жетіле бастайды. 15. Ала қарғалар (тарихат, сопылық, т.б. топтар) мен қара қарғалар (масһабшы, шариғатшы, парызшылар) өзара шуласады. 16. Адасқан, ата жолын, дәстүрін терістеп халықты жалған батамен, шариғатты сақтаудан бас тартып, елді тек зияраттатып, надандыққа, арсыздыққа бастаушы аққу сұңқарлар торға түседі. Өздері дерттеніп, ұрпақтарына сынақ түсе бастайды. 17. Домалақ ана мен Бауыржан, Махамбет батыр аталардың аруағы ата дәстүріне қарсылық жасағандарға, арсыздықтарға, ата жолын жалғандыққа бұрмалаушыларға, жалған бата, мөр ашушыларға қарсы сынақ сала бастайды, аруақтар тарапынан соғыс жарияланды. 18. Көктен әскерлер түсіп жаппай халыққа еніп, ақ пен қараның арасына жібі түсіп, ата жолының маңызы да айқын көрінеді, халық рухани ояна бастайды. Ел билеушілердің бүгінгі саясатына ашық қарсылық, наразылық үдейді.
Ел басшымызға айрықша ескерту берілді. Қазақтың рухани азғындауына қарсы заңдар шығарып үш тілді болу, жерді сату, ата жолын секта деп тану деген сияқты шешімдерін 10 айдың ішінде дұрыс жолға қоймаса, құдайдың хабарымен әрекет қылмаса онда қылтамақ аурумен ажал құшады. Қазіргі таңда бұл аурудың белгісі келіп жатқан болар. «Сақтансаң, сақтаймын» деген Құдай да. Келесі жыл ақпан айы шешуші кезең болып ескертілді. Сонымен алдын-ала жариялап ескерткендей, мамыр айында төрт түліктің іріктелуімен енді орыс халқының рухани оянуы белгісін күтіңіздер. Ал маусым айында 47 ерекше белгі түсіп, ел ішінде дүрбелеңнің де басталуымен, ағайындар арасындағы айыптаулар мен ұрыс-керістің жағдайы артады. Енді осы оқиғалардың белгісінен кейін ел билеушілердің шешімдеріне ниеттеріне қарай, жыл аяғына дейінгі қандай рухани сынақтың болатынын да жариялаймыз. (жалғасы бар, Мамыр 2016 жыл)