IV-Ойға түрткі, ақылға дем Әлеуметтік топ және ібілістің ұрпақтары мен жамағаты туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 125

     Біздер қандай заманда өмір сүріп, білімде жоғары жетістікке жетіп, жер бетінің барлық ісін меңгеріп, жаратылыстың барлық жер бетіндегі нәрселерін түгелдей басқарғанмен жаратушыдан алдын-ала берілген тағдырға тәуелділіктен құтыла алмаймыз. Себебі біз аспан мүліктеріне және екі аралық бізге көрінбейтін жаратылыстың себептеріне біліміміз, өнеріміз, дүние тіршіліктеріндегі барлық жетістіктерімізбен, жоғарғы технологиялық құрылғылармен де үстемдік жасап басқару қабілетіміз жоқ. Ал аспан денелерінің әсерінсіз жер бетінің тіршілігі де болмайды, адамзат өсіп өніп өркендей де алмайтынын наданға да түсіндірудің қажеті жоқ болар. Сондықтанда дінсіз, жаратушының өзінің көмегінсіз, аспан денелерінен келетін нұр, несібе сый және бізге беретін таза ақыл, ой қуатынсыз жанымызды көбейтіп, өсіріп, рұқымызды меңгеріп, мәңгілік өмір сүрудің сырын таба алмаймыз, ал мұндай рухани байлықсыз  тек қана дүние тіршілігімен, жеңіл тұрмыспен бақытты бола алмаймыз.

Олай болса, қандай ғұлама, дана, бай патша немесе қарапайым шаруа, кедей болсақ та, жаратушыдан өлшеп берілген өмір мен өлімнің барын, ол ешқандай заңға, білімге, адамзат ойлап тапқан күштерге бағынбайтын заңдылығы барын мойындамайтын пенде жоқ жер бетінде. Онда ақылы түзу пендеге біздің ел билеушілеріміз «діннен бөлекпіз» деген заңның күшіне шоқынғанмен, түбінде өлетіндері де, өліп жатқандары да, өзінің топтастары гүл қойып, мылтық атып, түрлі ойын-сауықпен, дінге ашық қарсылықпен бір-біріне ерекше құрмет көрсетіп артынан түрлі мақтау айтып жатқанымен, негізінде  ақиретке барып құранға, көркем сөзге, дұғаға мұқтаж болып, азап шегіп жатқандары да хақ.

Демек біз қалайда құдайдың түсірген, бізге берілген жол-жобасымен жүрсек те, жүрмесекте, тағдырымызға берілген нұрын меңгеріп, ризығымызды тауысып, біздерден бұрынғы өткен ата-аналарымыздың әлеуметтілігіне, әлеуметті жағдайдағы аруағына тәуелді болып, бастапқы жаратылған түп негізге, қарсылықсыз жарық нұрына қосылуға мұқтаж болып және тіріде меңгере алмаған әлеуметтік жағдайымызды ақирет өмірінде тозақ, азап арқылы тазарып жалғануға; құдайдың әскері, шеріктері, жындары болып қызмет қылуымыз да хақ. Барлық адам баласы тозақтық болып, онан тек тақуалар, Алланың сүйікті құлдары әлеуметтілер ғана кешіріммен, жеңілдікпен азаптан азат болады деп ескертеді жаратушымыз. Неге десеңіз қандай әулие, тақуа болып өмір сүргенімізбен, біздер тәніміз, нәпсіміз барда күнәдан, қаралықтан яғни шайтандық, жындылықтан толық тазарып, жоғарғы дәрежелі адамдықты меңгеріп, өмірден періште болып өтуіміз мүмкін емес. Олай болса, қазіргі таңда;  ібілістің қақпанынан да азат болдым деген жер бетінде бүгінгі таңда пенде жоқ, ондай дәреже соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Ахметпен бірге тоқтаған. Ал Мұстафалық, Ахметтік тазартушы елшілік ісі біздерге мирас, жалғастыруға аманат болып саналады.

Бірақ мұндай білімді кез келген өздерін ғұлама, текті, ел билеуші, зиялы аталғандар түсініп қабылдай алмайды. Ертегіге санайды да. Неге десеңіз, біздер күнәдан жаратылып, дүние тіршілігінде барлық өнердің, білімнің жетістіктеріне жетіп, тұрмыста барлық жағдайымызды жасап, бақытты қоғам құрамыз дегенмен әлеуметтік тұрғыда өз тегімізге жалғанып, ар-ұяттылық қағидасын қатаң сақтаумен ғана гендерлік бүтіндігімізді сақтап, ақылдың жоғарғы дәрежелерін меңгере алмасақ,  керісінше түнек күштерінің ықпалына түсіп, арсызданып, ескіден ата-бабалардан қалған нақылдарды, мақалдарын, насихаттарын атау сөзді түсінуден қалып, оның орнына ұғымдарын өзгертіп, ібілістің теріс ойына, жалған білімге бой ұрып, атау сөз ұғымыдарына басқа ат қасиет беріп, құранды теріске алып, ілімін де теріс оймен тәпсірлеп, әлемдегі өзімізге ұнаған түрлі жындылық қылықтарды теріс ақылымыздың жеткен шамасына қарай қабылдауға мәжбүрленеміз.

Және  мұндай жындылық тобымызды көбейтуге, артымыздан ертіп алуға өзіміздің білімімізді, қылығымызды  дәріптеумен айналысып, қатігезденіп дүние байлық, ішіп жемнің қызығы үшін бір-бірімізді талап, қанап өлтіруден тайынбайтын жануарлық, хайуандық дәрежеге дейін құлдырауымызда хақ. Өзіміздің мұндай жындылығымызды аңғарудан қалып, бәріміздің ішімізде бір ерекше тектілік сезімі болып; бір ұлтты, халықты тіптен әлемді де құтқаратын, бақытты болудың жолын көрсететін  қасиетіміз ашылып, қалайда ел билеудің, халыққа ақыл айтатын дәрежелі тақтарға жету үшін де  бір-біріміздің қандас, діндес туысқанымыздың қанын төгуге, басын жаруға даяр бола қаламыз. Яғни ішіміздегі тазармаған тегіміз, шайтаннан болған жындардың ықпалымен өмір сүре бастаймыз.

Қазіргі әлемде болып жатқан дағдарыстың жерден шығатын қуат көздерін, ақ бұлағын, адамзаттың мұндай шайтаннан болған жындылыққа, ұятсыз, арсыздыққа негізделген қылықтарының, адамзаттан бөлініп жатқан сасық иісті қуаттары мен көктік несібелерін нәсілдік, жандық ұрпақтық қуаттарын   ысырап қылып, дін тұрғысында тағдырына жанмен берілген аманаттарын орындаудан бас тартып жатқанынан және әлемдік қуаттар жүйесінің теңдігін бұзу мен гендерлік бүтіндігін сақтай алмаудан, жел-ел-әйелдік тектің азуынан, оған ауа-райының өзгерісіне, табиғат апаттардың жиілеуімен байланысты жаратушы тарапынан жауап болып жатқанын әрине надан ғана түсініп мойындай алмайды да. Ал енді мұны әлемнің өзге елдері іс басындағы ел билеушілері, ғалымдары түсініп, оған қарсы амал жасауға әлеуметтік тұрғыда мүмкіндіктері аз екенін, мұндай бақтың қазақтың ғана еншісі болып, әлемде хикметті білім белгісін де алғашқы ел болып алғанымызды, бірақ мұндай ашық хикметті білімнен, Раббымыздың хақиқатынан бас тартып, керісінше қарсы соғыс ашып, қарсылық білімді меңгерумен, ібілістің ең жоғарғы дәрежелі ісін атқарушы ұрпақтары мен жамағаты қазақ елінен табылады десек, мұны зерттеп түсінуге ақылыңыз жете ме?

Мұндай замандық ақпараттық қуаттардың өзгерісі мен ағымына қарай да жаратушыдан түсетін ақылға сын; дін тағдырлық, әлеуметтік жағдайдың оқиғаларын меңгеруге тек қана біліммен жинаған ақылыңыз жетпесе, онда жастайыңыздан тәрбиемен алған ғылымыңыз әлсіз, жандық қуат адамдығыңыздан жындылығыңыз басым және шайтанның азғыруынан да азат емеспін деп түсініп көріңіз. Және өзіңізге үңіліп жын-шайтандық қылығыңыздың немесе білімділігіңіздің жындылықтық қай тобына жататынын аңғаруға тырсыңыз. Сонда ғана жанда қарсылық басталып, түсіңіз түзеліп ақылыңызға таза ой келе бастауы да сөзсіз. Егер мұндай тәубені меңгере алсаңыз; онда ата-анаңыздың меңгерген кітабына ұлттық жол-жобамыздың шапағатшылары әлеуметті топтың аруағына жалғануға мүмкіндік ашылып жетелі, шыншылдар (әлеуметтілігі бар) аталып яғни шындықты сол бетінде қабылдайтындар тобының мүшесі болып ата жолына жалғана аласыз.

Ал, мұндай әлеуметтілік жағдайсыз заманның жылдамдығына сай түрленетін ақпараттық өзгерістерді, құдайлық хикметті білімдерді, белгілердің өзгерісін қоса алып жүретін білген пенде, мұны тек қана білім жүзінде меңгеріп түсініп аламын деген есерсоқтық жындылық екенін де жадына тоқып алған жөн. Әбір ұлттың жол-жобасы, сөз ғылымымен байланысты әлеуметтілік ғылымы болып оның намазын дәстүрі деп атаған жөн. Салтымыз дүние тіршілігімен, тұрмыстық жағдаймен байланысты болса, ал дәстүр –дін өркениеті мен ғылымды меңгеру дәрежесімен байланысты. Дін мен дәстүрдің айырмасы қандай деген сауал да бар халық арасында. Дін-насихат деп ескерткен пайғамбарымыз. Дін  біздің сөз ғылымымен, ана тіліміз бен ақылымыздың шамасымен белгілі мөлшерде сіңіре алуға қажет ақпараттар жүйесі болып саналады. Жаратушыдан түскен дін исламдық тұрғыда тек қана масһабпен шектелмейді. Дін барлық әлемдік тарихи оқиғаларды, адамзаттың барлық замндағы тағдырларын қамтып үнемі заманға қарай құдай ісімен толықтырылып жетілдіріп отыруға тиісті ақыл-ойымызды жетілдіріп отыруға, ғылымға жалғап, жан, рұқ қуаттарын жетілдіріп көбейтіп отыруға қызмет қылуы керек.

Сондықтан соңғы  ислам діні барлық діндердің ақпараттық жүйесін, құлшылықтарын бірлеуші аталып,  барлық әлемдік діндердің басын заманның білім өркениетіне біріктіруші болуы тиіс. Мұндай жағдайда қазақ халқы Ханафи масһабымен сүнниттік ұстаныммен дін ұстанып, қазірде оны дәстүр қылдық деген ашық құранға да, құдайға да, тарихымызға, әлеуметтік тобымызға да жала, Аллаға ортақ қосу болады. Қазақ халқы сахабалар жолын ұстанған, әлемдік барлық діндердің басын біріктіре алған исламның бірлеу қағидасын меңгерген ел болып, мұндай дін ұстанымыздан және тұрмыстық, шаруашылық істерді меңгерумен ар, ұяттылықты, мәдениеттілікті, тектілік бірлікті сақтаудың намазы, құлшылығы болып дәстүріміз болып бекіген еді. Әрбір заманның да әлемдік оқиғалардың ықпалымен,  мемлекеттер арасында мәдени құндылықтардың, шаруашылық өркениетінің өзара араласудан сөз ұғымдарының да өзгерісін, түрлі білімдердің дамып шаруашылықтың, тұрмыстың да алуан түрлілігі пайда болып, әдеттер мен салттардың да заманға қарай жаңа тұрмысқа бейімделудің өзгерісін қалыптастырады. Дәстүр дегеніміз; тек қана исламдық тұрғыда шариғат ісін меңгеру емес құдайдың хикметтерін меңгеруге, тарихат, мағрипат салаларын меңгерген ата-бабаларымыз бен Алаланың сүйікті құлдарынан қалған аманаттармен мен пайда болған дін ұсатынымдарына, нақылдарына көзсіз еліктеушілік пен бір ережені ұстаушылық болып түсіндіріледі.  Сондықтан дәстүрдің де озығы да тозығы да бар деп, діннің шариғаттық, әдептік салттары өзгеріссіз қалғанымен құдай ісінің шексіздігі жаңадан жол-жобалардың оқылуымен байланысты, біздер дәстүріміздің ішіндегі кейбір ғұрыптық амалдарды қайта қарап, ескіргенін тастап, құдайдан келген аян, уахи, хабарлар арқылы жаңадан ғұрыптық намаздарды қалыптастырып салт-дәстүріміздің де өркениетін жетілдіріп отыруымыз міндетті болмақ .

Мұндай жағдайда біздің әлеуметтігіміздің жағдайы, ұлтымыздың барлық мәдениетін, дін ұстанымын, әдебін қамитын шығармашылығымызбен айқын көрінуі керек. Ұлтымыздың әлеуметтік мектебі, яғни азаматтық ғылым мектебіміз болып, оның тәжірибелік және ілім мен білімді зерттеуімен, екі жүйеден қалыптасуы керек еді. Мейлі дін насихаты, білім мектептер жүйесі болсын, түпкі нәтиже; адам баласының ғылымды яғни ақылдың даналық, парасаттылығын меңгерумен ғана бағалануы да шарт. Себебі адам баласының адам, жанды болып аталуы да сөз түсіну қабілетімен, ақылымен ғана өлшеніп, ал ақылды болу үшін Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан ғылымның қуатына, кітабына жалғанумен ғана мүмкін болуы да хақ. Тек қана білімді өлшеусіз меңгеріп ғалым-ғылымды болмақ, ібілістің ұрпағы болып аталмақ! Олай болса ғылымды болу, оның ата-анамыз меңгерген кітабына жалғана білу, әрбір адам баласының міндеті, парызы, аманаты, әлеуметтілік жағдайымыз екені де сөзсіз.

Абай атамыз; «Жасымнан ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім…Жүрегі – айна, көңілі – ояу, Сөз тыңдамас ол баяу. Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?...Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулық, қалыпты шыдамдылық-Бұл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз. Ғылым сол-үшеуінің жөнін білмек.» Қазақ халқының ғана емес, жалпы әлемге де үлгі қылуға тұратын қазақ даналарының әлеуметтік философиялық насихатын, аманаттап қалдырған ғылымынан үлгілерін өз ұлтымыздың меңгеріп ұстануына кімдер кедергі, тосқауыл қойған?

Әрине біздің тәндік болмысымыз күнәдан, жануарлық болмыстан жаратылып жын мен жанның үнемі қарсылығында өмір сүріп, жанымыз өзінің жаратылыс тегі құдайлық ұшқын махаббатты, адамдық болмыс әулиелікті, ғылымды болуды іздесе, ал жын өмірден қанағаттануды, ләзатты, мақтанды іздейді де белгілі бір білім қуаттарымен шектеліп алады. Жындық қуаттардың 70 белгісі шары, «сферасы» (замкнутый круг) белгілі бір адамзаттардың тобы болып және сөз сөйлеу өнері, түсінігі де әр түрлі болады. Мұны «замкнутый круг» деп атаған. Яғни біздер ақылмен біліміміздің, іліміміздің, тәндік тазалығымыздың, күнәлығымыздың тағдырлық мүмкіндігіміздің шамасына қарай белгілі бір ақпараттық жүйемен, жындылықпен негізделіп шектеліп аламыз. Мұндай шектен, шардан, «сфера»-ортадан біздің шығып кетпеуіміз үшін ақылымызды шектеп, белгілі бір қазыққа байлап қою үшін де белгілі бір сөз ұғымдарын түсіну, қабылдау қуатымыз алуан түрлі болып және жындылығымыздың дәрежесімен, жануарлығымызбен тікелей байланысты болады.

Олай болса, жындылықпен дүние тіршілігінің қызығын көруде, тірі болудың маңыздылығын меңгеруде, күнәнің жетегімен шайтанның да үнін тыңдап, сезімге маңыз беріп, яғни ібілістің ықпалымен өмір сүру оңай, әрі қолайлы да. Мұндай әдетке үйренген пенде жанның талабын, құдайлық болмысқа ұқсас АДАМ болу  үшін өзіндегі құдайлық болмысты табудың құлшылығын, діннің талаптарын орындауды азап немесе қорқынышпен қабылдайды. Ал адамдықты іздеудегі де тәпсірлік білімге, құлшылық әрекеттеріне, яғни қандайда бір діннің белгілі бір қағидаларымен де шектелеген жындылық топтардың болуы да хақ. Мұндай топтар да өздерінің белгілі сөздердің ұғымдарымен шектелген қоршауынан шығуға қорқады, өзге ұғымдарға ашық қарсылық білдіріп өздерін тура жолдамыз деп қабылдайды.

Сондықтан да ілім мен білімнің теңдігін және оның ортасынан таза ақылын таба алмаған жағдайда, ақылдың біліммен немесе іліммен негізделуі болып, мұндай ақылымыздың аясынан, шардан сыртқы келесі шарға өтудің өзі қорқыныш пен түрлі сылтауларды туындатады. Себебі жындық қуатымызға шайтанды өз еркімізбен қосылуына ұятсыздық, арсыздық, әлемдік тұрғыдағы түнектік салтқа еліктеуіміз де қақпан болып табылады. Мұндай жағдайда осы екі қарсылықтың арасындағы тегіміздің, ақылдың да жетілмей қалуынан пенденің екіжүзді өмір сүруіне себеп болады. Екіжүзділіктен атау сөз ұғымдарын, ғылымнан насихаттарды  теріс түсініп және оны қалайда маңызын, ішкі ойын өзгеруге, терістеуге жанталасып қызметке тұрып, оған жәрдем берумен шайтанның жамағаты болып, белгілі бір жындылық топтың басшылары, ібілістің ұрпағы артынан өз еркімізбен сапқа тұрамыз.

Абай атамыздың 17-ші насихатында; «Қайрат, ақыл, жүрек өнерлерін айтысып келіп, ғылымға жүгініпті…Үшеуің ала болсаң мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың  айтқаны осы депті». Ал енді ақыл білім мен ілімнің ортасын табудан, қайрат жын қуатын өнер, еңбек, малды өсірумен (тектер бірлігін сақтаумен), жанның қуаты жүрекпен, қанның тазалығымен байланысты болып (гендерлік бүтіндікті сақтаумен), осы үшеуінің жүрек арқылы ғылыммен басқаруда бола алатынын білдіреді. Енді жүректің қалыбын сақтау; қанның тазалығы, рұқтың қуатын меңгерумен, ана тілінің ділдік ерекшелігін, сөздің мінезін, қуатын меңгеріп ақылымызды да оған қызметке қоюмен ғана дініміз, дәстүріміз маңызды болмақ.  Өсіп-өнуге, өзіңді тануға, ерініп жалықпай түрлі өнерді, еңбектеніп мал тауып, егер де жүрекпен ақылмен қайрат-жынымыз бірге болғанда; мұндай мұсылмандық жын-қайратымыз тектілік болып;  нәпсіге де қарсы тұруға, күнәқарлықтан сақтауға, дін ісін меңгеруге де құштар қылатын, шайтанның азғыруынан құтқаратын, адасқан жақтан қайта жүректің дегеніне көндіріп қайтаратын, қайрат-жын қуатының тазалығымен, кісілігімізбен ерік, жігеріміздің шамасы болып қалыптасуы да хақ.

Сондықтан бұл үшеуінің басын қосуға құдайлық нұр ғылымының үнін түсіну де маңызды болып аятта; «Үш кісі сыбырласса төртіншісі Алла» деп ескерткенін Абай атамыз дін дәстүріміздің, төбеміздегі жеті жол, нұрлы жолға жалғанып ғылымды болуға, ата-баба аманаттарына жалғанудың насихатын ашып беріпті. Сонымен ғылымды болу бізге не береді деп сұраңыз. Адамзат қанша білімді, өнерді, шаруашылықтың барлық саласын меңгеріп керемет болғанымен мұндай істеріміздің, біліміміздің, өндірген өнімдеріміз, жоғарғы технологиялық әдістермен дайындаған азығымыздың адамзатқа, жанымызға, тегімізге және жалпы табиғатқа, әлемдік қуаттар жүйесіне қандай пайда, зиян келтіретінін анықтай алмаймыз да, керісінше азығындыққа түсуге, жанымыз, тегіміз жетілмей, өзіміздің өндірген әлемге қосқан теріс қуат, иістерімізден түрлі дерттердің, індеттердің пайда болуына, тұқымымыздың тозып жоғалуына, әлемдік теңдіктің бұзылып, табиғи апаттардың, қияметтік мезгілдің туындауына білімімізді арттыру арқылы жол береміз.

Қазіргі әлемдік дағдарыс пен бүлікшілдік, соғыс өртінің тұтануынан қазақ елінің де аман қалмай жатқанына, қарапайым ғана Абай атамыз бізге қалдырған ғылымдық жобасын меңгере алмаудан екенін тағы да ұғынып, жүрекпен қабылдауға жоғарғы дәрежелі ел билеуші, зиялы білімді қауым өкілдері қауқарсыз екені де хақ. Неге десеңіз, біздер ана тілін дәріптеп, оны меңгеруді күнде ақпараттық жүйелерден насихаттап жатқанымызбен, ана тіліміздің сөздің тектерінен тұратын, әрбір сөз атауларының, нақылдардың ата-бабаларымыздың меңгерген ғылымнан алған кітаптарының насихаты ішінде белгілі бір ойдың үні, қуаты, сандық белгісі барын философ, теолог атты ғалымдарымыздың өзі білмейді де. Сондықтан да ібілістік жобаның «гендерлік теңдік», «заманға лайық болу», «ұлттық жоба, тұрмысты жақсарту», «нұрлы жол-көлік қозғалысын жетілдіру» деген саясаттың европалық тіршілікке деген құштарлықтың дертіне шалдығып, негізінде бұл ақылдың орнына талғамсыз алған білімді қойып, жындылықты адамдық, әулилікке бағалап алғанымызбен де байланысты екені сөзсіз. Енді бұл әлеуметтік жағдайымыздың құлдырауына, біздің ел билеушілердің өздерінің таңдап алған, әлемдік исламдық дірт бірлігінің бөлшегі ғана болған, ақылдың өркениетіне қарсылық қылған секталық дәрежемен ғана бірдей дін масһабтық ұстанымның да үлкен әсері болғаны хақ.

Қайталап түсіндіре кетсек; әрбір адам баласын өзінің ішкі рухани дүниесінің құрылымын және тағдырына себепшілердің әсерін біліп меңгере алмаса, онда таза ақылға – құдайлық нұрға жалғана алмайды. Себебі адам баласының рухани тұрғыдағы құрылымы; жаратылыс әлемнің ең кіші көшірмесі, ал әлемдік қуаттар жүйесін түсініп, оны меңгеру үшін де өзімізді-өзіміз түсіне алуымыз маңызды болмақ. Және адамзат күнәдан жаратылып; адамдық, әулиелік болмысын, ақылдың парасаттылығын толық меңгергенше ібілістің ықпалынан ешқашанда білімнің немесе ілімнің қуатымен босана алмайды және өзі де ібілістің жамағаты болып, екіжүзділікте өмір сүрумен айналысады. Олай болса, біздер қандайда білімділікті, атақ дәрежені меңгеріп, жоғарғы санаттағы ақыл беруші ел билеушіге айналғанымызбен, рухани тазалықсыз, жанның жетілгендігісіз, әулиелікті меңгермей, біліммен мал табу тұрғысында қандайда бір «АБВГ» топтарын меңгергенімізбен, ібілістің ықпалынан азат бола алмаймыз, жынды болып саналамыз.

Мұндай ұлттық жол-жобасымыз, оны орындайтын дәстүрлік намазымыз бар елді, алдымен адастыру да ібілістің арманы және қарсылық жобасы болатыны хақ. Сондықтан ібілістің ең беделді ұрпағы және олардың соңына ерген жамағаты болып қазақ елінің масһабшы, дінші, дін ғалымдары, теологтар болып, оларға жәрдемшіге философтардың, психологтардың, жазушы, ақын, тілшілердің де белгілі бір ібілістің жобасына негізделген жындық топтарды құрып, (замкнутый круг) елдің әлеуметтілік жағдайын әлсіретуге қазіргі таңда да ақпараттық жүйелерден үлкен күрес жүргізіп жатқанын өтірікке шығара да алмаймыз. Мұндай жағдайда әлемдік түнек күштерінің тұрақты мүшелерінің қазақ елінің мұндай басшыларының «ұлттық армандарын»  назардан тыс қалдырмай мақтап, дәріптеп, қаржылай жәрдем беріп  жатуы да заңдылық…(жалғасы бар. Қаңтар айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *