Махаббат бастауы(135)

Бөлім: Зікір өлеңдер 44

Асық болып адалға,

Тазалық болып қолдарда.

Асқазанға арам жинамай,

Жиркеніш болса арамға.

Ластықты жинар тырнаққа,

Астына күнә жимаққа.

Түрлі-түсті бояумен,

Су тигізбей оны сақтауға.

Ішкен астан жараға,

Орын тауып ағзада.

Арам қуат бірге еніп,

Асқазанға сыймақ па?

Қуаттап қарсы нәпсіні,

Жек көргізіп жақсыны.

Ақылды тұрар тұмшалап,

Бойды жайлап ас уы.

Қолтықты ашып иыққа,

Орын сайлап суыққа.

Тағдырдың амал кітабын,

Шайтандықпен жазбаққа.

Суық қол, сасық иісті,

Өлтірмек дәм сезуді.

Тәбеті асқа жоғалып,

Сүйсініп ас ішуді.

Алтауы араз жан өлген,

Ит мінезді пендеден.

Ас бергенді ием деп,

Дүниемен сезім өлшенген.

Дудыратып шаштарын,

Қадірі кетіп бастардың.

Төбеге жинап періні,

Ой ұрлайтын қастардың.

Ашық тастап әуретін,

Қадалтып сұқтың еметін.

Ет пен тері арасына,

Жәндік, құрттар өсетін.

Балтыры аяқ ашылған,

Түйіліп тамыр шошылған.

Бақайдың исін жасырмай,

Бойды улап асқа қосылған.

Махаббатқа қуат адалдан,

Шығады таза ас қазаннан.

Арамдап аспен қазанды,

Жоғалар иман жаныңнан.

Ауру астан басталмақ,

Махаббаты пенде жоғалмақ.

Дауы туып жаныңда,

Нәпсімен қанды аздырмақ.

Жамандықтан жоқ сақтанған,

Алмаған қуат ғаршыдан.

Махаббат достық қылуға,

Тағдырың араммен тосылған.

Еркектің жаны қатыбас,

Арамынан қатын бас тартпас.

Не ішсең сонан ғашықтық,

Туады сезім татымас.

Дәстүрін ата-баба алмадың,

Махаббатсыз бұл қалғаның.

Ар-ұят, ұждан ойлатпас,

Болмағаны жете, сананың.

(Қыркүйек 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *