Қыз сыны

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 107

 Қыз дегендер шоқ қой қыздыратын,

Қызықсын деп қойған  қыздың атын.

Қыз күнінде шіркін-ай бәрі жақсы,

Онда қайдан шығады екен жаман қатын.

Қыз деген әдемі еді гүл бақшаңдай,

Періштедей қол бұлғап тұр шақырғандай.

Шіркін-ай қырық үйден тыйым көрген,

Жар болар мұндай қыздар шекер балдай.

Көргенде асыл қызға сөзді кім айтпайды,

Нұрлы жүзді қыздан кім сөз аяйды.

Құрғыр көңіл қызды көрсе алаңдайды,

Жүрек соғып, қан тамырың дызылдайды.

Алтайы қызыл түлкі ұқсатам қыз баланы,

Ары бар, құтты қыздан кім құр қалады.

Алған да, алмаған да арманда боп,

Ер жігітке тап болса ғана жарасады.

Қыз деген қызыл райхан гүл емес пе?

Бұйымы жігіттің қыздарда тұр емес пе?

Болғанда қыздар бақша, жігіт-бұлбұл,

Кіретін бұл бақшаға некенің сыйы емес пе?

Қыз өседі бой жетіп белгісі қызыл алма,

Ұқсап тұрар бойжеткен қыз гүлді балға.

Жігітер арлы, ұятты қыздарға сөзің арна,

Кетші, жолама деген сөзіне ешбір нанба.

Қыз бойжетсе базардағы қызыл өрік,

Баста орамал, етегі тұрса жерге жетіп.

Киімі сақтар қыз арын, қылыққа беріп көрік,

Сұлу деп тән ашқанға, ұятсызға болма жерік.

Арлы қыз төмен қарап, ал арсыз көзге,

Қайсысы лайық ғашық боп үзілерге.

Басыңды көп қатырма тән сұлуға,

Тәрбиесіз тәкаппарларға қол да берме.

Ұрысса қыз жігітке беріп кеңес,

«Ішің толғыр» деп ұрысар ештеңе емес.

Қыз қылығы ер жігітке майдай жағар,

Дегендей; Бөріні ит қарғап сірә жеңбес.

Өмірдің сәні емес пе қыз-келіншек,

Қыз-келіншек бар жерде ер көңілшек.

Нәзіктерсіз бұл өмір қызық емес,

Ал еркектерсіз көңілдерін кім көтермек.

Жақсы қыз ер азамат тілектесі,

Кем көріп нәзіктерді жүдетпеші.

Кімнен артық хайыр бар, кім білерді,

Ұл қыздың да болсын деңіз ақыл-есі.

Арлы, ұятты қыздарың болар алтын,

Сақтайды қанында ұлттың дәстүр-салтын.

Артық сөз айтпағаннан елге ұнар,

Мінсіз мінез, сақтаған сыр-сымбатын.

Қыздарды әурет жауып киіндірген,

Тәрбиелі қыз ешкімнен де болмайды кем.

Абайлап ата дәстүр сақтай білген,

«Қыздарға қырық үйден тыйым» деген.

Дүниеге асық болған, күтпес бойын,

Қиял қуып, сауық-сайран қуған ойын

Құшақтап қу тізесін жалғыз жатқан,

Сорлы қыз ердің аңсап жылы қойнын.

Талай сұлу тәкаппарды  көрдік жасымызда,

Қызмет қуып менсінбеген  басымызды,

Кемсеңдеген мыжырайған кемпір енді,

Талайы отырған бар біздің қасымызда.

Сөз жаздым насихатпен ұғар ма деп,

Қыздарға жүрегіне сөздерім бара ма деп.

Жар табыңдар, бос жүрме нұрың барда,

Ажал жетсе түбі жер қойнына алады деп.

(қаңтар 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *