Алла және Өзі сипаттары

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 43

Адамзаттың істері тәңірдің көз алдында,

«Біздерсіз» тірлігі адамның оңалды ма?

Алланың құдіретті нұры Раббың болған,

Алла жар деп айтамыз; мал, жаныңа.

Екі игілік Алланың Өзі емес пе?

Бақ қарап, Қыдыр «Мен» нұр емес пе?

Қызыр-бақ сырттан күзетшің сенім болып,

Қыдыр –иман ақылға дем сөз емес пе?

Жаратқан баста Алла қозғалысты,

Қозғалыс Рабыңнан нұр, сөз аталыпты.

Қозғалысқа себепші қол қабысты,

Алла тағала деп атаймыз бар жарықты.

Қолы дейміз Алланың жан негізді,

Сегіз жаннат жарықты сыйға берді.

Мұсылманың жандарын айырбас қып,

Жаннатпен сүйіншілеп елші келді.

Алла тағала заман өзі, жолда өзі,

Ақтан аят, пайғамбарлық жалғар ізді,

Жеті қанат періштелік сипатты- «Бар»,

Ғылым, құдірет сегіз сипат бір негізді.

Раббымыз бастапқы нұр сары түсті,

Парасатпен басқарған барлық істі.

Құдайсыз қурайда сынбайды деп,

Мұсадай пайғамбармен жалғар түсті.

Даналықпен меңгерген тіршілікті,

Жер бетімен екі аралық тылсым істі.

Алла тағала деп атаған әлем жанын,

Періштелік сипаттарын барлық түсті.

Тәңірлік «Бар» себепші, қолқабысты,

Уақыттан тыс талай нәрсе жаралыпты.

Екі сипат Алла өзіне ұқсауға тырысумен,

Меңгеретін тәңірлік сипат қарсы күшті.

Алладан басқа тәңір жоқ, меңгер елшілікті,

Даналықпен, парасатты адамдық кісілікті,

Мұхаммед пайғамбардан болған үлгі.

Бір Алла деп атаймыз жарық түсті.

Екі аралық себепші адамзат қуат көзі,

Адамзаттың қасиеті, тектен белгі.

Жеті қуат, қасиетті қызыл түспен,

Аруақ деп  аталған қаракетті уақыт кені.

Бір Алла деп атаймыз үш негізді,

Тәңірлік сипатын Алла «Бір-Бар» дегізді.

Алладан басқа қозғаушы тәңірлер жоқ,

Орындаушы Мұхаммед діннің өзі.

Аланың «Өзінен» болар сүйген құлы,

Ақиреттен шапағатшы жұлдыз бізді.

Алладан басқалар деп атаймыз,

Шайтандай қылықты, арсыз елді.

Надандар көп жетесіз дана болған,

Парасатты Алла құлын «басқа» атаған.

Тәпсірмен білімді, масһабты жол атаумен,

Парасат жолдарынан бас тартқызған.

Жеті қарақшы, темуршын және шолпан

Адамзатқа түнектен жарық жолың болған.

Жұлдыздардан біз сәулесі жерге түспей,

Өсіп-өніп, қозғала ма дүние жалған?!!

«Аллаһ» деп ат қойып жүр надандарда,

Түп негізді жаратушы және жаратқанға.

Жаратқан «Өзі», жаратушы Алла болған,

Өзіне ұқсас Адам Бол, тегіңе Ол Аллаға!!!

(ақпан 2014 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *