Дін мен Діл кітабында шұлыққа мәсіх тартуға болмайды, үнемі жуып жүру керек екенін бүкіл құран тәпсіршілерінің еңбектерінен дәлелдер келтіріп зорға дегенде дәлелдеп шығып, ал Ислам ғылымхалы кітабында аяққа мәсі киіп жүргенде ғана мәсі сыртынан мәсіх тартылатынын дәлелдепті. Әрине негізі діннің басты шарты да осында. Бірақ көп ғалымдардың пайғамбарымыздың да, сахабалардың да жалаң аяқ жер баспағанын мүлде қаперден шығарады. «Аллаһ (Алла) Елшісі бізге дәрет алып, мәсі киген кезімізде егер жолаушы болсақ үш күн, тұрғын болсақ бір күн бір түн бойы мәсіх тартуымызды және мейлі кіші, мейлі үлкен дәрет үшін оны шешудің қажеті жоқ екенін, тек жүніп болған кезде ғана шешуімізді әмір етті.» (Сауан ибн Ассалдан) «Пайғамбардың сәлдесі мен мәсілеріне мәсіх тартқанын көрдім» (205-өсиет) «Оң аяқ бірінші киіліп, соңында шешіліу үшін, біреуің кебіс кигенде оңнан бастап, шешкенде сол аяқтан бастасын» деген. (1900-өсиет) Пайғамбарымыздың жай өсиет қана емес, өзі қалай киінуді көрсетіп әмір берген аятын онда неге біздер орындамай мешітке жалаң аяқ, жалаңбас жүріп ал тақуа, қажы, ғалым аталғандарымыз өздері пайғамбар әміріне қарсы келеді? Оған не себеп? «Сүнетті орындамайтындар, хадистерді жоққа шығаратындар» дегеніміз жөн.» (238-бет) «Пайғамбардың өзі: «Уа адамзат! Мен сендерге екі нәрсе қалдырып барамын. Соларды мықты ұстансаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол Алланың кітабы Құран және менің сүнеттерім..» деп, өзінің бірқатар сахих хадистерінде тура жолдан таймаудың кепілдігі екенін ескертіп кеткен.» (243-бет).
Өзі дәлелдеп бірақ өздері оны орындауға мойыны жар бермейтін дін ғалымдарын кім деп қалай бағалаған жөн? Яғни діндегі бүлікшілер екенін тағы дәлелдеп кеткен. «Сүннетті жоққа шығару бүлігінің шығатынынан Пайғамбарымыз (с.а.у-жынды емес) сонау он төрт ғасыр бұрын мұғжиза ретінде хабар беріп кеткен…» ( дін мен діл; 243-бет) Енді сыртқы киім туралы; «Изардың тобықтан төмен түскені тозақта» «Тәкаппарланып изарын сүйреткен кісіге Алла Тағала қиямет күні қарамайды» деп жалпы ұзын киюді емес, тек тәкаппарлану мақсатында ұзын етіп киюдің күнә екенін нақты түсіндірген.» (119-бет) Бұл жерде «изар» дегенді атамай шалбар деп оның да тек еркектерге жасына, дәрежесіне қарай сан алуан түрлері болып балағын, етегін жерге сүйреп артынан шұбалтып сүйреп жүру деген қазақ халқының әдет-ғұрпына сақ дәуірінен бері жат болып, сондықтан әйел, еркек мейлі бала болсын ықшам шапанмен қыста етік, пимасыз, жазда мәсісіз жүрмегені хақ. Ал негізінен жерге артын сүйреп жүретін киім үлгілері бұрынғы перғауындықтардан қалған сән болар. Ал бұндай аудармаға ақыл жүгіртіп көрсеңіз жалпы ол замандарда матадан тігілген шалбар деген болуы мүмкін емес.
Шалбар тек еркектер киімі ретінде теріден ғана тігіледі. Ал теріден тігілген шалбардың балағы жерге сүйретіліп жүруі тіптен ақылға симайды және ондай киімді араптардың ыстық жерінде киді деуі де мүмкін емес деп ойлаймын. Ал арап халықтарында теріден тігілген мәсінің болғаны рас. Сондықтан пайғамбарымыз да мәсі киген адамның балағы да қысқа болатынын ескерткен. Ал діншілеріміздің жан ғылымынан мүлде хабары жоқ деп айтуға бір ғана мысал келтіріп кетсек; «Менің алдыма киімдеріңді (изарларыңды) сүйретіп келмеңдер» деген пайғамбарымыздың өсиетін тәпсірлеп түсіндірген көп діншілеріміз, «тақуаларымыз» шалбардан балтырдан төмен бөлігін түріп, балтырын ашып, жалаң аяқ намаз оқиды және солай көшеде де, мешіттерде де кездестіруге болады. Жас кезімізде шалбардың балағын кең қылып тігетін, сүйретіп жүретін «кала-кала» деген сән болды. Шалбардың жерге жақын жерін көйлектің етегі құсатып кең тігілген жағдайда ғана балақ жерге сүйретіледі. Екіншіден егер балақ тым кең тігілмесе, ұзын балағыңыздың арты жерге сүйретілмек түгіл, алды оралып табаныңа түсіп, сүрініп құлап, өз балағынды өзің басасың және мұндай киіммен аяғын боққа былғап қалай жүреді? Үшіншіден ыстық құмда ол замандарда етіксіз мәсі, арнаулы аяқ киім кимей тағы қалай жүрді? Ал етік, мәсі болған жерде шалбардың балағын кең қылып сүйретіп кию деген ішіне де, тағы ақылға да симайды. Сондықтан ғалымдарымыз да жалпы бүкіл аудармашылар да ақылға жүгінбей оймен жорып қателескен. Ал шындығына келсек; Изар деп түймеленбейтін жамылғы шапанды атаған. Алды ашық болғасын, ұзын болса арты сүйретіліп жүруі және оны байлар патшаларға еліктеп ұзын киюі, артын ұзын қылуы әбден мүмкін. Ал ол шапанның енді бір бөлігі дамбал есебіндегі балағы қысқа мәсіге кіргізіп қойған екінші бөлігі де болып, сол киімді тұтастай изар аталған деп ойласақ ақылға дұрыс келеді.
Енді дін бастықтары изар дегенді шалбар деп балтырдан төмен болмасын дегенді шығарып, соған еліктеген надандар балағын да кесіп немесе түріп алып намаз оқиды. Бұндай надандық қылықтарға тағы бір себептің пайғамбарымыздың; «Изардың тобықтан төменгі бөлігі — тозақта» деп шапанды тобықтан төмен түсіруге болмайтынын және аяқта міндетті түрде тобықты да жауып тұратын аяқ киім болуын, жалаңаяқ жүруге болмайтынын ескерткен өсиетін басқаша түсіндіргендіктен де осындай теріс қылықтар дағдыға еніп кеткен. Егер ғалымдарымыздың жаратқаннан құранды аударуға алған ұлықсаты болса онда Раббымыздан изарды көрсет деп дұға жасап, оп-оңай аянмен көруге болатынын қалай білмейді? Пайғамбарымыздан; «Ешбірің жалғыз киімде екі иығы ашық халде намаз оқымасын» (226-өсиет) Бұл өсиеттен араптардың ұлттық киімі изардың ішінен тек іш киім сияқты жалғыз иығы ашық көйлек пен дамбалдың ғана болатынын білуге болады.
Адам баласының жанаттық та тозақтықтық та белгілері тән тазалығымен, киіммен байланыстылығын ескерткен өсиеттердің түсінігінің бұрмаланып кетуі де осы ғалымдардың ақиреттік тіршілік қағидаларын, жан ғылымын толық білмеуінен туындаған. Мысалға: «Әрқайсыңа жаннат аяқ киімнің бауынан да жақын, тозақ та дәл сондай» (2017-а.) «Изардың тобықтан төменгі бөлігі — тозақта» (1891-а) деп ескертуінің астарында арап халқында бауы бар (шәркей) аяқ киімнің болғандығын, надандық дәуірлердің өзінде жалаң аяқ жүрмегенін ескертеді. Сондықтан адам баласының аяғының тозақтық жерлері әлсіз, әурет және жаман иістердің бөлініп ауру қоздырғыш микробтың (шайтанның) ұялайтын орындары болып табылады. Бұндай иіс шығатын әлсіз қорғалуға тиісті әуретті, тері бездерінің орындары әйел затында 40, еркектерде 30 тозақтық белгісімен әуретті киіммен ерекше жабылатын орындары бар. Сондықтан қиямет деген адам баласының тән тазалығынан, жалаңаштықтан туындайтынын ескертіп; «Сендер қиямет кезінде жалаң аяқ, жалаңаш, сүндеттелмеген халде жиналасыңдар» (2029-аят) «Расында, қиямет күні тозақылардың ең жеңіл азаптысы-табандары астына екі шоқ қойылған кісі, одан әлгі кісінің миы қазан не құмға қайнағандай қайнап тұрады»(2036-аят).
Жалаңаш жүру басты аяқты жаппаудан мидың жұмысы, ойлау қабілетінің жоғалуымен қазіргі таңдағы имамдардың, ғалымдарының өздері жалаң аяқ, жалаң бас үлгі көрсетуінен солай намаз оқудан дін апиынға айналып адамзаттың мастығын ғана туындатып жатқаны ақиқат. Хикмет сырлары (тасаввуф) кітабында «Фиқһ» ғалымдарына қарағанда адам баласының кемелдену, тақуалыққа жету, сабырды меңгеру туралы көлемді түрде дәлелдер, хикметті істер арқылы баяндалады. Нәпсінің жеті сатылы тәрбиесі туралы баяндалған. Демек түркі дін ғалымдарына адам тәнінде жеті желдің (нәпсінің) жолдары бар екені белгілі болған. Сол жолдардың негізгі 3 қызмет орны (тоғысу, араласу орындары) бас пен аяқта орналасқан. Мидың ойлау, ақпаратты қорыту, сананың зейнеттелуі бастағы терінің жұмсақтығы мен екі аралық шырыш қабаттарына, көлеміне, тазалығына және жыныстық тазалыққа да тәуелді болады. Еркек басынан еркектің ойының зәр иісі бөлінсе, әйел басынан өте өткір нәзік әйел қанының иісі бөлінеді. Сондықтан бас киімді қадірлеу қазақтың ата-салт дәстүріне кіреді. Дәуіт Тайи Әбу Ханифа шәкіртінен; «Жиырма жыл Әбу Ханифа Хазіретімен бірге болдым. Осы уақыт ішінде байқағаным, жалғыз кезінде де, қасында біреу отырғанда да жалаң бас отырғанын және дем алу үшін көсіліп отырғанын көрмедім. Өйткені, олар әр сәтте және әр жерде жаратушының құзырында екендіктерін пердесіз көретін және дәлелсіз сезетін ариф жандар еді. Яғни, олар «Қай жерде болсаңдар да, Ол сендермен бірге» «Олар намаздарын үнемі оқиды» деген аяттардың сырын түсініп, намаздың сыртында да сол құзыр халін сақтағандықты білдіреді.» (546-бет) Ал енді Ясауи бабамыздың; «Шопан мен патша киімі бірдей болсын» деген өсиетін былай қойғанда, Әбу Ханифа масхабын ұстанып, ондай әулиенің істерін халыққа үлгі қылып көрсетуші дін жетекшілеріміз теріс өнеге көрсетулерін қалай түсінеміз. Оны жалпы діншілер ұғымымен сөзі мен ісі қабыспайтын «мұнафықтықтар» деп атайды.
Аталарымыз; «Молданың айтқанын істе, бірақ істегенін істеме» деп осындай әдет-ғұрпымызға, салтымызға діншілер тарапынан жат қылықтар туралы ескерткен болар. Жалпы тәнді жаппақ түгіл жұқа киінудің өзі тозақтық болатынын пайғамбарымыз; «Кім бұл дүниеде жібек (жұқа) кисе, ақиретте оны (жан киімі, бүлдеге орану) кимейді.» (1896-аят) деп киімге аса мән беруді, жұқа жалаң киімге тыйым салып, екі үш қабат киімдермен қалың киінуді ескерткен. «Пайғамбар өздерін әйелдерше ұстайтын еркектер мен өздерін еркектерше ұстайтын әйелдерге лағнет айтып; «Оларды үйлеріңнен шығарып жіберіңдер» -деді» (1903-аят) Пайғамбарымыздың өсиетіне қарсы болып, мұсылмандықтан шыққан, құдайдың лағнетіне қалған, әйелдерше иіс суы бұрқырап шашын сәндеген, керісінше еркекше киініп, шашын қысқартқан, шалбарланып арын, ұятын базарға салған және төсіндегі жыныстық белгісін мақтан еткен еркек, әйелдерімізді құрметтеп төрге шығарып, пайғамбарымыздың өсиет үлгісі түгіл, зейнеттеріңді ашпаңдар деген құран үкімімен де келіспейтінімізді білдіріп, мәдениет құзырлы орындары мен ел ордаларын басқаруға беріп қойдық. Осындай ар-ұятқа, ата заңымызға жасалған ашық қастандық шайтандық әрекеттермен күресуге тиісті діншілер мен абыз, ғалымдардың өздерінің де жан ғылымынан сауаты қарапайым қазақтың қара шалдарынан төмен екендігін күнделікті көзбен көріп, құлақпен естіп жатқан жайымыз бар.
Қазақтың киім үлгілері белгілі бір таңбаны, дәрежені білдіріп қоғамнан өз орнын алуды, соған лайық сыйластықтың, ізеттіліктің қарым-қатынасын сақтауға арналған. Мысалға қыз балаға сәукеле кигізу жыныс тазалығының, әйел жынысының таңбасын, бейнесін көрсетіп, ұзын қуыс түтікшемен басында гүлді бейнелейді. Яғни 12 гүлі «Бәйшешек бақшасы» ашылмаған қыз екенін білдіреді. Абай атамыз қызға қырық үйден тыйымның «Майдағы жұрттың іші – қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да сөнер ме?» деп қызды қар-ұятсыз салқын қылып тәрбиелемей, ұятты, отты қалыптастырудың маңызын, жан сырын осылай астарлап көрсетіпті. Ал енді ішінде оты болған қызды айттырып, қалың малын беріп, күйеуге шыққанда жаулық салған «кел-ін-шек», балалы болғанда оттың егесі кимешек киген қа-тын, ал сонан кейін ерінің тірегі, елдің анасы болған белгілері де арнаулы бас киіммен, жан сырының құпиясы белгіленіп көрсетіліп отырады. Ал жалаңбас көрінісі шайтанды белгілеп, шашын жаюды құдайға қарсылық, «жалғызымды, жарымды неге алдың?» деген қайғыдан пайда болған ырым. Ал еркектің де нәпсісін тыйып, ел ағасы болғаны да жыныстық белгіге ұқсас телпек киіп және билердің, хандардың, ғалымдардың, сопылардың, батырлардың бас киімдері де өз дәрежесіне сай болған. Бас киімді тек өлген уақытта ғана шешіледі деп түсінген. «Тегін адам таз болмайды» және «тазша бала» деп қасқа бас, таз бастардың ұлттық тәрбиесі, наным сенімі, діні дұрыс болмаса ерекше қу, залым, сұм болатынын да ескерткен. Осындай таздар мен қасқа бас мекеме басшыларымен сұқбаттаса қалсаңыз діни нанымын байқап алмасаңыз қауіпті, абайлап сөйлескен абзал. Басын көпшілік алдында ашық ұстаған басшылардың өлімнен қорықпаймын немесе өлімді жеңдім деген буддалық діни сеніммен, «ламалық» ырымы болып табылады. Ал христиандардың да өлген адам алдында ғана бас киімін шешуі өлікке құрмет және тозақ қайғысымен, азабымен ортақтасу дін туысқандық ырымы болған. Ал қазақта жалпы түркі салтында бас киімсіз, жалаң аяқ жүрушілер құлдарға, құлдыққа түскендерге лайық деп түсінген.
Бәріміз де кедей, қара шаруамен (пролетарлармен) тең боламыз деген орыс империясының саясатын мүлтіксіз орындайтын қазақтан басқа ата салт-дәстүріне, дін-жанына ашық қарсы тұратын исламдық ел аз болар. Ал киімнің ақылға қатыстылығын, жан сырының сауытын-зейнетін қалыптастыру дін құлшылығының негізгі ірге тасы болып саналады. Сондықтан жаратушымыз; Құлшылық орындарында зейнеттеріңді алыңдар, әйел еркек бір-бірлеріңнің киіміңсіңдер» деп ескертудің астарында үлкен ғылыми заңдылықтар бар. Адам баласының ішкі сырларының күнәларының көрінісі, рухани қабілеттік дәрежелері зейнет сызықтары мен мүшелермен белгіленіп, оны ерекше күтімге алатын әуретті жерлер деп атайды. «Әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деп, әйел затының тез ойланып бірақ сөзінің, қулығының, жын-кекшілдігінің, жамандықты есте сақтау қабілетінің, білімінің ұзын болатынын ескерткен аталарымыз. Соған байланысты жаратушымыз күнәлі сөздің өздігінен бөлініп, керісінше пайдалы қуат өндіру үшін әйел адамның басында шашын бөлек ерекше және әлсіз қылып жаратқан. Шашы ұзын әйелдің мейірімділігі, кешірімділігі де жоғары болып және басты үнемі жылы ұстап шаштағы еркектен 6 есе жоғары алтын өнімін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондықтан алтынды жан қазынасын қорғау үшін жаулық міндетті түрде үкім етілген. Ал еркектің басы ауыр ойларға, болашақты болжауға арналғандықтан темір өнімі көп және терісі қалың ауыр болғандықтан «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық деп» еркек басының ой қуатының артықтығын ескерткен. Әйелдің жыныс қуаты бастан нәр алса еркек керісінше аяқтан, табаннан алады. Еркектің аяғы күміске айналып, яғни қоладай ағару қажет. Олай болса әйелге жаулық қандай қорған болса, еркекке аяқ киім де сондай қажеттілік және жан тазаруына мұқтаждық. Ал әйелдің бүкіл күміс қоры жамбас, аяқ мүшелерінде болып алдыңғы жамбас, жыныс сызығын «арай жап» деп атап, жатырдың әйелдің барлық қасиет, қабілеті және күнәсін әшкерелеп тұратын зейнет сызығы, «жын»-«ысы»-ның (иісінің) шамасы болып табылады. Сол сызық үш бұрыштың бұрыштық шамасы ұзын, қысқалығы жатырдың бала көтеру қабілеті мен әйел затының текті, тексіздігін көрсетеді. Енді шашын қиып, жалаң бас жүрген қыз, әйелдеріміздің де артқы құйрық сызық белгілері созылып, әйелдік жамбас «ер ағашы» жалпайып, қисайып қулықтары іштен шықпай, жыны басқа қарай шауып, мінездерде қаталдық, қулық, арамза пиғылдардың артуына себеп болады. Еркектің шалбар киіп жүре беруіне болуының өзінде еркек құйрығынан «хлор» (у) өнімі ыстықтық болса, әйел құйрығы «натрий» өнімі күнәні тазартушы, қабылдаушы, салқындық болып екі қарама-қарсы жаратылысты көрсетеді. Тілі жаман еркектің құйрығы у болып; «Айнығыш ер тартса салқын, бал сұраса береді у. Қазымырлап сөздің артын… Қасиеттен беттен жу.» деп Абай атамыз сөзі, тілі, мінезі дұрыс емес еркектің ұрығы да дұрыс болмай, әйелдің бетіне, басына, ойына шабатынын ескерткен.
Жалпы адам баласының жыныстық қуаты салқындық болып, некесіз жыныстық қатынасты жаратушымыз құранда; «Бой суытушы болмаңдар» деп ескерткен. Ал әйелдің аяғы мен балтыр, аяқ, табанына дейін ыстықтық болып себебі ана сүтінің қалыптасуын, тазалығын білдірсе, ал еркектің аяғы, тізе, балтыры суықтық. Сондықтан; «Жәннат ананың ақ сүті әйелдің табан астынан бастап» пайда болады. Әйел шашының қысқалығы мен басты жаппай салқын ұстауынан күнәлардың құйрық майларының еріксіз үлкейіп алтын қуатының жетіспеуінен ет пен тері арасының май қабаттарымен жабылуымен және артқы сызықтық күнәнің ұзаруын қалыптастырады да етеккірінің бұзылып өзгеруіне, қан тазалығына тікелей әсер береді. «Құйрығы шаян, беті адам Байқамай сенбе құрбыға! Жылмыңы сыртта, іші арам, Кез болар қайда сорлыға…Көп жүрмес жеңсікқойлық, әлі-ақ тозар, Жаңғырар жеңсікқұмар, жатқа қозар» деп атамыз сыртқы бейнені қалай аңғару жан сырын да ескертіп кетіпті. Аяғын жалаңаш ұстаған әйел өзіне еркек қуатын алып, жыныстық ләззат сезіміне бөленсе, ал еркектің жалаңаш аяғы дерттенеді. Бұндай киім ғылымынан хабарсыздықтан адам баласының азғындап, күнәнің ықпалына түсіп жан «БАҚ» қабының әлсіздігінен ауруға, түрлі сыртқы ықпалдарға қарсы тұру жан қабілетін, кісілігін жойып, болашақ ұрпақтарының әлсіз, нашар, жандарының сарғайып, көздері көгеріп, шаштары ағарып, тектерінің өзгеруіне және тұрақты өнім беру қабілетінің әлсіреуіне, жеті ата сабағының үзілуін ғана қалыптастырады. Енді әлемнің «жұлдыз» атап әйелдің тәнінің сұлулығын, сонымен өздерін бақытты санайтын жаңадан қалыптасқан сән, дағдымыз қайда кетеді?
Оған Абай атамыз; «Шуу дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл келеді ондай қаншық. Бетім барда бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық. Ақыл керек, ес керек, мінез керек, Ер ұялар іс қылмас қатын зерек… Ары бар, ақылы бар, ұяты бар Ата – ананың қызынан ғапыл қалма.» «Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсеқызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей көңіл берме!». Атамыз бет пішінімен, тәннің сұлулығымен әйел ақылды болмайды, керісінше нәпсілік мінезін тексеруді ескерткен. Ол кездерде әйел тәні жалпыға бірдей көрінбейтін құпия болса, зерттеген ғалымдар түрлі айлалармен зерттесе, енді арнаулы ақша төлеп зерттемей-ақ әйел заты барын базарға тегін үлестіріп жүру дағдымыз, салтымызға айналды. Осыдан 4 жыл бұрын осындай зейнет құпиялары, өлшемдері туралы кітап жазып, бірақ оны жариялауға тылсымнан аруақтар тыйым салған. Оған негізгі себептің өзі дінші және ата жолындамыз деген аққу, сұңқарлардың сыртқы сипаттары, қылықтары, дінге, ата салтымызға керісінше қарсылық әрекеттері екендігі әшкереленіп, көптеген замандастарымыздың діншілерден де, әйтеуір қылсыншы деп енді аяғынан тұрғызып келе жатқан ата жолынан да теріс айналуына ғана жәрдем берген болар едім. Енді ата жолын онсыз да бөлшектеп, заңмен қудалап, муфтият ғалымдарының ақылымен иман іздеуді дүниемен өлшеген және ақыл, ем-шипа емес, пайда табу үшін мекеме, кәсіп ашып зираттататын тек теріс ықпалдыларын ғана үкіметіміз қолдайтын болғандықтан, кімді аяп кімді қорғап түзелер деп аяу керек деген пікірмен сол жан сыры ғылымынан аздап үзік-үзік хабар беріп отырмақпын. Мүмкін елдегі болып жатқан осындай дінді аздыру әрекеттерге білімі ақылы бар әйел, еркектеріміз сын көзбен қарап, ақылмен өлшеп, болашақта азапқа ұшыратар қасірет күнәсін түсініп, иман келтіріп, қазақ дәстүрлі дінінің үлгісін көрсетуге септігі тисе күнәлі болмаспын деп түсінемін. Шәкәрім атамыз да адам баласының қуыс жерлері үлкейген сайын күнәсінің көптігі деп және еркек құйрығының 6 түрлі мінездік сипатының, құйрық жамбас құрылысының, «ер ағашының» сөз қорына тәуелділігін «Ер қоспақ пен сөз қоспақ» деп өлеңмен өрнектеп бұндай жан сырының еңбегінің баламасы әлемде әзірге жоқ шығар деп білемін.
Ғибратты әңгімеден. Ерте бір замандарда өмірін адал еңбекпен саудамен көп дүние жинап халыққа қызметін де жасаған бір кісі қартайып, ауырып жатып өлім сәті жақындағанын біліп, артынан ерген жалғыз ұлын шақырып алып; -Ұлым мен өмір бойы адал кәсіп істеп құдайға құлшылығым мен мұсылмандық қарыздарымды да адал өтегенімді өзің көріп өстің. Енді жинаған бар дүние мүлкімді өзіңе аманаттап қалдырып барамын. Адал бол, дүниені орнымен жұмса, зекетіңді төлеп отыруды ұмытпа, жетім-жесір, қаріп-қасірлерге жәрдем беріп отыр. Енді менен көрген үлгі-өнегелерді, аманаттарды орындай алатының сенімдімін. Бірақ бір аманатым бар, орындай алар ма екенсің?-деп сұрапты ұлынан. –Уа, әке бұл не айтқаныңыз? Мен сіздің қандай да аманатыңызды мүлтіксіз орындай алатыныма сеніңіз деп уәде беріпті. Сонда қария тұрып; -Менің жас кезімнен жоқшылық көріп, көп бейнетпен дүние тапқандағы киген, тәнімнің бір бөлшегі болып кеткендей шұлығым бар еді. Соны өлсем бірге киіп кетейін деген оймен тастамай сақтап, жуып, жамап сандыққа салып қойғанмын, егер қолыңнан келсе маған өлгеннен кейін сол шұлығымды кигізіп көрге бірге көмерсіңдер деп аманат қалдырған екен қария. Сонан қария көз жұмып, халық қадірлеп, арулап жуып жаназасын шығаруға дайындалғанда, баласы әкесінің аманатын молдаға ескертіпті. Молда әрине шариғатта ондай ырымның болмайтынын ескертіп көнбей қояды, ақырында жанжал туындап, дін басшыларын да шақыртып екі жақ келісімге келе алмай жатқанда, бір қария ортаға шығып сөз сұрапты; -Уа, халайық, мен бұл кісінің өмірлік жолдасы болып едім. Маған да өлер шағынан бұрын бір хат тапсырып, менің жаназамды шығарар кезде дау туады, сонда мына хатты ашып оқып берерсің,- деп еді. Марқұмның аманатын орындауға ұлықсат етіңдер деп хатты оқиды. Сонда хатта; -Балам, артымда қалған ізбасар, тұяғым! Мен саған жақсы тәрбие, үлгі беріп азамат болуыңа, менің аманаттарымды, қалдырған дүние-мүлкіме ұқыпты болып, орнымен пайдаланып, құдайдың сүйген құлы болатыныңа сенімдімін. Бірақ қанша халықтың алдында қадірлі болып, соншама артымда дүние-мүлік, жақсы істерімді қалдырғанмен, халық маған жыртық шұлығымды өзіммен алып кетуге қимайды, сондықтан халықпен бірге ниеттес болғаның, құдаймен бірге болғаның, үкімдерін орындағаның деп, өзін құдайдан жоғары қоймауын соңғы аманаты ретінде қалдырған екен. Енді оқушым бұдан қандай ғибрат алдық?
Діншілеріміз бен арап ғалымдары «изарын» немесе шалбар, т.б. киімдері мен мүліктерін, малдарын арттарынан сүйретіп пайғамбарымыздың алдына алып баратыны болғаны ма? Пайғамбарымызды тәнімен миғражға шығарып, өздері киіммен, болмаса жалаң аяқ, жалаң бас жаннатқа «суыққа» қалай кіріп, қалай судан кәусардан өтеді? Сіз бен біздің ақылымызға, жалпы жаратқанның түсірген ғылым заңдылығына симағанымен, оны мойындамайтын қазақ діншілері, имамдары түгіл бүкіл ислам тәпсіршілері осылай түсіндіреді және солай жазып та жатыр. Қазақша, аталарымыздың пайымдауымен таза надандықтың белгісі. Абай атамыз; «Тәнім менің боқтың қабы» деп жанатта емес, жерде тозақтық болатынын неге ескерткен? Ал, сіздің қалай ойлайтыныңызды өзіңіз шешіңіз. Түсінбесеңіз, сабыр сақтаңыз, алда ғылымын талқылауға да жетерміз.
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}