Бала тәрбиесі болашағымыз.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 59

Абай атамыз «Үш-төрт жылғы әдетің, өмір бойғы жендетің» деп осы жағдайды болжаса керек. Ал шалбар кигізіп сен де еркексің, ұлмен теңсің деп өсірген қызыңыз жамбас сүйегі дамымай, ордаң-ордаң жүрісімен ер балаға бүкіл болмысымен ұқсайды да, түбінде «Нені іздесең соның күйігіне ұшырайсың» деген аталарымыз. Яғни, ол күйеуге шыққан соң я өздігімен бала туа алмай, туса да дауна, бастың қысымы, жетілмеу қалу сияқты жиендерді өмірге келтіре бастайды да, ал дені сау болса ана нәрінен ашыған сүттен бас тартып, «жетім қозы маңырар да отығар» кейіпке түсер. Ана сүтінен нәр алып иілмеген ұрпақта қатігездік пен бейтараптық дәні өссе, сонан кейін «Не жаздым?» деген сұрақтар туа бастайды. Не болмаса қызыңыздың дене мүшелеріне еркектік бездер шыға бастайды. Қазіргі таңда 4000-нан аса қазақ әйелдері аналық құқығы төсінен айырылып алдырып тастап жатыр. Сондықтан менің жанұямды Құдай сақтасын! деп тілеңіз. Шіркін, қыз баланы ата-бабамыздың салт дәстүрімен қызылды-жасылды киіндіріп көз, тіл сұқтан сақта деп жылтырақтарды тағып «Қызға қырық үйден тыйым» деп Ібілістің арбауынан сақтап өсіргенге не жетсін! Қыз — өріс. Өрісіміз тарылмасын деп тілейік ағайын.

«Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?» — дейді. Я болмаса «Жә, жә, оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің» — дейді. Немесе пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді? – деп ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!». Абай 36-сөз.

«Егер өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, кінәнің ең үлкені өзіңде екенің ұмытпа»- деп

Шомылған аққу көлде аққудай боп,

Сөзі бар алуан шекер балдан тәтті.

Көзімнің жанарындай сәулем едің,

Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген,

Айқабақ, алтын кірпік, қызыл ерін

Қиылған қара қасты сүмбіл шашты

Сүмбіл шашты екі көзі ботаның көзіндей мөлдіреген қыз бейнесі, қай жігіттің болсын көз алдында өшпес суреттей елес беріп, жүрек түпкірінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Анаға, сүйген жарға деген құрмет, қарындасқа деген қастерлеу сезім, қыз балаға деген ілтипат, сүйіспеншілік осындай адал сезімдерден нәр алады. Имандылық жүрегіне ұялайды. Айналаңды адал көзбен зерделей бастайсың. Басқан ізі білінбейтін балдан тәтті сөзі бар инабатты періште көз алдыңа елестейді. Ондай тәрбие көрген қазақ қызы, ешуақытта да одыраңдап, салдыр салақ, соғып кететіндей жүруі мүмкін емес.

Ойлы әлемнің әйелдерсіз күні бар ма көктеген,

әйтсе де мен әйелге ұқсас еркектерді жек көремін!

Еркектерге еліктеген әйелдің аз табары,

әр жыныс өз мінезін сақтаумен бағалы.

Нағыз бақыт тұяғымен тұлпардың

Қиялымен сұңқардың,

Өлшенетін мына ұшқар заманда

Бірте-бірте құнсызданар бағаң да.

Мен білемін, шын еркектің алдында,

Күн туады қызаратын саған да

Мұхтар Шаханов.

Әрине рухани сұлулық жинаған әйелді нағыз еркек елеусіз қалдырмайтыны сөзсіз.

«Жаңа жер, жаңа елге әнмен келдім,

Иіліп тізе бүгіп сәлем бердім»- деген сөздерді көңіліне тоқып өскен ұл-қыздарымыздың барған жеріне тек қана қуаныш, бақыт, тіл жеткізе алмайтын нұр шуақ сыйлайтыны сөзсіз. Бұл біздің ұлттық қадір-қасиетімізді қайта қалпына келтіретін, оны байыта түсетін киелі ұлттық тәрбиеміз. Ұл-қыздарымыз көргенді, сырт көз жүзіне қарағанда көз сүйінетіндей, өздерін іштей «Байыптымын ба?» деп ойласа, назар салып тыңдағанда, «Дұрыс естідім бе?» деп бағамды болса, «Өңім мейірбан ба, қимылым ізетті ме, сөзім риясыз ба, ісім орынды ма» деп топшылайтын болса біз де бақыттымыз. Ұлтымыз да бақытты. Төл тума даралығын сақтай білген халық бақытты халық, ізгілікті болайық. «Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес». Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз: «Әр нәрсе адамның сөзіне, ісіне байланысты емес ниетіне байланысты» — дейді.

«Ей, адамдар тегінде ата баласына сүйеу бола алмайтын, баласы да атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңыздар» деген. Сондықтан бала тәрбиесін бесіктен бастау керек. Құрсаққа біткен қылық қара жерге бірге кіреді, сүтпен біткен ізгі қасиет өлгенше өзгермейді. «Не ексең соны орасың» деген. «Әкеге ұл, шешеге қарай қыз өсер» деген. Ұл-қыздан да жаман мінез шығады. Қырсыз мінез тек әкеден жұғады. «Кімнің ұлы, қызы болса тым аяр, соның өзі зар жылар да мұңаяр» деген тегін емес.

Ата-анадан өсіп ұрпақ жаралған, жақсы жаман болса бала солардан. Шындығында солқылдап өскен жас шыбықтай әлі сана-сезімі қалыптаспаған, айналасына көз тоқтатып қарай бастағаннан-ақ ата-анасының тәрбиесін көріп өседі емес пе? Сондықтан қатаң ұста бос жүрмесін сандалып, болса тәртіп сонда өсер сомдалып. Ал бала ұяда не көрсе өле-өлгенше соны қиядан танитын болады дейді. Сонау ерте ғасырдың өзінде бала тәрбиесіне ой толғаған Жүсіп Баласағұн атамыз «Жас кезінде білім берсең қалайда, өсе келе қолы жетер талайға, балаларға білім-өнер берілсін, сұлу мінез әр өнермен өрілсін» деген жыр жолдарын қалдырған. Атам қазақ: «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас, көргенін білгенін айтпаса аға кінәлі, баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз. Тіліңнен жақсылықтан басқаны айтпа, қолыңды жақсылықтан басқаға жұмсама, адамды сыйлауына қарай оның имандылығы көрінеді» дейді тағы да.

Ал Құранда; «Бізді біреу туралы жаман ойлаудан, өзгенің бойынан кемшілік іздеуден сақтандырады.» «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқай ас бермес әке үлгісін көрмесе».

Өткен дәуірде өмір сүрген орыстың ойшыл ғалымы Циолковский айналаға қарай терең күрсініп; «Адамдар табиғатқа шабуыл жасап болды, ендігі шабуылды адам баласы табиғаттан күтеді» деген екен. Төңірегіңізге ойлы көзбен қараңызшы сол сөз расқа айналып келе жатқан сияқты. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген сияқты күні кеше ғана қуат алып шуағынан, суынан туған жердің теңізінде жуынған боз даланың боздақтары бүгіндері екі иіннен су кетіп тірлік істеуде. Қысты күні аппақ қырау құрсанып, жазды күні жаңбырдан соң бусанып жататын маң даланың бетегейі, белдерінде жайқалған ақ селеулі жусанның жұпар иісі де қалмай барады. Сонау Әлімсақтан қазақ, болғалы Ер тарғындар мен Ер төстікке жүкті болып анамыз, туған жерде айтылса да көп аңыз, түмен-түмен тұяқтардан кейін де, қызғалдаққа толмай ма еді даламыз. Сол байтақ даланың, толған айдай көркі мен шырайы жыл сайын орталанып бара жатырса, осының бәріне кінәлі адам баласының, мына сіз бен біздің рухани азып-тозып бара жатқандығымыз бен табиғатпен санаспайтын құлқын құмарлық пен имандылықтан айырылуымыз болып отырған жоқ па? Бәріміздің татып отырған азын-аулақ дәміміз бен пешенемізге жазылған мына жарық әлемнің, бір күндік қызығы туған жердің тоқымдай ғана бір пұшпағынан бұйырсын дейік.

Мөлт-мөлт еткен бұлағының көзінде мөлдіреген тұнық сыр жатқан, туған топырағымыздың тылсым үніне құлақ түре білейік. Сай саладан сылдырай ағып сылқылдай күліп, сыңғырлай тұнып жататын бұлақтар мен жылғалардан арнасы кеңіп, арқырай ағатын өзендер де ұрпақтан-ұрпаққа өркен жаяр өмір тәрізді емес пе?

Жақсылықтын алдында бас иетін,

Бабалардың не істейміз өсиетін.

Жер жоғалтса не болмақ перзенттерін

Ер жоғалтса не болмақ қасиетін?

Кінәліміз, жасымыз, кәріміз де

Зауал болар табиғат зары бізге

Әжеміз де кетеді «әйел» десек,

Адам десе кетеміз бәріміз де

Қырдан безбе, бауырым нұрдан безбе,

Жылататын жайттар бар жырдан өзге.

Жаһан жайын жабылып қорғау керек

Жердің өзі жоғалмай тұрған кезде.

Бір кереметі дана адамдардың көпшілігінің аналары тамаша адамдар болған. Алып та, батыр да анадан туатынын, шаңырақты еркектер көтеріп бергенмен үйді әйелдер тігетінін естен шығармайық. Жасында шапалақты көп жегеннің өскенде өкініші аз болар. Әкеге «Бұл менің ұлым» деп мақтануға оңай болғанымен, баласына «Бұл менің әкем» деп алжыған адасқан әкені айту қиынның қиыны екенін әрбір әке ескерген жөн.

Өткеннен өнеге

Ерте бір замандарда бір қаланың салық жинаушы ұлығының жалғыз қызы болыпты. Қыз кәмелетке жеткесін әкесі; «Балам сені өсірдім, өзіңе жететін білім алуыңа мүмкіндік бердім, енді сені ұзатуым керек, қандай қалауың бар?» десе, қызы; «Олай болса мен сол күйеу баланы өзім таңдауыма ұлықсат бер, менің сынымнан өткенге жар болайын» деген екен. Сонымен жан-жаққа хабар жіберіліп бай адаммен ұлықпен құда болғысы келгендер ағылып келіп, бірақ қыздың қойған сауалдарына жауап таба алмай тауы шағылып қайтып жатты. Күндердің күнінде келетін күйеулер де таусылып шарасы таусылған әкесі жүзім бағын көріп қайтайын деп бақшасына келіпті. Көктемде жалға алған жалшы жігіті қарсы алып, астына су сеуіп сәкіге орналастырып құлдық ұрып қарсы алады. Қызметіне риза болған ұлық; «Маған піскенінен жүзім жұлып әкел, дәмін көрейін өсірген жүзіміңнің» деп бұйрық береді. Жалшы жігіт бір табақ үлкен жүзімдерді таңдап әкеліпті. Сонан әр түрінен дәмін татып көрсе піспеген сонан ашуланған бай; «Мен саған піскенінен әкел деп едім, сен маған бар көгін теріп әкелгенің не?»-деп сауал қояды. Сонда жалшы; «Тақсыр, мені жалдағанда сіз маған тек жүзімді жақсылап өсіріп бер деп тапсырма бердіңіз, ал дәмін көр деген жоқсыз, сондықтан мен қайсысы піскен қайсысы піспеген білмеймін» деп жауап береді. Өз қылығынан ұялған ұлық үндеместен тұрып кетіп үйіне келіп әйеліне болған жағдайды айтып; «Біздің іздеп жүрген күйеу баламыз бақшамызда жүр екен, қызыңа түсіндір соған күйеуге берейік» деп тапсырма береді. Қызы да келісіп ұлан асыр той жасап, қызын әлгі жалшысына күйеуге беріпті.

Бір апта өткесін шешесі қызының жағдайын білмекке келсе қыздың көңіл қошы жоқ «Күйеу балаңыз жұмыстан келеді де тамағын ішіп теріс қарап жатып алады, таң сәріде жұмысқа кетеді» деп шағымданады. Шешесі басу айтып апта өтіп қайта келсе жағдайдың өзгермегенін көріп сонан қыздың әкесіне жағдайды жеткізеді. Сонан қыздың әкесі күйеу баласын шақырып алып; «Балам, менің қызым осы қаланың ең таңдаулы сұлу әрі ақылды қыздың бірі еді, саған несімен жақпай қалды, әлде денсаулығың жоқ па, неге қашып жүрсің?» деп сауалды төтесінен қояды. Сонда күйеу; «Қызыңыздың көркіне де мінезіне де қояр кінам жоқ, өзімнің денсаулығым да шүкір кем емес, бірақ сіз осы уақытқа дейін қызыңызды елден жинаған салықпен асырап келдіңіз, ал мен өзімнің адал табысыммен енді 40 күнге дейін тамақтандырам, сонан соң ғана жақындауға болады» деп жауап беріпті. Сонда ұлық тұрып; «Онда түсіндім, менің бір өтінішім бар, онда маған алғашқы туған баланы асырауға бер» депті. Күйеу баласы; «Онда менің бір шартым бар, тек ол баланы адал аспен тамақтандырып өсіретін болсаңыз» деген екен. Сонан туған баланы қойнына алып, ұлық жасырын біреуге жалданып жұмыс істеп, баланы өз еңбегімен асырап, өсіріп білім беріп, сол баладан атақты Ибн Сина деген ғұлама шығыпты. Қазақта; «Ауру астан, дау қарындастан» деп ескерту тән мен жан тазалығының басты шартын ескерткен емес пе? Сондықтан жеті әулиенің екеуі Қыз бен дәм! Қыздары қылықты болып, ас дәмін адалдап ішетін елдің ұрпағы емес пе едік, ойланайықшы демекпін? Асыңыз адал, қызыңыз ибалы болса жинаған иманыңыз, жемісі дәмді болып өміріңіз сәнді де мәнді болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *