Мәриям ана мадағы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 68

Жан дүнием мадақтайды Иені,

Құтқарушы Құдайымның өзі еді.

Қарапайым күңнің де дәрежесін көтеріп,

Бұдан кейін ұрпақтар мені енді

«Құдай жарылқаған жан» есімін береді.

Құдіретті Құдай есімі киелі

Кереметін маған сыйға береді.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан

Рақымы өзінің мәңгілік қастерленеді.

Өз қолының танытып құдіретін,

Паңдардың ойларын түзететін.

Құлатар тақтан билік илерін,

Көтеріп атақсыздар дәрежелерін.

Ашыққандарды игілікке кенелтеді

Байларды құр қол қуып жібереді.

Тәңір өз қайрымын ескертеді,

Қамқорына алып адал қызметшілерді.

Ата-бабаларға өткен ежелгі,

Ыбырайым мен ұрпақтары үмметіне,

Құдай осыны да білдірген еді.

(Лұқа 1; 46-56)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *