Кесірлік (189)

Бөлім: Зікір өлеңдер 98

Заң, тәртіпке бағынған,

Ой жорумен би болған.

Жасаған қолдап тұра ма?

Заңымен мықты кім болған?

Ажалға қарсы тұра алған,

Әлемде бар ма құтылған.

Тарихында жоқ дәлелді,

Қазақта неге заң болған?

Іштарлық қылып тексермей,

Құдайдың заңын ескермей.

Әлемнің жұртына еліктеп,

Дүниемен жүр мәңгі өлместей.

Мақтанға байлық ісінген,

Болмаққа артық біліммен.

Үш тілді ғылым атап жүр,

Адамдықтың жоқ сырын түсінген.

Құлаққа ілмей хабарын,

Құдайдың жол-жобасын.

Қуатын елдің тауысып,

Жәндіктеніп нәзік жандарын.

Тас жүрек ел билері,

Сұрланып алған түрлері.

Соқыр, саңырау, іші арам,

Қу бастық әдет күйлеуі.

Кесірлер көп егескен,

Біліммен артпақ тірескен.

Орыстан бөлінбек,

Бақадай боп күшенген.

Көрсетпек Құдайға ірілік,

Қойдың деп бізді қырғызып.

Кектеніп күшенген,

Таңба өзгертіп діл жібін үзгізіп.

Қаһарын көпке шашпасын,

Қос қолдап Құдай ұрмасын.

Раббыдан түсті көп белгі,

Тылсымнан беріп батасын.

114-сүре құран аяттан,

Жадыға тоқып ағарған?

Сақта деп мұндай кесірден,

Дәстүрімен қазақ сыйынған!

(Қараша 2018

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *