Өмірде көп адасқан,
Талай күнә жасаған.
Тыйып қойып ұятты,
Күнәға күнә жалғаған.
Ұятсыздық бұл нәубет,
Қайдан бұл келді деп.
Сауал қойсаң білгенге,
Құтылар жолын білсем деп.
Қорықпасаң Алладан,
Кемиді қуат ұяттан.
Жасаған сайын күнәні,
Артады қуат қарадан.
Азайған соң ұятың,
Түсінбей сөз салмағын.
Арың кетер әлсіреп,
Бірісің көп наданның.
Наданның көп белгісі,
Өседі іштен мендігі.
Өркөкірек, соқырлық,
Жанының бұл өлгені.
Ұйқыдан жаны оянбай,
Хабарына Құдай жалғанбай.
Тауға, тасқа бас ұрмақ,
Өмірден мәнді таба алмай.
Дүниенің сауық қызығы,
Ішіп-жем болмақ шыжығы.
Хайуаннан төмен болады,
Көбейіп сөзден күпірі.
Мәнсіз босқа сөйлеген,
Білімді ақыл, деп білген.
Адамзаттың бұлар перісі,
Шайтаннан болған жын деген.
Ақтап өзін кісі боп елірген,
Заманға көп күйлеген.
Ел түземек ой жорып,
Терісі тар, ділін күйдірген.
Тозақтың бейне бойында,
Түрлі дерт, індет қойында.
Тән азып, жанды өлтірген,
Саудасы — ары теріс ойына.
Болмаса ұяттың қадірі,
Жоғалар ұлттың нанымы.
Жетесіз, жансыздар ел билесе
Үзілген жібі, ел тағдыры.
(Тамыз 2018 жыл)
**** ****