Іштарлық(73)

Бөлім: Зікір өлеңдер 75

Іштарлық деген сырқат бар,

Ішке еніп үн қатар.

Көре алмайды көп жанды,

Сен артықсың көптен деп шығар.

Міндетсиді ішіңнен,

Табылар әркез сөзіңнен.

Өндірмейді қуатты,

Хабарын айтып періден.

Әлсіретіп иманды,

Шақырып жаман ойларды.

Тақ-тұқ етіп санасып,

Жақтап шығар күнәні.

Істеген жақсы амалды,

Құр кеттіге салады.

Іште отырған бұл пасық,

Адамдықты бұзады.

Бірді-бірге қосады,

Әділдік болып ұраны.

Анау залым, мынау пасық деп,

Өзіңді артық қылмағы.

Дегенін оның тыңдама,

Салмақты ойлап турала.

Адамдық әлде іштарлық,

Ажыратпай сыртқа шығарма.

Кім, деп тұр мұны ішіңнен,

Дерттімісің әлде сен?

Теріңе сыймай ісініп,

Есалаңмен тілдескен.

Сыбырмен іштен айтқанын,

Ақыл, деп ұғып қалмағын.

Бір жақсы ой дейсің бе?

Сөздің білсең салмағын.

Адамдықпен арлықты,

Өлтірмессің адалды.

Іштей шақыр бекініп,

Оят өлі санаңды.

Сұмды иыққа мінгізіп,

Көтеріп жүрме жүк қылып.

Ішке тықпа мойынды,

Жуандатып семіртіп.

Іштарлықтан сараңдық,

Мал етіңді қара ғып.

Құртады ішіңді,

Бақа, шаян, жыландық.

Садақа мен жомарттық,

Арамнан тұрар тазартып.

Өлісін риза қылғанға,

Құраннан шипа болар құт.

Жүктерін тектің аласың,

Жолында ата табасың.

Аруақпен қуат алмасып,

Іштарлық дертті жағасың.

Қасқайып қарсы тұратын,

Мысын басып қиқардың.

Ақылға жықтыр жыныңды,

Кеңісін арқаң қуатың.

Дұрысталып тынысың,

Әлемге кеңір өрісің.

Жаның шығып жарыққа,

Тазарып екі  қол ісің.

 (Шілде 2018 жыл)

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *