Кесірлік(99)

Бөлім: Зікір өлеңдер 46

Бойында жоқ қанағат,

Байлығын дүние армандап.

Бергенін Құдай азсынып,

Шүкірсіз көп адамзат.

Құлағын тігіп нәпсіге,

Сыбдырын тыңдап ентіге.

Сыймаса да қарнына,

Көз тояр ма жемтікке.

Таңдап, талғап ұнатпай,

Оңдысын мүлде жаратпай.

Артық болмақ баршадан,

Құбылған мінез сынаптай.

Тыжырайтып мұрынды,

Өзір зор ғып көруді.

Кесірлік дертке душар боп,

Көрсеттің кімге қырыңды?

Зорды, зор деп танымай,

Кемісін көріп тұрғандай.

Қателіктің бәрін жүк қылған,

Өзіңді сынап қарамай.

Сөнген отты жаға алмай,

Көңілің қайта оралмай.

Талаптанбай, ерсінбей,

Қаласың ба сұралмай?

Қолда барды аз көріп,

Оңай олжа, деп ерлік.

Кесірлікті неге таңдадың,

Жаныңды өзің өлтіріп?

Миың болса басыңда,

Назар салсаң тағдырға.

Ажалың келсе бір күні,

Жатасың суық қабырда.

Өзіңмен бірге алатын,

Бола ма дүние жарағың?

Кесірлік дертің өзіңді,

Болмай ма жылан шағатын.

Қасиетпен бірге кесірді,

Талайлар бірге өсірді.

Артықпын деп бәрінен,

Ар жоғалып иман кеміді.

Мал табудың жолында,

«Аққу, сұңқар» болуға.

Атадан қалған мирасты,

Періліктің беріп қолына.

Шариғат ісін терістеп,

Арсыздық салтқа еліктеп.

Күнәсі айна ішінде,

Жұқтырған елге өрістеп.

Қойыңдар қарағым кесірді,

Ойласаң ақирет өлімді.

Келген ізді таба алмай,

Жоғалтпа тектік нәсілді.

Қанағат, шүкір, сабырды,

Меңгерсең дәстүр нанымды.

Кесірлік деген жендетті,

Білесің өртеп жағуды.

(Тамыз 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *