Киелі сөз жігіт деген

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 55

Жақсы атақ, киелі сөз жігіт деген,

Жігіт болды деп ата-ана үміттенген.

Ел мақтаған жігітті қыздар жақтап,

Қыз сүймеген жігіттен ел күдіктенген.

Жігітке тәуекел іс мақұлынан,

Басына жамандық келсе ақылынан.

Он пәле басқа келсе, тоғызы тілден болып,

Себепшісі ағайын және болар қатынынан.

Ер жігітке ел қарайды үмітпенен,

Бойдақ болса артынан ерер күдікпенен,

Отау құрып, қызмет қылып өз ұлтына,

Ата-ана сенімін ақтар жігіт деген.

Жігіттіктің базарына әркім барған,

Талай ер бұл базардан несібе алған.

Жастықтың думанын қимай жүрген,

Жамандар бар өмірден босқа қалған.

Жастықтың да мезгілі бар күн санаулы,

Аңшыдай сонарлаған қар жауған күні.

Айласын асырып түлкісін ала алмаса,

Бақыты қона алмай онда ауғаны.

Жігіт те бар бірі сидан, кейі сырдаң,

Жинаған бар қулықты ой мен қырдан.

Іске шорқақ, пысықсып сөзге үйір,

Ақыл айтып күн өткізер ыржаң-ыржаң.

Жігіт бол, өнер жина жігіт сынды,

Мақтанып көтермей кеуде, бас мінді.

Намазхан боп дәстүрін, ұлтын сатқан,

Даурықпа, даңғой, ессіз, болма жынды.

Ер жігіт дәстүр біліп, ұлтын сүйген,

Ел ісін жетік біліп,  меңгеріп малын, үйін

Жоқ-барды, алған-берген термей сөзді,

Үлкенге құрмет, кішіге ізет жасай білген.

(қаңтар 2014 ж)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *