Ғашық болсаң текті ерге

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 43

Қазақтың ар білімі дәстүрі еді,

Арлы қыз сезімді еркін меңгереді.

Жаны да бойымен бірге өскеннен,

Жанымен жүрек бірге жүрмек енді.

Арлы нәзік сөз астарын меңгереді.

Ер сөзінің қуатын, тазалығын сезінеді.

Даналыққа ғашық болып жаны оның,

Өзін құрбан кісілікке берген еді.

Ғашық болса нәзік жан ғұламаға,

Сүюмен шектелмейді мұндай жанға.

Кісілігіне емес сөзіне қарап ғашық болған,

Нәзіктер лайық жар болуға даналарға.

Бәрі де топтасу керек бір арнаға,

Тақуа болмай даналық қонбас қолға.

Нәзіктер аз өзін күтіп ар сақтаған,

Ғұламадан құран алған өз қанына.

Пайғамбардан қалған бұл құпияларда,

Құраннан кітап жазған нәзік жанға.

Аналар тақуа болып діл өсірген,

Айналған арап елі текті қанға.

Шопан деп атап кітап алған қожаларды,

Төре деген ел билеген елші даналарды.

Бірі сұлтан бірі хан үлгісі еді ұлттың,

Қазақта болған әр рудың өз шопандары.

Қазақта бұл бақшаның шопаны көп,

Төрені алдын ала таңдаған уахи біліп.

Тобықтыдан тараған  руды неге атаймыз,

Құдайым жаратқандай өзге ұлт қылып.

Қожаны  арап елінен шықты дейміз,

Ал ишан, бақсыларды қайдан келді дейміз.

Талай пайғамбар шыққан қазақ тегінен де,

Ұрпағы қожа болмай, қайда кетті дейміз?

Қожалар және азды жан меңгермей,

Тәккаппәр болып өз тегін жүр тексермей.

Бір-бірінен қыз алып азған тегі,

Қожа, төре шыққанын қайдан мүлде білмей.

Қожалық та, төрелік те жанмен келер,

Басыңды құдай кімнен екенін өзі білер.

Адамның басы Алланың добы емес пе?

Тектілік басты танып иесі көктен келер.

Дәстүрі ұлтыңның қыз өсірген,

Қаны таза қыз емес  пе тек меңгерген.

Нәзіктің кіндік төмен жатыр үстін,

Төре деп атаған да бесік жерің деген.

Қожалық нағашыдан қанмен келген,

Пайғамбар жиендерін қожа деген.

Араптан қыз келген жоқ, қызды беріп,

Түбінде өз қаның ғой қожа деген.

Қазақта көп тегі мықты нәзік жандар,

Дәстүрін меңгермей сыннан құлағандар.

Тазартып қанын тақуа дана ерге тисе,

Туар еді тегі мықты төре, қожалар.

Тектілік ғылыммен кітап, қасиетпенен,

Кімге ғылым берілсе, мол ризық деген.

Құдайың қаласа ғана кісілік- есің жетіледі,

Қаламаса құдай қожа, төрелік жетілмеген.

Құран хадис еместі санымен оқығанда,

Аятына құранның қарсы, ортақ қоспа.

Кітапты берілген қожа деп атағанды,

Ал төре елшілік қасиеттері түгел болса.

(ақпан 2014 жыл)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *