Иман, Сенім,Саналық  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 58

Иманның дәні тағдыр егілетін,

Жүрекке жатыр-жерде берілетін.

Иманды жақсылық деп атаған,

Адамзаттың өсірмек егіні екен.

Иманың мінезің, сөзің көркем,

Ананың ақ сүтімен болар бекем.

Дәстүрмен иманыңды өсірмекке,

Сеніммен қорғау оны керек екен.

Сенімің сырттан бойың қоршау болған,

Бой ұсынбақ бұл дінменен міндет қылған.

Бой жетті деп етекті, сәукелелі,

Қыздардың тектілігі жарық қорған.

Иманның жүректен көзі ашылса,

Тылсымнан хабар беріп жаның тұрса.

Жақсы мен жамандықтың шегін білген,

Иманды қыз бен ұлдың тегі таза.

Сенімнің білімі бар масһаб деген,

Хадиспен, аяттардан білім түйген.

Иман –ілім, сенімің-білім болып,

Ортасы- танымдық ақыл қасиет еккен.

Бақ қарап, қыдыр дарып, иман өскен,

Иманға сана қуат нұрын берген.

Ойыңның бәйшешектей бақшасы бұл,

Даналыққа бұл бақшадан жеміс терген.

Иманды келтірдім деп бес парызбен,

Масһабшы, дін ғалымдар ойын түйген.

Тағдырмен берілген иманды өсірмекке,

Бұл сөзің жаратқанға уәдең берген.

Иманды ізет,сабыр, жақсылықпен,

Өсірмек ұлттан үлгі дәстүрменен.

Иманның байлығына бақ қараған,

Қадір боп сана қуат дариды екен.

Қадірін жаратушы сыйға берген,

Ясауи, Абай-Шәкәрім ілім білген.

Сан ғылымын түйіндеп ақылменен,

Құранның насихатын ойын түйген.

Санды алмай, сандалған ғалым шықты,

Масһабшы дінші жастар білгіш мықты.

Жан менен рұқтың мәнін білмей,

Сенім мен иманды бір деп ұқты.

Санменен насихатын даналардың,

Талай сөз насихатын тарқатқанмын.

Философ, психологтар түсіне алмас,

Қазақта санасыздар болды ғалым.

(қараша 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *