Кезбелік ырым

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 53

Ат қояр қазақ,

Ырым ғып анық.

Тегінде иттік,

Бұруға салып.

Құтжол деп итті,

Қойғанмын атын

Жүруге танып

Үрмеді ит боп,

Құттығы қалып.

Жолбарыс атап,

Тектігін алып,

Өзгерттім атын

Тектігін мысық,

Ырылын алып.

Тегінде жоқты,

Кім бермек салып?

Ұқсасын онда,

Иттігін алып,

Пенділік атын

«Ов»-тарын алып,

Қоймасам болмас

Үлгісін алып.

Адам боп бірақ

Кетпесі анық.

Ырымым ұқсас

Болса да мейлі,

Дәстүрден алшақ.

Наданның сөзі

Болмаймын дейді

Адамның ұлы

«Ева»-ның қызы

Махаббат, иманға

Болмайтын құлы.

Ескілік текті,

Жынымен кекті

Меңгермек жүкті.

Итіме қойдым,

Болсын деп кекті.

Болған мен қырын,

Атасының ұлы

«Иттерден» жұрын!

(қараша 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *