Масһабшылар қателіктері және ата дәстүрі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 48

«Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адам жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқыған адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады...». «Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрылымына ие болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр түрлі үкімдер шығарған.» (Ислам ғалымхалі. 27-бет) «Сондықтан кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.» (121-бет) … күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірі — күнә, бірі — күпір.» (И. Ғ. 41-бет).

 Муфтият дін ғалымдары және көптеген теолог ғалымдардың да құран түгіл хадисті сауатты аудару қиын, жауапты шаруа және көп еңбек етуді қажет ететінін мойындайды да сондықтан бұл ғылыми деректі өздерінің атақ беделіне астыртын пайдалану үшін құранды, хадистерді тек арап тілін білген адам ғана меңгеріп, қалған халық солардың айтқанымен жүріп айдағанына көніп құдайындай имамдар мен дін ғалымдарына сенім келтіруді ислам әлемінің ең бір ақылға қақпан құрған хайуандық, адам аулайтын әрекеттері болып табылады. Сондықтан құранды түсінбей жаттап алған және арап харіптерімен жүргізіп оқыған молда қандай да ғалымнан да жоғары тұру керек. Әлемдегі болып жатқан бүлікшілік әрекеттер мен өзіне қол жұмсау және ағайынын намаз оқымаса кәпір санап, «намазхан» яғни «тақуалық» жастардың бояма мақтанына айналып, ақыл-ой және ғалымдардың беделдерінің құндылығын түсіруге ат салысып жатқан мысалынан жоғарыда үзіндіні келтіріп кеттім. Абай атамыз;  «Жатқа ал, ақырында босқа қал!»  «Жұрттың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңір атқан — Шыр айналған дөңгелек». Екі сөз – атаның шауқаты мен ананың қаны бірі аманат, екіншісі уәдеден адам баласы өмірге келеді, сол екі сөз 20-санына дәрежелену үшін ана тілі мен ата-баба аманатын, сөзін, дәстүрін ұстанбаса тәңірдің ататынын ескерткен. «Кітапты молда теріс оқыр дағарадай болып сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі?» Құранды ләззат үшін теріс оқығаннан ақыл құсы бүркітке айналып, тек өзінің нәпсісі үшін жұрттың ақыл құсымен азықтанатынын ескерткен. Жас кезімізде үлкендер ұрысқанда; «Тауықтың миындай миың бар ма?» деуші еді. Енді жастарымызда торғайдың миындай ми пайда болса мешітке құтпаға жинап алған молдамыз бүркітін «ширик, серік» деп шақырып алады да қазақтың дәстүрін, дінін жоққа шығарып ақыл құсын аулап, жоғарыдағыдай бес сезімнің тұзағына түсіреді. Және бұл әрбір жұмада, көгілдір терезеден, басылымдардан және осындай кітаптардың ішіне байқатпай екі жүзді пікірлерді тықпалап, жетілмеген көк құрақ, санасына теріс ақпарат алған жастарымызды жаппай мәңгүртке айналдырып, енді жемісін көре бастадық. Демек муфтиятымыз біздердің жек көріп заңмен қудалаған діни ұйымдардың міндетін жеке өздері байқатпай атқаруды жөн көреді. Енді үкімет басшыларымыздың, ойшыл саясатшыларымыздың ақыл құстары тек боқ дүниені іздеумен қарғаға, сауысқанға айналып, жаратқаннан түсірген халықтың ірімшігін, рухани азығын сырттан келген, ақылын, сөзін сатқан қу түлкілерге үлестіріп беріп жүр.

Бұл жағдайға да Абай атамыз; «Сұм-сұрқия қу заман Гүл көрінер жігітке. Қызықты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке… Сенісерге келгенде, Сене берер талғамай. Жұрты құрғыр сенгішке Тұра ма қулық жалғамай? Ары кеткен алдағыш, Мені-ақ алда, сөкпейін. Балы тамған жас қамыс, Ормасаңшы көктейін!» Ең болмаса 40 жасқа келмеген жастарды имам, қажы, сопы, намазхан атандырып рухын көктей солдырмаңдар деп ескертіпті аталарымыз. Енді масһабтың 24 кітап негізінде араптар елінің шариғат білімінің тәпсірін ескерсек, онда Ясауи бабамыздың алған 70 кітаптың 46 кітабын жоғалтқан, жасынға шығарған, яғни пайғамбарлық жіптен, аян, түс көруден ажырап, оны жалғауға талпынған ата жолын мазақтағаннан осындай еліміздегі надандық пен зұлымдықтардың себепшілері туралы Абай атамыз; Емен мен шілік деген мысал қалдырыпты. Сонымен Емен шілікке, қандай әлсіз, ақылсыз, бейшарасың, әттең менің жанымда өскеніңде саған қамқор болар едім деп, оған шілік көнбеген екен. Ақырында дауыл соғып шілік бейшара олай құлап, бұлай құлап бірақ аман қалады да, еменді дауыл тамырымен жұлып алған екен. Осы мысал Алатау бөктерінде болып, жаратқаннан ескерту түсті. Қаншама қайың, емен тектестер құлап, майда шіліктері аман қалды. Ғылыми ортада жүз жылға дейін қайтып келу қиын деген пікір туды. Сол сияқты үкімет басында, дін басында жүргендер емендер де абай болыңдар әйтеуір, үрім-бұтақтарыңа жүз жылға дейін сынақ салам деген жаратқаннан белгі келді. Ондай рухани дауылдың да соғатын уақыты таяп қалды. Әділ екеніне көп ұзамай шіліктердің де көзі жетеді. Тек  күмән келтіре көрмеңіз! Құдайдың соты әділ де шындық!

Ой бағушы есепшілер мен сөз сатушы есекшілер. Бұл басылымды осындай тақырыппен бөліп, айтылған, жазылған мәселелерді қорытып алу үшін ықшамдау да керек деген шешіммен осы тақырыпты арнадым. Әрбір нәрсенің, ойдың да қозғалуы үшін бір себеп керек. «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деп Шәкәрім атамыз ескерткендей; Жаралыс басы біздердің қозғалысымызды жаратушы иеміз 4 періштемен,  яғни төрт қанатпен қамтамасыз етіп оны қозғау үшін екі бірді яғни дін негізін жаратқан. Осыдан барып ғылымның да негізі – қозғалыс білімі туындайды. Әуелі бір пайда болмай 4-тің пайда болуы мүмкін емес. Сондықтан ғылымда барлық қозғалыс тақ санмен 1,3,5,9 сандармен қозғалысқа түсіп 11-санымен нәтижеленіп отырады. Біздің мінген көліктеріміз, ұшатын темір қанатты ұшақтарымыз бәрі тегіс осы заңдылыққа бағынады. Енді бұл заңдылық құран философиясында, яғни құлшылық амалдарында да сақталған. Сондықтан осы тақтарды, яғни қозғалыс шеріктерін, серіктерін меңгеруді «тақуа» яғни тақты меңгеруші, естуші болып шығады. Құран сүресіндегі «Бақара» екі игіліктің, бақтың толық ғылымы болып табылғанмен үшінші сүреден ғана пайда болады. Ал үш, екі бірдің яғни 11-дің көрінісі. Осындай шым-шытырық амалдарды адам баласы ойымен шешуі мүмкін емес, сондықтан жаратушымыз түсірілген кітаптарды үнемі заман өзгерістеріне, жанның жетістіктеріне қарай құпия сырын ашып, адам білімін жетілдіріп отыру үшін көмес кітап аян, уахи болып оқылып, естіліп, түс болып көрініп отырады.

Осы екі игіліктің белгілі мен белгісіздік нәтижесінен керісінше үш құлшылық амалы туындап осы амалдар арқылы ғана 4 негізгі парызды намаз қылып, бесінші қарызды тауып қосу осы жазылып жатқан басылымның басты мақсаты болып шығады. Енді жоғарыда ескерткендей бар қозғалыстың бір себебі болады. Бұл басылымның 2007 жылы шығарған Құран сырларының жалғасы болып жалғануына қазақ елінде болып жатқан дінге түсірілген ақыл-ой сынағының ушығып, түрлі қайшылық пікір-таластардың туындауы себеп болды. Және қыркүйек айында «Хабар» арнасынан берілген «Сонымен солай дейік» деген сұхбатта муфтият бас діни ғалымы Қайрат Жолдыбайұлының; «Ата жолдың бухгалтериясын 15 жыл бұрын тексеру керек еді» деп тістеніп, өкінішін білдірген яғни осы діни ахуалға басты себепші болғандар қазақтың аруақшыл, құдайшыл қауымы болып, оларды үнемі қудалап, қадағалап отырмаса болмайтын қаупін білдірді. Екіншіден муфтият ғалымдарынан басқа үкімет, т.б. құзырлы баспасаз майталмандары есепті «бухгалтерияны» білмейтін есектерсіңдер 15 жыл оларға дүние жинатып, халықты қанатып қойдыңдар деген жазғыру деп біздерден діни сауатсыздардың  солай түсінгеніміз рас. Енді бұл дін ғалымының сөзін жаратушымыз да құран философиясын есепке құрылғанын ескертіп; есептеріңді көремін, есепшілердің ең жүйрігімін, есеп күні кездестіремін, есебіңді білдіремін, күнәларың, сөздерің есеппен өлшенеді деп; «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына берді. Алла зор кеңшілік иесі. (4) Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдің мысалы (есекшілер елі) нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.» (62-5).

 Бұл аят бойынша барлық діншілердің жалпы үмметтердің алдына қойылған бір шарт «Төртеуді түгелдеп, бесіншіні алу», яғни Мұса пайғамбарымыз меңгерген білім мен хикметтерді меңгеру пайғамбарлық қасиет болып есептеледі. Және бұл қасиеттің елдік, тілдік, үмметтік орындау ерекшелігін де ескертеді. Алдағы басылымдарда бұндай Құран сырларына қайта-қайта оралып, ұғымдарды кеңітіп, талдап, қайта ғылымын жүйелеп отырамыз, әзірше қысқа ғана есек пен есекші болмаудың маңызына тоқтала кетейік. Құранның әрбір аяты, сүрелері басқа сүрелермен жаратылыс қозғалысына түсу арқылы белгілі бір қуат, жаратылыс нәрселері көрнеу, көмес болып бейнеленіп, тұтыну, өңдеу барысында сол аят ақпараттар қайта оқылып түрленіп бірленіп, тазартылып отыру дүние тіршілігінің басты қозғалыстық шамасын қалыптастырады. Сол қозғалыс қолқабысының негізін аталарымыз «уақ» деген яғни қазіргі ұғыммен «нана» деп аталады. Уақ алты түрлі шаманың араласуынан пайда болатын қозғалыстық, райлық, мезгілдік, замандық шама. Ыстық, суық, жарық, қараңғы, күндіз, түннің алты белгі шаманың бір сәтте кездесуінен «уақ» пайда болады. Сол сияқты жыл мезгілдерінің де райларының кездесетін сәті болады, оны да «уақ» деп атайды. Арап елдерінде бұндай жағдай табиғатта кездеспегендіктен уақ ұғымының, білімінің болмауы діншілерді, тәпсіршілерді көптеген қайшылықтарға соқтырған. Және жан сырында да адамның өрістік, ақылдық өнімінің 5 қуаттың бір орында кездесуінен «Уақ» тағдыр уақыты пайда болады. Сондықтан аталарымыз; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп осы уақты қадірлеуді ескерткен. Әлқисса; таң атып келе жатқанда есек айдаған есекші керуеншілер бір жерге тоқтап дем алмақшы болады. Сонан есектерін бос жіберіп өздері ұйқыдан тұрса есектері түгел қырылып қалған екен. Яғн таңдағы алты шаманың кездесетін қауіпті уақытын ескеріп есектерін суытпағандықтан осындай жағдайға ұшырап, бұл уақытты «есекқырған» деп оның шығатын жұлдызын да белгілеген аталарымыз. Осындай тәулігіне алты рет уақтың мезгілі болып оның намаз оқуда да алты болатынын қазақта; «Бес»-«ін» және «екі»-«ін-ті» деп ал Абай атамыз; «Аларманда алтаусың, берерменде бесеусің» десе Шәкәрім атамыз; «Ғылымға қанағатсыз болу керек Бес түгіл разы болмай алтыға да.» деп ескертеді. Бес парыз пайғамбарлық білімді меңгеру түгіл алтыға да қанағатсыз болуды ескертеді. Ал бұл «алтылық» яғни 33-санды ғылымды жүйелеген Ясауи бабамыз; «Отыз үш мың шариғатта қайран болып, Отыз үш мың тарихатта сайран болып, Отыз үш мың хақиқатқа  қайран болып, Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар.» Шариғатта «Ғылмул- иақын» (ғылым деректерін) сөйлеп өттім  Тарихатта «Ғайнул-иақын» (Дерек көздерін) сөйлеп кеттім. Хақиқатта «Хаққул- иақын» (хақ туралы ғылым) көздеп өттім.» 

 Әулие ғұлама бабамыз шариғаттың, яғни масһабымыздың кітап білімі болып, тарихат уахимен берілетін ғылым көздері хақиқатта жартылыстың құпия ғылымының ашылатынын, яғни көк мүліктерінің сырын ұғып, Ыбырайым жолын толық меңгеруді ескерткен екен. Бұндай діннің есебін ізденіп талпынғандарды муфтият ғалымдары өздерінің білімдері жетпегесін дінді бұзған «секталар» атап,  білімінің шалалығын халыққа білдірмеуге жанталаса сөз майданын ашып, ақылы толмаған жастарды белгісіз сөз атауларымен тұзақ құрып, аулап әзірге енді білімді, зиялы деген қауымның өзі соған сеніп құлақтары созылып кеткендіктен әзірге білімін жүйелеп талқылау ақымақтықты ғана туындатады. Енді осы ғылымдарды меңгеру үшін пайғамбарымыз миғражға шығып екі аятты және бес парыз намаз үкімін алып келгеніне ешкім дауласа қоймас. Ал бес парызды Абай атамыз; «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ (айқын ақылмен) біл… Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқа үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанымен татымды бермес жеміс.» деп иманның бақшасы үш түрлі гүлден тұратынын, тек сол гүлдерді алу арқылы қалған төртеуді түгелдеуді ескерткен. Енді бұл ескертудегі «ХАЖ» сөзін «қаж» деп түсінген діншілер сүренің саны мен мағынасына мән бермегендіктен пайда болған. Хаж деп артық хайыр жасауды және жеке-жеке аманаттарды орындауды атайды. Ал қаж туралы атамыз; «Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап Өтеген қашан ол қарыз?» деп жоғарыдағы төртеудің ішіне қажылықтың кірмейтінін және хаж сүресінде қажылықтың қағбаны тәуап қылудың 29-шы аятпен (3-ші тәуба амалы) белгіленгеніне ешқандай шариғат ғалымдарының мән бергенін оқыған, естіген де емеспін. Енді Абай атамыздың ескерткен үш иман гүлін қалай өсіруді және пайғамбарымыздың миғраждан әкелген екі аятының; 285-15; 286-16; болып, 15 саны жүректің тазарып, ақыл бақшасының гүлденуін көрсетсе, 16 ұлттық дәстүрінің, құлшылықтың, хайыр жасаудың бақшасын көрсетеді. Абай атамыз да, Шәкәрім атамыз да бұл мәселеге көп көңіл бөліп насихаттап, үгітін тәптіштеп түсіндіріп кетіпті. Енді тек Шәкәрім атамыздың астарлы мысалдарынан ғана үзінді келтірсек. Атамыз адам ақылының, құран аяттарының ұжмақтық жемісін, гүлденуін әйел затына яғни ділге теңеп; «Бәйшешек бақшасы» деп атаған екен.

Жемісті, жақсы иісті бұл бәйшешек,                      Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,

Аралайық, пайдасын көрем десек.                         Ақылдың шолғыншысы –ойқұмарлық.

Ұғымды, милы жастың ойын қозғап,                     Таза талап талпынып ойды айдаса,

Ұқтырар талай тәлім, талай есеп.                           Байқалар-көрнеу таса, жоқ пен барлық.

Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек.                            Азат ақыл ойланбай мида жатса,

Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды,                  Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық.

Тікеннен жиіркеніп жеміс жесек.                            Сырын сынар талапты ер табылғанда,

Жақсы мінез, жаман ой айқындалар,                     Бұл бақшада мысал көп ой қозғарлық.

Осыны ұғайық деп ентелесек.                                  Өкініштің үлкені- ойы тарлық

Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас                     Ондайда ақыл болмас жұбанарлық.

Боққа төккен саламға тойған есек.

Менің сөзім емес Шәкәрім атамыз өз бақшаңды, діліңді (ана тіліңді) меңгермей құр кітап қуып есепсіз қасиетті меңгермегендерді жұрттан қалған қалдыққа тойған есек деп атаған. Енді таңдаусыз кітап болса көшіріп алып,  өз ұлтының діл бақшасынан нәр алмаған қандайда бір дінші, ойшыл ғалымдарымызды да «кітап арқалаған есектер» деп атаған жаратқан иеміз де. Шәкәрім атамыз  жаратушымыздың бәрін жұп қылып жараттым деген жарлығын және пайғамбарымыздың миғраждан алған Алла жолында мал жұмсау 16 санды аятты тағы да ділдің ұлттық намаз орындауы; «Бәйшешек бақшасы» деп атаған екен; «Атақты Атымтай жомарт алғашқы кезде бір жұмада өңкей білгіш шешендерді қонақ қылып, келер жұмада жастарды қонақ қылып, ендігі жұмада қаріп-қасірлерді қонақ қылады екен. Бір күні өңкей шешендерді қонақ қылып, әр қайсысы бір мағыналы күлкілі сөз айтып отырғанда, бір кедей кіріп үндемей отырыпты. Сонда қонақтың біреуі әлгі кедейге: «Сіз де бір сөз айтуыңыз жөн ғой»,-дегенде: «Мен сіздердей мағыналы сөз білмеймін, бір аз ғана жыр білуші едім. Соған разы болсаңыз айтайын»,-депті. Сонда қонақ болып отырған жақсылардың бәрі де «айтыңыз, айтыңыз» деген соң, әлгі кедей айтыпты:

Мен сияқты бір кедей                                  Тіленіп нанды жемегім,

Неше күндей аш еді.                                    Ас емес, маған тас еді.

Арын сақтап үндемей,                                 Бірің жомарт, бірің хан,

Көзінде мөлдір жас еді.                                Бәрің де шешен данышпан.

Ашығып, тоңып шаршаған,                        Хабарсыз біздей ғарыптан

Шығуға таяп шыбын жан,                           Не қылған қуыс бас еді?

Алдында тұрған дастархан                         Көлге жауса көп нөсер,

Үсті толған ас еді,                                        Көгере ме тау мен қыр?

Нан алып же демейді,                                   Шөліркеген ғаріптер

Келемеж қылды кедейді,                               Шөл далада қаңғып жүр.

Тоқ кісі не демейді,                                       Кедейді нанға телміртіп,

Иесі өңкей мас еді.                                       Аштыққа жүрек кеміртіп,

Сонда кедей сөйлейді,                                  Тамам байды семіртіп,

Сөйлегенде не дейді:                                     Жомарттық па осы тұр?

Қанағат еді көмегім,                                      Ақсақ соқыр шолақ бар.

Еңбегім едің қорегім,                                    Солар ма осы қонақтар,

Ақылға салып ойла бір!

Аятта; «(Мұхаммед) сондай дінді өтіріксігендерді көрдің бе? (1) Міне сол жетімді қақпайлағанды, (2) Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды (3) Сондай намаз оқушыға нендей өкініш!» (107-4)  «Қашан оларға; «Алланың сендерге берген несібелерінен тиісті орынға жұмсаңдар» делінсе, сондай қарсы болғандар; «Алла қаласа, тамақтандыратын (аруақтарды, өліктерді, ақиреттіктерді) біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар» деді.» (36-47) Сондықтан жаратушымыз: «Әй мүміндер! Ғалымдар мен машайықтардың көбі адамдардың малын бұзықтық арқылы (дінді бөлшектеп) жейді. Сондай—ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед) сондай алтын, күмісті жиып, Оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле.» (9-34) Абай-Шәкәрім атамыз астарлы өлең, әңгімемен осы аяттармен және осыған ұқсас көптеген аяттардың тәпсірін ақылға салуды ескертіп, көрсетіп кетіпті. Қаншама жыл орыс империясына бодан болып өмірден өткен ата-баба аруақтарымен ескерусіз қалған әулие бастарын көтеріп құдайдың дастарханын жайып шөлдеген, ұрыстардан ақсақ, тоқсақ, соқыр және аштан далада өлген аруақтарға құранмен су бермекке, құдай тойына шақырған, халықты соған жұмылдырып көтерген азаматтардың дүниелік «бухгалтериясы» дұрыс болмай, осындай ата жолының есеп білмейтін «ес»-ті «ек» аталғандардың атынан; муфтият, үкімет, мазһабшыл, заңшыл, шешен, данышпан,  өздерін біздердей момын, кедейлерге қарағанда ақылға, білімге бай және парасатты, саналы санайтын қуыс бастарға Ғиса пайғамбарымыздың аманатын жеткізуді сұраймыз. «От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді өртеп құрта алады. Әр түрлі аңдар мен құстар, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда. Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды. Тіл-бағындыруға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы. Біз тілімізбен Жаратқан Ие-Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз, ал Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды сол тілімізбен қарғаймыз да! Осылайша алғыс та қарғыс та бір ауыздан шығады… Араларыңда қайсысың парасатты саналасыңдар? Сол онысын үлгілі мінез-құлқымен, парасатты инабаттылығымен көрсетсін. Ал егер жүректерің удай қызғанышқа толып, қара бастарыңның абыройын ойласаңдар, онда даналықтарыңа мақтанбаңдар, әйтпесе шындықты бұрмалайсыңдар. Мұндай жалған даналық көктен келмейді, ол осы күнәкәр дүниеге, өз бетімен жүрген ескі болмысымызға және жын-перілерге тән. Қай жерде қызғаныш пен қара бастың қамын ойлау болса, тәртіпсіздік пен зұлымдық атаулы сол жерде. Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, сонан кейін ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алдамайтын әділ қылып, екі жүзділіктен арылтады. Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл тұқымның жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады.». Біздер қара халық осындай өздерін парасатты, саналы атаған діншілер мен әкім қаралардың арасынан тыныштықпен әділдікті көріп отырған жоқпыз. Оған еліміздегі ағайын арасындағы болып жатқан қастықпен даулар айқын дәлел. «Бұлақ көзінен бір мезетте тұщы да, ащы да судың шығуы мүмкін бе? ..Ендеше араларыңдағы қастандық пен дау жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы соғысып жатқан арам құмарлықтарыңнан туады емес пе? Сендер бір нәрсені аңсап, иемдене алмайсыңдар; сонда кісі өлтіретіндей жек көріп, қызғанасыңдар, ал аңсаған нәрселеріңе қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып төбелесесіңдер, бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны құдайдан сұрамайсыңдар.». Құдайдан сұрап жолдарын түзеп, жағдайларын да жақсартқандардың дүниесіне көз алартып, дінді ақирет қуанышымен емес дүние қайғысымен өлшеп жын-перінің жетегіне еріп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді менсібей, оны дәріптегендерді соттатып, қудалап шежіре тамырларына балта шауып, жалған даналықтарыңмен бүкіл халық алдында ұялмай мақтанасыңдар. «Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады. «Өмірімізден орын алған Құдайдың Рухы (аруағымыз) жалғыз Оны ғана сүйіп, Оған тереңдей бағышталуымызды аңсайды» деген бекерге жазылған деп санайсыңдар ма? Ал Тәңір бізге арам құмарлықтарымызға қарсы тұруға рақымын ағыл-тегіл молынан сыйлайды… Бауырласты жамандағандарың не үкімдегендерің Құдай өсиетін (рухын, батасын) қорлап үкімдегендерің. Ал өсиетті (батаны) үкімдегенде оны орындаушы емес соттаушы болып табыласыңдар. Өсиетті шығарушы да, соттаушы да Біреу-ақ. Ол құтқара да, құрта да алады. Маңайыңдағыларды үкімдейтін соншама сен кімсің?» (Жақыптан; 3-4 тарау).

 Болашақта  өзіне қол жұмсап және азапқа ұшыраған бүлікшіл бауырларымыздың аруағын азықтандыратын рухани ата салттық дәстүрлі дініміздің «ақиреттік бухгалтериямызды» құдай қаласа, әлемге де ұсынбақпыз. Сол кезде төрт парызды да толық меңгермей, бесінші түйінін шеше алмай, 3 саты ғылымының баспалдағын таба алмай жүргендер кім екенін, құлшылықтың 8 қырын, жан ғылымының 1 сырын әлем алдына таныстырамыз. Сонымен Абай атамыздың ескерткен рухтың үш түрлі бақшасының біріншісін; махаббат жемісінің бақшасы деп, екіншісін мейірім мен шапағат бақшасы деп, Үшіншісін енді әділеттің, ата заңымыздың  бақшасы болып алдағы басылымдарда үшінші бақшамызды да аралап, діншілердің пәтуасымен салыстырып және осы бақшаларды «харам» атап және аруағынан жиреніп кіре алмай жүргенді әрі қарай талқылап алтын арқалаған дүниеге, қулыққа «ЕС»-ті оймен, заңды «ЕК»-кіш «..қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен…Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен..» (5-сөз) деген «ЕС»-ке «ЕП»-ті  жапарқұлдар мәселесіне қайта ораламыз.

Әзірше Абай атамыздың мынандай философиялық астарлы ақиқатымен бұл бөлімді аяқтағанды жөн көрдім. Пайғамбарымыздың; «Үш рет анаңа жақсылық, яғни құлшылығыңды арна!» деген ескертуі үш рухтың негізгі бақшасы жер ананың, су ана, хау ананың рухына тағзым жаса дегені деп түсінгеніміз абзал. Барлық адамзат тіршілігі жер ананың рухынан басталып ол бақшаны құранда «Фатиха» аналарың деп ескертеді. Яғни иман да бір, барлық рухани қазынаң жиған да бір! Сол бірлеріміздің нәтижесі ана қанында діл болып, сол діл бақшасынан өсіп-өніп, өлім жетіп, жер бақшасынан қайта бәйшешек болып көктеп шығады екенбіз. Абай атамыз жеміс беретін «жер бесік түйеміздің» рухы жер ананың киелі жерлерін қорғамақ түгіл қорлайтын ұрпақтарының пайда болып «Киелі жерден ат үркер» деген мақалына қайта ит болып киелі жерлерін былғайтын, дін бауырластықтың жоғалуын қазақтың дін-иманын;  «Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәрамен белін буған (аруақ, рұқ). Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңнан (намазхан Кәрім) ұрайын бірге туған.» деп бәйшешек болып гүлдейтін әйел затымыздың және мұсылмандық бесінші қарызын жоғалтқан, шежіре тарихың дін-жаның шиге айналар деп беспен (әйелдік сан) белгілеп; «Түңлікбайдың (намазхан отырушы, сопы) қатыны, атың-Шәріп (адам баласының шерігі, 5 қуат), Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен шыққан жол үстінде (дәстүрлі дін, зиярат) жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.»

Басылымға андатпа. Бұл басылымда әрбір тақырыптың басын бір шалып аталарымыздан қалаған аманаттардың есігін ғана ашып кетуді жөн көрдім. Және бұл басылым муфтият дінші қауымға да және білімді аталған, төреліктің төбесіне шығып, өздерін төмендегілермен, біздермен салыстырып биік бағалап, еменге айналған қауымға да арналмайды. Оған себеп  өзіңді жақсылармен салыстырып  бағаламай, тек жазылған кітап арқылы білімсіз қауымнан сәл ғана жоғары тұрған ақпараттарға ғана сеніп, ал дін-жаныңның кітабын көріп, оқып яғни түс, аян ерекшеліктерін ажыратып, жорып іс қылмаған қандай да бір хазірет, ғұлама, ғалымның да жүрегі, көкірек көздері жабылып, растықтан қашықтап, керісінше тылсымға, таза дінге, ғылымға жүректерінде қарсылық пайда болады. Оған дәлел жын, шайтан, пері, серік туралы жан сырының қарапайым ұғымдары өлшемдері санадан шығып,  жастарымызды сол көмес нәрселермен қалай күресуді үйретудің орнына, керісінше мешітке, намазға тығылуды үйретіп жатқанымыз қазақ елінің психология, философия ғалымдығының зұлымдыққа ұшырап, орға құлағанын көрсетеді. Төбеде отырған төрелер бұл ғылымдарды өздері толық меңгермейінше діннің зұлымдығының апиынға айналып, халықты теріс бағытқа бұру ешқашанда тоқтауы мүмкін емес! Керісінше енді осындай ел басқарған, ғалым, дінші пенделеріне де азап, сынақтар мен өмір жастарының қысқаруы және жан ұяларына түрлі сынақтар түсе бастайды. Жеті түрлі дәрігерлердің өздері де ауыратын аты жаман ауру есік қағып тұр. Сонда түсінер «заңсыз ем» деп ойдан заң шығарған заңгерлер. Денсаулық сақтау саласына үлкен сынақ келеді. Жан киімі, «бойы, үш ағашы» жоқ, жалаңаш арсыз-ұятсыз қатындардың жыныс сулары жоғалып, қоректік сулары ашып; мәңгүрт, кеміс балалар тууы мен іш тастауы ай сайын еселеп арта бастайды. Өзіне—өзі қол салу мен төтеннен келген ажалдың еселеп артуымен жасына жетпейтін өлімнің артуын туындатады. Аяқтан, буындардан мешел болу мен қан азуы, тері аурулары, қотыр, алапес, т.б. әлемде алғашқы орынды иемденіп және тағы белгісіз дерттердің туындауынан  ауру ата заңымыздың арқасында құдайдың берген жазасы мен азабын үкімет пен дәрігерлерден көріп, соттасумен көптеген пенделер тағынан айырылып, жазаланатын болады.

Заман талабына сәйкес келмейтін ақпараттық рухани мешеулікті қалыптастыруға құралған масһабымыз құран сырларының ғасырлар бойы ашылған құпияларына байланысты күнәлардың да еселеп артқанынан туындаған қара күштердің, жын-шайтаннан болатын зұлымдықтарды тоқтата алмай, керісінше орта топтық «намазхандық» қылығымыз жын-шайтанмен жүктелуге себепші болып, ғалым діншілеріміздің өздері мен жан ұяларынан да азап қамшысымен көктен жындардың түсіп, тозақтың баурауы басталады. Құранды босқа жатқа алған жастарымыз да ақыл-ойы жетіспей түрлі ағымдарға және зұлымдықтарға, ақымақтық әрекеттерге түсе бастайды. Бұл сыннан тек әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік дінімізді үкіметіміз де, ғалымдарымыз да жалпы халық болып насихатталуымен ата жолымызды, салтымызды, ғұрпымызды қайта аяғынан тұрғызып, ұлттық шариғатымызды ата заңымызбен достастырып, дін-жанымызды ғылым-біліммен, жаратқаннан беріліп жатқан хикметті істермен тазарту арқылы ғана әлемге келген бұндай сынақтардан, қасіреттен аман-есен аз ғана шығындармен өте аламыз.

Егер бұл мақалаларым төрелердің жүргізіп жатқан саясатына, мүфтият ғалымдарының шала діндарлығына және солардың құзырынан шықпайтын  басылымдарына сәйкес болса демеуші де, қолдаушы да табылып халық арасына жаппай оқуға, сабырға шақыратын, жарияланбаған, халықтың жүрегіне жақын көптеген мақалаларды да таныстырып үгіттеуге  мүмкіндік болар еді. Өкінішке орай ондай екі жүзділік ұстанымдарға қарсы болғандықтан «білдімандардың» тартпасынан, суырмасынан ары бармай қалуы даусыз. Бір жағынан сондай пенделердің осындай әрекеттеріне аруақтарының қозғалыс болып, жаратқаннан пәрменмен сынақ түсуіне, себепті азаптарының жеңілдетуіне жәрдемі тисе де жарар. Сондықтан бұл ақпараттар жүзін-шариғатын ұлттық төрт 25-ін меңгерген және барды жоқ деп  екі жүзділікке ұшырап, қазақша ойы мен тілі бөлінбеген қожалығын да, тектілігін де жоғалтпаған, бірақ белгілі жағдаймен  күресерге дәрмені жоқ, сабыр сақтап биік мансаптың буына түспеген орта топтағы ақын, жазушы, тілші және қазақтық салтын ұстанып, жан-діннен ажырамаған ғалымдар мен көк жиекті көре білетін дін жолындағы жастарымызға және «атасының емес адамның баласы болуға» талаптанған дін қандастарымызға мүмкіндігімізше ұсынып, әліміз жеткенінше таратып көрудеміз. Алда дәлелденетін көптеген асулар, құранның терең құпия ашылатын ғылымдық сырлары бар. Ал, тек діншілермен  жалпы ғалымдардың аталарымыз меңгерген жан сыры мен дін сырының белгілі болған жайттарын ғана шолып шығу үшін ғана алда екі-үш басылым шығу керек. Сонан кейін ғана Ясауи бабамыздың көрген, білген құпияларынан әлем таң қалатын нақты ғылыми деректерді береміз және ата жолының нақты мақсаты, ғылымын құран және киелі кітаптармен, тура жолдың қандай болатынын ашып көрсетуге мүмкіндік туары сөзсіз. Әзірге қазақ еліндегі болып жатқан дін қозғалысы інжіл түскендегі елшілерге тәураттықтар мен үкімет басшылырының қарсы тұрып қудалануы мен Мұхаммед пайғамбарымыздың екі жүзділермен соғысы және қазақ елінде арап т.б. мемлекеттер тарапынан түрлі діндердің соғысын қайталануы жүріп жатыр. Тек ерекшелігі бұрын мүлде сауатсыз, надандар арқылы іске асырылса, енді білімді мен біліктінің өзара қайшылығымен іске асырылуда. Інжілді тарату кезінде Саул деген білімді, тәураттық ілімді жетік меңгерген сауатты кісі Ғиса пайғамбарымыздың көмекшілерін заңмен қудалап, ел аралап іздеп жүріп түрмелерге тоғытып ақырында Құдайдың қаһарына түсіп, соқыр болып қалып, оны рухтың әмірімен бір елші ем жасап жазып, кейіннен інжілге, Ғиса пайғамбарымызға иман келтірген ең сауатты, қажырлы, рух әмірін орындаушы елшілердің бірі болып шығады.

Бұндай жағдай енді осы ата жолын заңмен де, басқалай да қудалаған, ілімді, білімді топтың арасына сынақ келіп, зұлымдықтарға ұшырап, болашақ ата жолының ең жоғарғы елшілік дәрежелеріне көтерілетін қазақ азаматтарының шығуымен қайталануы даусыз. Сондықтан қазіргі жүріп жатқан ақпараттық надандық пікірлерге келесі басылымдарда Абай, Шәкәрім және аталарымыздың қалдырған аманаттары арқылы, сондай адамдардың жазылған еңбектерін және амал жоқ аттарын атап сынаумен, салыстыру арқылы ғана қазақтың жан ғылымының «аруақ өмірінің» күнәдан ақталу заңдылығы киелі кітаптар арқылы дәлелденетіні ақиқат.

Аталарымыз екі игіліктің, қадым мен құс ілімінің басын қосуға шақырып; «Бақ қарасын қыдыр дарысын!» деп бата берген екен. Бақтарыңыз бұлбұл болып төбеге ұясын салып, қыдырыңды іздеп,  киелі ойпат жерлерді кезіп тау-тасты аралауды нәсіп етіп, табандарыңнан таза нәсіл әл-қуат болып даруды нәсіп етсін!  Келесі басылым бетінде көріскенше күндеріңіз шуақты, діндеріңіз қуатты бола берсін!

 Қазан айы. 2011 жыл. Алғабас ауылы. Бейбітшілік көшесі №6 үй

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *