Көтін ашқан…  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 46

Нұр отандай партия жер сататын,

Құдай жолы нұрлы жол қылып затын

Сөз ұрлаған құдайдан зиялылар,

Ақ жол деп партияның қойып атын.

 

Әлеуметтік жағдайың дін мен салтың,

Жақсы тұрмыс,  ішіп-жеммен бағаладың.

Отыз елге ұқсатуға ел басшы жүр,

Дүние байлық, ақшаға ар сататын.

 

Ана тілмен ғылымға жалғанатын,

Түпсіз, терең жақсылық деп аталатын.

Кереметін ғылыммен бірге алып,

Әулие-әмбилік қазақта еді аталатын.

 

Білімді ғылым атап, ескіріп шатылатын,

Жарлық шықты үш тілді оқытатын.

Құдайсыздық, дінсіздік кімнен шықты,

Ой жорыған тажалдық аталатын.

 

Құдайшылығы жоғалып ақсақалдың,

Кемпір мыстан тастаған жаулықтарын.

Етексіздер жоғалтып бар қуатын,

Шайтаннан жынға айналды қыз бен қатын.

 

Құдайсыз құлшылықты дін атадың,

Құдай еді әр пендесін қуантатын.

Құдайсыз да  жаннаттық боласың деп,

«Құдайлар» көп жанға иман қоса алатын.

 

Бір жақсының тауып ап тарих хатын,

Жаттап алып өсиет пен насихатын.

Осы «құдай» тура жолға бастайды деп,

Құдайдың ұмыттырар жол-жобасын.

 

Құдайға құлшылығы аталар аманатын,

Өліге иман, тіріге берекетін шаштыратын

Яссыдай діннің ақ бастау бұлағы еді,

Алланың жібі, тура жолы аталатын.

(Сәуір айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *