V-Құлшылық ұғымдарының философиясы. Ақыл арқылы, ақылды сынау арқылы өзіңді-өзің тану.

Бөлім: Құлшылық философиясы 67

Адамзат баласы мейлі қандай тағдырмен қандай заманда өмір сүргенмен бұрынғы өткен заманның да белгілі бір ақыл-ой қуатын тағдырында қайталауы да хақ. Сонымен бірге өткен заманның күнәлі әрекеттері де тағдырында жазылып мұнан тазаруға да тиісті болмақ. Әрбір адам баласы өз тағдырының өзі қожасы болуы да сөзсіз. Сондықтан мұндай тағдырындағы қайшылықтарды, себептерді меңгеру үшін замандық білімді меңгерумен, құлшылығы арқылы таза ақылдан қуат алумен әрбір пенде мұндай күнәлік, жандық қарсылықтардан, негізделуден өз тағдырын құтқару керек. Мұндай жағдайда дін құлшылығы тәубеге келу деген ұғым бар. Тәубеге келуді Абай атамыз ескерткендей әрбір кемелдік жасқа жеткен өзін-өзі ақылды санаған пенде өзіне-өзі есеп беріп, ақылдың кемелдігіне келгенше өмір сүру барында жинаған ескі әдеттерден, бедел-абыройдан атақ дәреженің, білімділіктің буы арқасындағы өзінен-өзі артық болған, асып-тасыған мінездік ерекшеліктен арылу үшін өз ақылын сынаумен бірге, ақыл туралы білімді де меңгеруге, қандай жағдайда ақылдың азып, қандай жағдайда ақылды тазартып жетілдіруге болатын себептерін меңгеру үшін де негізделуден арылуға өзіне-өзі есеп беріп ақылын сынауды, осыған сай өз әрекетін байсалдылыққа, сабырлыққа, өзгеден кішік болуға, естілікті, үлкендікті меңгерудің тәрбиесін де білу керек. Және қоғамдағы болып жатқан жағдайға да сырттай сын көзбен қарап, жақсылық пен жамандықтың, ақ пен қараның өзара арпалысын, т.б. түрлі себепші мен себептердің әрекеттерін де бағалауды меңгеру  керек. Осындай жағдайда біздің ақылымызды қалыптасқан мінезіміздің қақпанынан, қоршау шеңберінен еркіндікке, кеңістікке шығарып, ойлау қабілетімізді шыңдау арқылы түрлі меңгерген білімге байланып тірі болудан қалған ақылымызды қайта тірілте аламыз. Қазіргі таңда әлемдегі барлық болып жатқан әлемдік өмір қабындағы барлық елдердегі тұтастай алғанда жақсылық жаманшылық мейлі экономикалық өркендеу немесе дағдарыстардың бүлікшілдіктермен түрлі жағдайда пайда болып жатқан өзара қақтығыстар, соғыстардың да басты себебі еркіміздің ақылға бағынбауынан, тылсымнан оқылатын аян, уахи шындыққа, таза ақылға қарсы шығудан, осы тұрғысында тәжірибеге айналған дәстүрлік нақылдарға, аманаттарға ортақ ақылға жүгіне алмаудан, рухани азығындықтан ғана пайда болып жатқанын болжаған есті адамға бұның негізі дінін тазартып дәстүрлік мінезі мен ұлттық, халықтық ортақ қылықтарын қалыптастыратын әрбір пенденің жан дүниесін қалыптастыратын жаратылыстың мәнін ұғынып, өлім ақирет заңдылықтарының ақиқатын түсінуге, өз тағдырының есебін көріп меңгеруге, ізігілікке, тақуалыққа өзара жақсылық, сауап жасауға, тектерін тазартып артындағы ұрпақтарына жақсы із қалдыруға деген ниет пиғылдарын қалыптастыруға, өзін-өзі тануға әрекет ету керек. Мұндай жағдайда ата-бабамыздан мирас болып қалған ақылдарды ұғына алмаудан ғана ақылымыз қақпанға түсіп зардабын тартып және замандық қуаттардың жетілген қозғалысына сай келетін ойлау, пайымдау қасиеттерін жетілдіретін ақылдың, білімнің жетіспеушілігінен әлем халқының рухани түрде ұйқыға кетіп одан оянатын, оятатын ойшылдықтың философия даналықтарының, тәжірибелік ғылымының тоқтауынан пайда болып жатқанын әзірге аңғару мүмкін емес.
Ойшылдық туралы, адамзаттың жай күйін жетілдіру, сана-сезімін қалыптастыру деген ескі білімдеріміз теориялық сөз жүзінде түрлі мектептерінің болғанымен, ал тәжірибе жүзінде қарекеттік ақыл тұрғысында ескі әдеттерді қайталағанмен, ал жетілген танымдық ізгілікті ақыл тұрғысында мүлде дамымаған десек жаңсақтық емес. Және осы тұрғыда бұрынғы діндегі сопылық мектептерінің, философия, психология тұрғысындағы даналықтардың білімі талай замандар тезгісінен өтіп, өз міндетін атқарып, заманның өрісі кеңіген білімін түсіндіруге қабілетсіз болып, тозығы жетіп бізге жеткен тәжірибелік қаракеттік интеллекттік ақыл тұрғысында да нәтиже бермей керісінше адамзат ақыл-ойының қақпанына бағзы замандағы қайғы-қасіреттерін, қаракеттерін қайта туындатуға ғана қызмет жасауға айналды. Осы тұрғыда ғылымның ақ бұлағы болған дін мектептеріміз, шіркеу, мешіттеріміз, түрлі топтардағы сопылық ұстанымдарымыз заман талабына қарай ақылдың түрленіп қайта жаңғыруын, жетілуін қалыптастырып ізгілік, тақуалық дарындылықтарды, діндарлықтарды қалыптастыратын алдыңғы бөлімде ескертілген ақылдың 6 сипатының соңғы екі қадамы осындай жағдайда өз қызметін атқаруға діндар ғалымдардың, теологтардың тәжірибелік философиялық пайымдаулары мен құдайдың хақиқатын меңгеруге, хикметін сездіруге жол ашатын құлшылық әрекеттерінің үлгілері де мүлде жоғалып, керісінше мұндай ғалымдардың өзі өткен заман ақылынан туындаған білімдерге негізделіп, оны осы заман даму заңдылығына қағида қылып алудан; бар ақылдың өзі өліп, жаны жетілмей, иман қуаты жүректерге енбегендіктен, біртұтас дінді бөлшектеп мешіттерге тығып, ғылымнан, дәстүрден арасын ажыратып мешіттердің өзін түрлі топтарға, ұстанымдарға, масһабтық білімдерге бөліп, өзара қырқысуға ғана ел билеуші зиялы қауымның өз қолымен мәжбүрлеп жатқаны жалған емес.
Сонымен біздің ғалымдарымыздың, зиялы қауым өкілдерінің философиялық пайымдаулары мұндай жағдайда; «халықтың сана-сезімін жетілдіру керек» дегені құр қиялдық сөз жүзінде ғана қалып, оның білімі, ішкі сыры қандай деген сұрауға жауаптың да болмауы сөзсіз. Бұрынғы замандағы меңгерген ақыл туралы білімнің де тоз-тозы шығып, мұндай білімдерден тәрбие алған ел биліктің саясаты да халықтардың жындылығын арттыруға, мастануға, бақытты тұрмыстың нышаны деп ойлаған дүние байлығының соңына түсіп, дүние табуға негізделген заңдарды шығруға және оны қадағалаушыларға деген табынуды қалыптастырғаны да сөзсіз. Мұндай адамзат ойынан ғана пайда болған шешімдерді, пайымдауларды дінімізге айналдырып, соған ғана табынып құлшылық ету әрекетін ғана туындатып, түрлі ұлттардан тұратын халықтарды одан әрі рухани батпаққа батыруға қызмет жасап жатқаны да хақ. Және қазіргі әлемге өзінің рухани тұрғыда жетілуде заманға сай жаңашылдықтың істерімен үлгі болып, шаруашылық өркениетін қалыптастыруда тез дамып келе жатқан қазақ елінің де бүгінгі мақтан тірлігіміз алға қойған болашағымыз да әлем халқының шаруашылығы дамыған елдерінің өткен шағынан құралып, біздердің мақсатымыз, өз жолымыз түгіл, олардың қайғы-қасіретке бүгінгі рухани азғындыққа әкеліп тіреген тағдырындағы рухани қуат болып бейнеленген қасіретті ақылдары біздер үшін қосымша жүктелумен бірге бүкіл халқымыздың азғындауын, тегінің әлсіреуін және түрлі қайғы-қасіреттермен ұрпақ сабақтасуының тежелуіне де соқтырғанын әзір байқайтын даналар, ғалымдар шыға қойған жоқ арамыздан. Себебі ақыл туралы оны меңгеріп және білімді ақылымызға қалай жан беріп, сана-сезімді, ішкі жан дүниелік мүлкін дамыту туралы мүлде білім жоқ, ал философилық, психологиялық білім деп атап жүргендеріміз тек сырттай пішілген ой жорыған, сандық өлшемсіз қиялдан туған долбарымыз ғана бар. Олай болса енді кімнен үйренуміз керек? Әрине өзіміздің тарихымыздан, даналарымыздан, олардың бізге қалдырған үлгісі ата салт дәстүрінен деген ұғымның өзінен-өзі сұранып тұрғаны да сөзсіз.
Бірақ біздің бүгінгі меңгерген біліміміз амалға, яғни рухани негізделген қаракеттік ақылға айналып, ал адамдық, ұлттық болмысымызды анықтайтын жалпы жағдайда хайуандық әрекеттерден ерекшелейтін сезімдік ақылымызға жандық негізімізді, қан тегімізді қалыптастыруға, оған үнемі қуат қосып дамытуға негізделген сезімдік ақылымызды қалыптастыратын ар, ұят, дін дәстүрімізді ел билік заңмен тиым салып, жалпы бұл ақылдық шамамызды сақтауға тиісті ата заңымыз болғанымен оны ұғынып, ұстануға деген ақылымыздың шамасы келмейді. Сондықтан ата заңымыз мемлекет заңының жаны болудан қалған. Себебі оған қарсы заңымыз және надандығымызға себепші ар, ұяттан сұраусыз қалыптасқан ел билеудің еркіндік атты әлемдік салты да біздің тұрақты ұстанымымызға, ата заңымызға қарсылық қылып терістеуге айналып алғаны да хақ. Бұл тұрғыда АР білімін меңгеру, адамгершілік ұятты сақтау, меңгеруді қадағалаудан ел билік заң тұрғысында бас тартқан дінсіз аталып, оны халықтың өз еркіне, қалауына қалдырған елміз. Сондықтан ұяттылықты сақтау туралы бірде-бір заңы жоқ ақылсыз, жансыз білімге табынған мемлекетке айналып алдық. Ұятсыздық белең алғанда сезімдік ақылдың тірі болуы да, жан қуаттарымыздың жетілуі де мүмкін емес. Олай болса осы жанды таза ұстап тұруға, жетілдіруге қызметке тұруға тиісті сана-сезімді жетілдіру ұстанымы туралы әңгіме де бос ертегі ғана. Керісінше сана-сезімді аздыруға негізделген; еркіндік, әйел-еркек теңдігі деген құдайға, жаратылыс заңына, ғылымға ашық қарсы болған, ойдан шығарған заңымыз да бар елміз. Ал енді қаракеттік ақылымыздың білімге негізделген жағы бізде өзінің шамасынан да асып түсіп, әлемнің бар білімділік тәжірибесін өзіміздің жарқын болашағымызға айналдырып тіптен тәрбие, ұлттың, ұрпақтың болашағы дегеннің өзі білімді меңгеру арқылы тек өндірісті, шаруашылықты меңгеріп қалайда білімді және бай мемлекетке айналуға деген ниетке ғана байланып қалған. Біздің сана-сезіміміздің мүлде жұмыс істеуінің тоқтағаны ақылымыздың өлгенінің басты белгісі біз жансыз, тәрбиесіз білімділікті ақылдылық деп қабылдайтын дәрежеге жеттік. Білім тәрбиеден жанданып және жанды білімнен ғана ақыл өркенін жаяды. Сондықтан білім ортақ негіз болып, ал тәрбиенің ұлттық, діндік ерекшелігіне байланысты әр ұлттың нәсілдік қуаттық ерекшелігіне қарай ақылдық қуатының шамалары да ділдік сапасына байланысты қалыптасады деп түсіндіретін болсақ, бұл ұғымды пайымдайтын қазақ елінен діншілерді былай қойғанда философ, психолог ғалымдарды табу да мүмкін емес. Себебі текті қазақшалауға болады, әкеңнің, атаңның атын өз атыңа тіркеп алсаң текті боласың немесе таңбаны өзгертіп түркі елдермен таңбалық ортақ қатынасты қалыптастыру арқылы ақылды боламыз деген рухани дамудың заңдылығына, құдай еркіне ашық қарсылықты ұйымдастырып жүргендердің өзі осы философ, психолог, зиялы қауым ел билік өкілдері екенін білсеңіз мұндай негізделуден қандай болашақта қайғы-қасірет туындайтынын сөз қылудың да пайдасы аз. Мұндай негізделген надандықтан білім алып жетілген атақ-шенмен, жоғары лауазыммен бағалаған қауымның ішінде ақыл туралы, рух пен жанның, ойдың өлшемдері туралы сұқбатқа түсудің өзі де есерлік қана. Ал дін ғұламаларының, философтардың ақылдың төрт сатысын үнемі ескертумен пайымдап түсіндірумен өткенін енді ертегідей қабылдаймыз. Мысалы Әл –Кинди ақылды; 1. Алғыр ақыл, 2. Сылбыр ақыл, 3. Табынышты ақылы, 4. Көлгір ақыл деп бөлген екен. Ақылдың нақты үш сипатын Әл-Фараби атамыз ғана анықтап берген. Сондықтан Алғыр ақыл- қаракеттік интеллекттің аңғарымпаздығы, Сылбыр ақыл-сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы, Табынышты ақыл-Білім мен әрекетке, жындық қуатымызға негізделген қаракеттік ақылымыз болса; Көлгір ақыл- (алдамшы) сезімдік ақыл болып табылады. Енді ақылдың (таным, даналық) даналыққа екі қадамы (5;6) деген қазақтың әулие даналарының ғана еншісіндегі; «Төртеу түгел болса (5 таным) төбеден келеді. Алтау (6 ақылың) араз болса ауыздағы кетеді» деген құпиясы жандық, рухани білім болып табылады. Сонымен дін масһабымыз да сенім мен иманның, жан мен рухтың және себеп пен себепшінің жаратылыстық сипаттарының ғылымын талқылаудан қашып, бәрін бір ұғымға негіздеп, құранды тек арапшадан оқып түсіну керек дегеннің өзі ақыл туралы білімнің болмауынан өздерінің ескі білімге негізделуінен айрылғысы жоқ, сондықтан діннің өркениетін мойындап тәубеге келуден ашық бас тартуын жасыруға ғана бағытталған тажалдық әрекет болып табылады. Сондықтан мұндай білімнен аса алмай негізделуден ақылдың жансыз білімге айналуынан, дін жолына бет бұрған адам баласының ақылын жетілдіріп, бой арын тазартып, жан дүниесін ақылмен түсінуге емес, керісінше надандыққа, бағзы замандағы ақыл иелерінің іс-әрекеттерімен ғана меңгеріп, ұғынып бірге адасуға түскен бар қателіктерін де қайталап, шатасқаны сонша, қазіргі таңда білім тұрғысында ненің дұрыс ненің бұрыстығын да болжаудан, дінді пайымдауға ақылымыздың тірі болуынан да қалғаны сөзсіз.
Мұндай жағдайдағы біздің болашаққа деген ұлттық даму жол-жобамызда бұрынғы өткен замандағы белгілі бір кезеңдегі ақылдың жетістіктері бүгінгі білімімізге айналғанымен, ал бүгінгі заманның уақыт тағдыры, жылдамдығы өзгерген. Сонымен бірге қуаттылығы артқан түрлі жаратылыс себепшілерін меңгеруге арналған ақылымыз өсіп-өнбей, шығармашылық өкілдері мен зиялы қауым арасында ақылдың 4 дәрежесін меңгерген қасиетті адамдар болғанмен соңғы екі қадамды ізгілік арқылы «Өлі риза болмай тірінің ақылы байымас» деген дәстүрлі әрекеттермен тек құдайдың, аруақтардың жәрдемімен ғана меңгеруге болатынын мойындауға шарасыздық және қарсылық танытудан ел тұтқасын ұстағандардың, ел билеушілердің философиялық дарындылығы жетіспегендіктен, болашаққа жоспар құруға ойдың ұшқырлығы да жоғалып, оның орнына заманға сай болумен өндірісте даму жолын ғана таңдап, алып екінші негізгі рухани өміріміз көлеңкеде ұмыт қалып, сондықтан арсыздыққа тез бейімделіп, мұндай жағдайда дамуға қабілетті қарсылық күштердің ықпалында қалған сезімдік (көлгірситін) ақылды дәріптеп, сезімдік аңғарымпаздығы (шындыққа, дәстүрге негізделген -сылбыр ақыл) болған жеке адамдардың пәтуасы ертегі, жындылық болып көрінетін қалыпқа түскені де сөзсіз. Сондықтан қаракеттік (білімге, өнерге табынышты) ақылымыз біліммен байланысты әлемнің бар жетістігін алғанымен сезімдік ақылды тазартып, екі арасын қосып адамзаттың талантын ашатын, рухын тазартып, киелі рухқа жалғап тірі ақылды (Бір ақылды) қалыптастыратын дәстүрлі дініміз ата жолымызды тұншықтыруға арналған сырттан салған тажалдық білімнің қазақ елінде өз мақсатын орындауға ел билігі заңмен жәрдем беріп отыр. Және мұны тұрақты түрде қадағалап құдайдың лағнетінің арттыруына ғана себепші болып жатқаны рухани ахуалымызды бағалайтын да білімді қоғам өкілдері өзара партияға бөлініп, ұлттық адамгершілік руханиятымызды мүлде өздері де меңгеруді былай қойғанда, бұған талаптанғандарды да ақпарат тұрғысында басып-жаншумен, қудалаумен айналысып кеткені де жасырын емес.
Демек біздің ақыл-ой еркіндігіміз шектеліп, заманаға сай қалыптасуын тоқтатып, біздің өмір сүру салтымыз өткен шақтың және өзге елдердің де жүздеген жылдар бойы талай қателіктермен, қайғы-қасіретпен де өткен, бүгінгі таңда шаруашылығы, тұрмысы жақсарғанмен, ал рухани тұрғыда тығырыққа, түрлі ауру, қасіретке айналған даму жолына негізделіп және олардың арқалаған жүгін де сол қалпында біздердің тәніміздің тез қабылдап сіңіруіне біз ерікті түрде жағдай жасап жатқанымызды да аңғарудан қалдық. Біздердің білім тәжірибемізбен бірге әдет, салтын да қоса алғандықтан тарихи өткен шағына жалғанған сезімдік, қаракеттік ақылымыз ондай елдердің жақсылығын, қуанышын, рахат сезімдерін, білімге байланған ақылдарын сол қалпында қайталағанмен, ал біздің тәніміздің де өз ерекшелігі жер анамызға табиғатымызға, азықтық тағамдық ерекшелігімізге байланысты даму заңдылығы мен ділдік қабылдауымыздың да рухани жындық тұрғыда түрлену, даму сатысын да ерекшелік болып және жанымыздың тілге, сөз байлығына тәуелді болып; тербелістік, ырғақтық, құйынды өрістік рухани қозғалыстық ақпараттарды сіңіру қабылдау жылдамдығы да өзгеше болғандықтан, өзіміздің тарихи өткен замандағы ақыл жетістігіне қарсы дамыған қарсылық қара қуаттарды да қоса сіңіріп, біздің енді сыртымыз ұлттық болмысыздың ерекшелігі болғанмен, керісінше ішкі рухани жан дүниеміз өте тез жылдамдықпен әлемнің бар нәсілдік белгілерін сіңіріп ішкі болмысымыз біріміз арапқа, біріміз негірге, біріміз европалыққа немес қытай, кәріске ал көпшілігіміз жер бетінен жоғалған жоңғар, қалмақ, тағы басқа лұт қауымы сияқты нәсілдердің азған жын-шайтандық қуаттарымен жүктеліп, енді солардың қаракеттік болмысын қайталаумен айналысып кеттік. Сондықтан өмірден жоғалып отырған күнәлі болмыстың, күш-қайрат қозғалыстың себепшісі болған қара нәсілдік қуаттың басымдылығы пайда болып ойынпаздық, жындылықтың бар түрін тез меңгерумен, ештемеден жиіркеніп арланудан тиылып және бір ұлттың ішінде, бір тілде болғанмен өз ата-баба мирасынан қалған сөзімізді әркім әр түрлі түсініп және сөзден арланып қысылу деген сезімнің аңғарпаздығы мүлде жоғалып, білімге ғана негізделген пәтуаларды өлі ақылға айналдырып, өзара қырық пышақ болып немес көбіміз рухани ұйықтап кетіп, әлемдік рухани дағдарыстың да көшіне қосылып алдық.
Мұндай өлі ақылдың әрекетінен қандай да бір қоғамдық дамудың өзгерістерін, құдайлық идеяларды талантты адамдардың қаракеттік ақылдың арқасында жүзге асыруға деген ойларын қорқыныш, құлдырау, кедейлікпен ұлт тұрғысында жоғалып кетудің түсінігін, пайымдауларын туындатып жүрген ұлтшылдардың бүлікшілікке бастауы да сөзсіз. Адамзат ақылының неге шамасы жетпесе ойлау қуаты шабандыққа түсіп, замандық діндік сынақтардың, тағдырлық ұлтаралық өзара қосылуға, ортақ шаруалар мен әрекеттерді қалыптастыруға, сауда-саттықта болуға деген әрекеттерінің мұндай бұрынғы тарихи оқиғалар мен білімге негізделіп қалған адам баласының санасында сезімдік ақылдың әрекетімен қорқыныш пайда болып, ойда бейнеленіп бағзы заман оқиғаларының сезімдік ақылдың қайталануы мен жаңғыруы да болады. Ақыл дегеннің Алланың, жаратқанның бірлігін мойындаудан, жаратушыға деген тәуекелшіл ықылас сенімнің тазалығынан, ар ұяттың өніміне тәуелді қалыптасатынын да және ақылдың көңілге, сезімдік ақылға тәуелді ескі оқиғаларды да қайталауға түсіп кететінін де білген жөн. Және ақылдың адам ағзаларының қалыпты түрде бой тазалығына байланысты рухани зейнеттелуіне сыртқы-ішкі әсерлерге, барлық жер әлеміндегі қуаттардың өзгеріс ағысына, ішкен-жеген азықтың тазалығына да тәуелді түрде өсіп-өнуіне мүмкіндік болады. Ақылдың бұл тұрғыда психология біліміндегі; Жете, зерде, зейін, сана, жат, жады, зеректік деген қуаттық жәрдемшілері барын да білген жөн. Енді әрбір нәрсенің қуаттардың өз ошағы, орны, адамзаттың тәнінде рухани үйлері болатынын да ескерсек, онда; 1, Жете-мимен байланысты ұйқыда қуаттанады. 2.Зерде-Құлақпен байланысты есту қабілетін арттырады. 3.Зейінділік-көзбен байланысты жұлдызбен жалғанады. 4.Сана-терімен, төбемен байланысты аспан әлемімен жалғанады, жүректе, қанда негізгі рухани үйі болады. 5.Жат-адамзаттың жаттау, есте сақтау қабілетінің бірі болып білек арқылы жермен, топырақпен жалғанады. Мұның жұбы; Жады-қос жаурынмен, тілмен, тілдік біліммен байланысты жетіледі.6.Зеректік-көкірекпен, көңіл сезімдік ақылмен байланысты рухани үйлері балтырмен, тіземен жалғанады. Бұл жерде сана адамзаттың ар ұятымен және осы қуаттардың бәрімен бірдей қатынаста тұратындықтан ақылдың негізгі сүйенетін көмекшісі болып, жалаңаш бойсыз, ұятсыз, басын қорғамаған мейлі әйел, еркек адам баласында Сана қуатының қалыпты болуы мүмкін емес. Және шариғат, дін тазалығы, тақуалықсыз сана-сезімді білім арқылы жетілдіру деген надандық пәтуа болып шығатыны да хақ. Сонымен бірге естіліктің, естиярлықтың негізгі қуаттылығы Жат пен Жадыға тәуелді болғандықтан жер ана рухы мен тіл біліміне байланысты, яғни адамзаттың барлық білімінің жандық сапаға айналуы; діл мен тіл біліміне тәуелді болатыны да сөзсіз. Діншілердің құранды басынан аяғына дейін жаттаудың адамның біліктілігін арттырады деп түсініп, ал негізінде білімді тоқымай яғни жадылық қасиетті меңгермей жаттап алған да надандықты туындатады. Ақылды өсірмейді. Сондықтан керекті білімді жаттап алумен бірге адамзаттың көрген, білген, естіген білімдерін, өмір тәжірибелерін жадына тоқуына тіл білімі де тәндік тазаруға, ағзалардың қалыпты өсіп-өнуіне байланысты болып; 1. Тамыр тереңдігі, 2.Қан айналымы;3. Дем алу, 5. Өңеш тікенектері тегіс болу, 6. Табан тамырының ұзындығына тәуелді өз қуаттылығын, өрістік тазалығын сақтайды, қалыптасады. Сонымен енді тіл білімінің жұбы болған болашақ жан ғылымының жазбаларында кеңірек талқылайтын діл және оның білімінің сипаттарын қоссаңыз; Иман және иман келтіру дегеннің өзі тіл білімін меңгеруге тәуелді екені хақ. Адамзаттың барлық бақыттылығы да өркениеті мен тектілігін сақтауы да немесе қайғы-қасірет пен түрлі ауруларға ұшырап жер бетінен жоғалуы да қазіргі таңдағы барлық рухани дағдарыс негіздері де ақылдың дәрежесіне байланысты екені де хақ. Ақылдың тазалығы мен қуаттылығы естіліктің кепілі болмақ. Ал естіліктің барлығы біріншіден денсаулықтың кепілі болуы керек. Дені сау адам баласы; 2.Өзінің қуатының шамасын аңғаруға қабілеті болып, соған қарай жүк көтеруге ақылын жұмсайды. Өз әлінен аспау жағын да бақылай алады. 3. Қай жыныста екенін, кәсіптік ерекшелігін аңғаруға қабілетті болып, мұндай адамдық қасиетін жетілдіруге сақтауға да барын салады. Және орынсыз өзге жыныстың ісіне араласудан бойын да тежеп денсаулығын сақтауды да біледі. 4.Өзінің және ақылының, қуаттарының өнетінін қандай жағдайда тежелуін, қайғы-қасіретке тап болуын да аңғаруға қабілетті болып дүниеден өз үлесін шамасына қарай қанағатпен, шүкірлікпен алуға да әрекет қылады. 5.Есті адам баласы өзінің міндетті түрде өлетінін және өлу үшін жаралағанын біліп, өлім себептерін туындататын түрлі кеселдерден, кедергілердін, қауіп-қатерлерден сақтанудың шараларын меңгеруден ешқашан бас тартып қашпайды. Мұндай жағдайда арына құл болып, дүние байлығына құл болудан сақтана біледі. Үнемі ізденісте болып, кез-келген адамды ақылды тыңдай біліп, өзін-өзі сынап жетілумен болады. Сонымен біз естіліктің шартын ұстана отыра ақыл туралы тереңірек зерделеп білген сайын біздің ақылымыз тіріліп, ой қуаттарын да қабылдауға, өңдеуге қабілеті арта беретіні де сөзсіз. Ал ой деген әрбір нәрсенің қарама-қарсы жағы болып табылады да, біздің қоршаған әлем кеңістігінің бәрі теріс ойлардан тұрып біздердің бос кеңістік немесе «вакуум» деп қабылдайтын нәрсеміз шындығында теріс ойдың ошақтары болып табылады. Теріс қуаттың қасиеті өзіне тарту күшінің, сіңірудің қабілеттілігі зор болады. Мұндай жағдайда еркек оң қуатты болса, әйелзаттары теріс қуаты болып осы «вакуум» қызметін де атқарады да өзіне қандай да рухани бейнеленген ақпараттарды еркін қабылдап оны ер азаматқа жұқтыруға, сіңіруге қабілетті. Себебі әйел ердің қабырғасы ішкі дүние мүлкінен пайда болған. Сондықтан адамзатқа сыртқы еркіндік жағдайында керісінше қарсылық күштердің ықпалына түсуге олардың еркіне бағынауға тиісті болып, ал ішкі еркіндік қана адамзат оң ойының тұрағы және ақылының байлығы, қоймасы болмақ. Еді жан өздігімен қандайда бір қарама-қарсылықтарды анықтауға, оған қарсы тұруға шамасыз болып және өзінен ақылды да өндіру қабілеті де жоқ. Жанға ақыл қызмет қылып оның өсіп-өнуін, көбейіп, бөлінуін қаматамасыз етпек. Ал ақылдың рухқа тәуелді түрде өсіп-өнетінін де, көбейетінін де ойға байланысты қуаттылығы артатынын білген адам баласы рух пен жанның иман мен сенімнің және жаратылыс сипаттарының себептерін ақыл арқылы пайымдап, ұғыну дәрежесіне жете алады. Ол үшін де әлі біздің бұл келтірген сынымыз және ақылы туралы біліміміз жеткіліксіз. Әрі қарай тереңірек қазбалап ұғынуға тырысып бұрынғы негізделген ақылдылық болмысымыздан арылуымыз және «Білмеймін» деген ғылымды меңгеруге ықыласты болуымыз да керек. Және біздер өзіміздің негізделген ақылымызбен жақсылықтардың құндылығын анықтай алмаймыз. Жалған құндылықтардың жетегіне тез еріп кете береміз. Себебі адамзатқа қателесу құқын, еркін тағдырында алдын ала жазып қойған жаратушы иеміз. Сондықтан біздер бұл тұрмыс тіршілігімізде кейде біліп, кейді білмей жаманшылықтың дәнін өзіміз сеуіп оны өсіріп және оны жинап пайдалануда да, бір-бірімізге сыйлап қызықтырып азғыруда да еріктіміз. Шайтаннан пайда болатын жын да өзіміз, шайтанға көмекші жамағаты да өзіміз, ал негізгі адамдық бейнеміз, періштелігіміз киелі рухпен таза ақылмен, жүрегімізбен, топырақтық болмысымызбен, тазарған жындық кісілігімізбен де байланысты болмақ. Және барлық жаратылыстағы басты себепші адамзаттың ақыл өнімі мен жаны болып табылады… ….(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *