Тағатсыздық таршылық(105)

Бөлім: Зікір өлеңдер 37

Ағаттық, албырттық,

Ноқтасыз сезім, дақпырттық,

Адамдықты жоятын,

Көңілге бермек таршылық.

Тағатсыз сезім күйдіріп,

Итермелеп дүние сүйдіріп,

Шығарар есті бойыңнан,

Жаманды жақсыдай білдіріп.

Ақылға көнбес қаңғыртып,

Ескіні қайта жаңғыртып.

Таршылық салып көңілге,

Тозығын өткеннің алдыртып.

Тағатсыздық, таршылық,

Дүние ісіне мас қылып.

Есіңді тұр жинатпай,

Оятпай жанға қас қылық.

Нәсілге қара жалғантып,

Ой жорытып мақтанған.

Білімді ақыл, ғылым деп

Тарлығына күнә байлантқан.

Жалған намыс таршылық,

Тәкаппарлық бұл қылық.

Тектілікті терістеп,

Бірлігін әлем бұзғызып.

Сезімге селкеу түсірмес,

Жаманды жөнге түйдірмес.

Таза ақылдан сеп бар ма,

Оранып отқа күйдірмес.

Ақылды айдап алдыға,

Оята білер күш қайда.

Бес жақсыға бойдағы,

Көңілің толар күн қайда?

Бықсып жанған шоқ болмай,

Күнәң жанып жоқ болмай.

Лаулайтын оттай күн қайда,

Тазарып тағдыр ақталмай.

Қайратың қайрап жаныңды,

Көңілді кеңге жаюды.

Сезімге салып ноқтаны,

Адамдықпен иман алуды.

Ата-ана мирас байлығы,

Мал жанның түгел саулығы.

Ар-ұжданды өсіріп,

Таршылықтан жол табуды.

Сүйрелер алға еп бар ма,

Тағатпен малды бағарға.

Жер кезіп басып ойпатты,

Зейнетін жарық аларға.

Осы ғой деп жаның іздеген,

Арылып жалған сезімнен.

Дақпыртынан жалған ажырап,

Қам көңілдікпен жан көбейткен.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *