Киім киіну дәстүрі мен шариғат тәлімі

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 70

«Әй, адам баласы! шайтан ата – аналарыңыздың ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жанаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық».(Энғам-27)

«Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киім) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де. «Бұл несібе дүни тіршілігінде иман келтіргендер үшін». (Ағраф – 32)

Адам баласының өмір сүру барысында жинайтын қазынасы – зейнет нұры деп аталады. Жанның да бар қуаттың тегі нұрдан басталып, нұрмен толықтырылып отырылады. Алланың нұрынан құр қалудан үлкен қасірет жоқ. Пайғамбарымыз Алла үш түрлі адамға нұрын түсірмейді деген екен.

«Адамдардың үш түріне Алла тағала ақырет күні шапағатпен қарамайды: әкесі мен анасын ренжіткен ұлға; іс-әрекетімен еркекке ұқсағысы келген әйелге; ез еркекке. Сонымен қатар, адамдардың үш түрлісі жұмаққа жіберілмейді; ата-анасын ренжіткендер; үзбей ішімдік ішетіндер; істеген жақсылығын айтып, адамды табалайтындар.» (368-х) «Себебсізден себепсіз әйелдің киімін киген еркекті және ешқандай мұқтажсыз еркектің киімін киген әйелді Алланың қарғысы атсын!» (651-хад). Жан-жануарлар, хайуандарға сыртқы түгі терісі өмір сүру үшін қандай қорған болса, киім кие білу адамзат үшін сондай жаратушымыздан бұйырылған басты несібе. Өз ортасына тіршілік ету тамақтану ерекшеліктеріне қарай әр халықтың өз ерекшелік қорғаны киіну дәстүрі бар. Құранда Алланы тану үшін тек тақуалық киім бұйырған. Тақуалық киім сөзі европаша «аристократ» сөзінің мағынасын береді. Ал «Аристократ» текті адам ұғымын береді. Сондықтан кезінде «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген сөз болатын. Ғылымда әлі зерттелмеген, көп мән берілмей халықтың адасуына, жазылмайтын аурулар мен халықтың қырылуына алып келе жатқан құпия «иіс» атты сыр бар. Барлық тозақты жүргізіп тұрған және жаннатқа кіргізетін де иіс болар. Сондықтан әрбір пенде тіршілік ету барысында сыртқа өз иісін таратпай, соны өзі тамақ қылып қорытып, сол арқылы ғана тәннен жұпар иіс шығару тәсілін меңгеру қажет. Бұрынғы заманда иіссусыз-ақ әйел затынынан өзіне тән иісі болып, еркек сезімін құштарлығын оята білсе, енді оның орнына ышқырынан дәреттің иісі, қолтығынан әр түрлі жынның иісі шығып иіссумен ғана көшеге шыға алатын жағдайға жетіп, бүкіл европаның мерез ауруын қазақтың қаласынан ғана емес даласынан да табасыз.

Сол иістен тәндері бұзылып қазіргі мәдениетінен үлгі алып келген Европа, Америка мемлекеттері қартайып бара жатыр. Адам санын тек сырттан келген келімсектерге есікті ашып қоюмен ғана қалыптастырып жатыр. Ал көрші Ресей мемлекеті әйел еркек арасындағы жас айырмашылығы 2003 жылдың аяғында 12 жас болса, яғни 12 жыл еркек бұрын өледі де, енді бір оншақты жылда жесірлер мемлекетіне айналуға аз-ақ қалды. Сәл шыдасаңыз оны да естисіз. Үйленгендердің жартысы 49 пайызы бала көтермейтін ауруға ұшырап жатыр. Ақшаменен бала туу санын көбейтпек болып, қарар да қабылдап қойды. Аятта; «Ешқандай ұрғашы Алланың білімінсіз жүкті болмайды.» деп ескерткендей бәрібір бос әурешілік екендігі жуықта дәлелденеді. Жер жүзінде пробиркада өскен санасы, рухы жоқ, болашағы беймәлім шала адамдар көбейіп жатыр. Болашақта сондай шала адамдар нашақор, бүлікші болып шықпасына кім кепіл?

Халық болып әйелдерімізді, қыздарымызды киіндірмесек дүниеге ұрпақ әкеліп, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекет боламыз деп жатқан даңғаза айқаймен түк бітіре алмаймыз, бәрібір Жаратқан иеміздің несібесінен айырылып қалуымыз ықтимал. Айырылып та жатырмыз. Себебі әйел тәнінде 44 таза күміс ошақтар болады, еркектерде ол белгілер қоздырғыш белгілері күннен қуат жинайды. Сол 40 үйді тәрбиелеп төртеуге бағындыруды қазақта «Қызға қырық үйден тыйым деп атаған». Ал қалған төртеуі жыныстық нәпсілік басты белгісі болса, қазір сол 44 үйінің есігін ашып тастаған қыз да сарықарын әйел де қазаққа таңсық емес. Бұрын «Қызу қанды азият» деген атақтан мүлде жұрдай болып келеміз. Европаны жаулап алған мерез ауру салқынқандылық 30 жасар еркектің еркектік қуатының жойылуы. Қазақ азаматтарын да қамысқа тиген өрттей жалмап жатыр. Асығып өзінің ақ босағасына жеткенде алдынан шыққан буылтық-буылтық мескеге, тегенеден төгілген ашыған қамырға ұқсаған еркек кимін киген бәйбішесін көргенде, қай еркектің де көшеде көріп келген порнографиясы көзіне елестейді де бүкіл құштарлығы су сепкендей басылады. Сонан кейін түнде оятып алып көріңіз. Бұл деген жанұяның ыдырауы, зинақорлықты, төсекке қырау туып еркек пен әйелдің дұшпандығын туындатады. Ең қауіптісі қазақ жеріне Алланың нұры түсіп халық өздігінен тазаруға кірісті. Еркек тек жаман әдеттерінен тыйылса тез көңіл көздері ояна бастайды. Ондай еркек заты жалаңаш еркек киімін киген әйелден қандай сұлу болса да жаман иісін сезіп жиіркеніш сезімі пайда болады. Жазылмайтын аурудың бірі әйел мен еркек арасындағы «аллергия». «Бөрі тартқан бөксем бар, иттен несін аяйын. Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дегендей еркектен де ұят кетіп қызы мен жарын көшеге жалаңаш шығарып, барын сұқ көз иттерге жалатып, сарқытын өзі жалап өзіміз де жас баланың қылығына көше бастадық.

Адам баласының жан сұлулығының қорғаны және қалыптастыратын да ақылдың қоры есі болып табылады. Ал есті әйел етегін жауып, есті еркек құдайдың қаһарынан қорқады. Жамандықтан жан ұясын сақтай білмеген еркекті қазақта ез деп атаған. Егер де жамандықтың жұлынын дер кезінде үзбесең, жазаламасаң, соған дем берушісің. Еркектің еркектігінің белгісі жан ұясынан көрінер. Киім тек адам атты асыл затқа берілген несібе белгі, тән жылулығымен бірге жан жылуының күзетшісі екенін естен шығарып алдық. Тіршілікте қандай киім кисең, ақиретте сол киіммен баратыныңды естен шығармаған абзал, ағайын. Сол үшін де ата-баба салт-дәстүріміз әрбір елін, халқын сүйген ер азаматтан міндетті түрде сұралатын аталар аманаты деп біліңіз. «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі шоқ жер қадірсіз, ұяты жоқ қыз қадірсіз, жігері жоқ ер қадірсіз». Ұрпағының болашағы үшін жан беруге дайын, сол үшін отқа да суға да түсуге әзір болу әрбір ата-ананың парызы болса, әрбір ата-ана Алла тағала алдында жоқшы. Өзінде жоқ асылды Бір Алладан сұрап, ұрпағынан өсіріп дамытып отыруға тиісті. Ал жоғын іздеген қашанда қуғыншы. Барға мәз болып тоқтасаң Ібіліс атты ғұлама аңдушың отыр қасыңда. Сондықтан мойындағы борышты білу білімдінің ісі. Білім негізі өзіңді, өз жұртыңды, даналарыңды тану. Балаларына жаны ашымаған елден болашақта елге жаны ашитын бала қайдан шықсын. Ата салт-дәстүріңді құрметтегенің борышыңды өтегенің — адамгершілік парызың мен болашақ мәңгілік өмірге еккен жеміс ағашың деп біліңіз!

Адам мақсаты және әдет.

Жалпы адам баласында екі түрлі мақсұт болмақ. Бірі тән мақсұты, екіншісі жан мақсұты. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін – тән мақсұты. Адамшылдық ар мен адал еңбек іздейтін – жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам, зұлымдық қиянатпен болса да мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқаны іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіптен ұнатпайды. Осыны біле тұра адамның қиянатшыл, мақтанқұмар болатынының себебі; адам жас күнінде тәжірибесіз балалық пен сәкәкүл сәнді киімге, кеңесшіл кердеңдікке қызығып, соған біржолата құмар болады. Бір адам сайтанға махаббат көзімен қарап әдеттенсе, аздан соң сайтанды біржолата періште деп біліп, жанына өлшеген асық жар қылып алады да, Жүсіптей нұрлы сұлудан қара қоңыз бен жыланнан жиренгендей жиренетін болып, өз қылығын өзі сынай алмай қалады. Бір адам асық болып сағына күткен асық жары кіріп келсе, жанып тұрған шамды өшіріп тастапты. Сонда асық жары; «Мен келгенде шамды неге өшірдіңіз»,- десе; «Сенің нұрыңды көргенде, күн шығып қалған екен деп өшірдім. Күн барда шамның керегі не?»- депті. Нәпсінің үстемдігі қашанда биік тұрады. Көз бен сөз ләззатынан айырылсаң қараңғылықта ғана тоят алуға құмарлықты қоздырып әдетке де айналдырар. Зұлымдық қиянат қылып әдеттенгендердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек, ақ ниеттің жолында құрбан болатындары да әдет алып, шын құмар болып кеткендіктен болады. Адамның бәрі әуелі бала болып, ақылы жәй толатын болғандықтан сәнқойлық, көрсеқызар, мақтан құмарлықты бірінен – бірі көріп тәлім алады. Өзін-өзі тексеріп, ол әдетті қалдырып, таза ақылға билету әлденеше мыңнан тек біреудің ғана қолынан келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *