Татулық (103)

Бөлім: Зікір өлеңдер 51

Тату болса адамдар,

Көңілдері жайланар.

Ниетінен бар адамның,

Әлемге қуат қосылар.

Сыйласа ерін әйелі,

Мол болсын етек, жеңдері.

Ақ жаулығын тастамай,

Қуатты болар қанда ділдері.

Беделі Құдай алдында,

Артқаны сонда мұндайда.

Ұрпағы кең жайылып,

Ұзақ болар өмір жасы да.

Ағайын, туыс, құдалас,

Жақын болса құрбылас.

Тату болса арасы,

Бақ, дәулет болар қарайлас.

Билік айтса ақсақал,

Үлгі болса кемпір, шал.

Тілегі елдің қабылды,

Алладан келер нығмет бар.

Ақ жаулықты кемпірлер,

Нұр ойнап жүзінде көрінер.

Мейірімін шашып ұрпаққа,

Он саулығын елдің көбейтер.

Кеткендер кері түзелер,

Көп болса елде әжелер.

Қой дейтін болса қожасы,

Номадтық нәсіл мол өнер.

Алланың түсіп мейірі,

Артады жердің өнімі.

Түсіріп көктен нәсіпті,

Байлықтан болмас кемісі.

Татулықпен сенімді,

Бірлігін барлық білімді.

Адамгершілік иманмен,

Тазартса елің ғылымды.

Ғылыммен ақыл суаты,

Бірліктің болар қуаты.

Іліммен білім ортасын,

Тапқанда тура жол болмағы.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *