Көріпкелдік терістен(104)

Бөлім: Зікір өлеңдер 110

Жамандықты көретін,

Жақсылықтан безетін.

Көріпкелдік торыған,

Терістікке жалғанған.

Ақтардым дер сырыңды,

Маған деп, бәрі көрінді.

Күнәңді тығып жасырған,

Көбейтер өсіріп бүлінді.

Ақталудан жөн айтпай,

Сөз саптайды сырғақтай.

Құр күмәнмен оттаған,

Тақуалықпен діннің санаспай.

Мақтан көріп терісті,

Қалдырған нұрдан үлесті.

Тазақ ақыл жоқ байқасаң,

Терістен сөз жүйесі.

Көріпкел деген құр аты,

Көретін тек жаманды.

Жақсылықты көріп білмеген,

Іші арам болмақ күнәсі.

Қорқытып айтып жаманды,

Жабады жете санаңды.

Жындық топтың біріне,

Қосуға қызмет қылады.

Күнәдан өзі ақталмай,

Терісін толық тазартпай.

Өзінде тұрған күнәсін,

Өзгеден көріп тапқандай.

 Іш күнәға толған соң,

Өрісте арам тұрған соң.

Белігісін көрер біреуден,

Жұқтырып сөзбен жалғаумен.

Көріпкел солай аталып,

Жындармен толық жалғанып.

Шындықты сезсе торығар,

Өзгеріп түрі сасарлық.

Көріпкелдік терістен,

Перілік жүйе ібілістен.

Жеті топ жынға қызметі,

Тері азған, әлсіз бой өріспен.

Ақталмай болмас қасиетті,

Тазартып арамнан мал, етті.

Тақуалық қылып сопылық,

Меңгеру керек ар текті.

Шындықтан болар қорықпас,

Сезімге беріліп жанықпас.

Құдайдан көріп аянын,

Ақылмен өлшер анықтап.

 (Тамыз 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *