Мазһабтың талабы және діни жол

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 51

Жоғарыда басылым басында ескерткендей бұл басылымның мақсаты да ниетіміз де қазақ арасында дау туғызу емес, керісінше бірлесудің және елімізге келген жаратқаннан діни сынақтардан шығынсыз аман-есен өтіп «жүзге бөлінгеннің жүзі құрсын» деген дін қандастықтың бауырмалдық сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оған керекті басты шарт тек ғылым-білімнің жолы, діни сауаттылықпен халықтың көкірек көзін ашу. Ал, діни немесе басқалай философиялық, психологиялық, шығырмашылық, түрлі өнер ғалымдықтарының негізгі шарттарының бірі пайғамбар өсиеттерінің (хадистерінің) түсінігін осы заман білім ғылымының түсінігіне, шаруашылық әдістеріне пайдалы, пайдасыз жақтарын анықтаумен адамзаттың парасатын жетілдіру, заман талабымен сәйкестендірумен анықталады. Ал біздің негізгі тәрбие бастауымыз дін ғылымымыздың пікірлері бойынша барлық мәдениет парасатымыздың өркендеуін 10 ғасырдан да бұрын ислам ғылымдары біздерге көрсетіп бергенге ұқсайды. Мысалдар мен дәлелдерге жүгінсек; «Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай хадистің сахих, ал қайсысының әлсіз екені де белгілі. Олай болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жоқ дейтін түсінік мүлде дұрыс емес. Біріншіден «фиқһта тек қана сахих хадистермен емес, кейде әлсіз хадистермен де амал етеді.» ( Дін мен Діл;21-бет).

 Осыдан кейін оқушының атақты муфтият ғалымы күдіктенбесі үшін; сахих, мутауатир, ахад деген хадистердің исламдық қабылданған сөз өлшемдік бірліктері мен ақылын өлшейтін 4 түрлі шарты бар екенін көрсетіп кетіпті. Бірақ ондай пайғамбар өсиеттерін адамзат және бүкіл әлемнің сөз ғылымының жетіліп кейбір түсініксіз болған аяттардың (хадистердің) болашақта ғылым-білімі құранның үндерінің ашылу құпиясымен айқын болатынын ескермей, әлем халқы үшін тек надандық дәуірлерде қарапайымдап түсіндірілген сөз өлшемін ғана пайдалану керек екен. Бұл жерде философия, психология ғылымы да тек мазһабқа бағынбаса адасады деп түсіндіреді. Бірақ сүйікті пайғамбарымыздың асыл сөздерінің ғылыммен өлшеп ақ-қарасын заманына қарай философиялық, психологиялық (жан сырлық) өлшемін сан арқылы белгілеп анықтау керек екенін мүлде ұмыттыруға тырысып, бөлшектеп, қазіргі ақыл-ой жетістігімен салыстырғанда надандық бастауларға тірейтінін ескермеген. Және әрбір өлшемнің халықаралық шамасы болып хадистердің күшті, әлсіз, жарамсыз екенін арқанмен бе, шелекпен бе, әлде сумен бе, дауыспен бе, үнмен бе, әлде ғылымдағы белгілі өлшем бірліктеріне жүгіну керек пе, екінші басына не қойып, кіммен, немен салыстырып пайғамбар өсиеттерін өлшейтінін жазбай кетіпті.

 Абай атамыздың ескерткеніндей; жақсыны жақсымен салыстырып қана ажыратады. Ал пайғамбар өсиеттерін қандай онан да жақсы сөз ұғымдармен салыстырып айқындағандары белгісіз.  Мүмкін өздерінің құпиясы шығар? Жақын білетіндеріңіз сұрап аларсыздар. Бірақ керісінше әлем ғылымдарына әзірше құпия, бірақ діншілерге белгілі өлшем бірлігі бар екен. «Тура тапқанға-екі, қателескенге бір сауап.» «Кімде кім иждиһад етудің нәтижесінде ақиқатты дөп басса, онда оған екі сауап беріледі. Ал қателессе, бір сауап беріледі.» (36-бет) Ақиқат деген қоян сияқты немесе шыбын сияқты екен де, бірақ аяқпен қалай «иждиһад» жасап дөп басуға болады? Міне бақытты уайымсыз өмір деген, намаз оқып, мазһабты ұстанып жалаң аяқ, жалаңбас жүріп-ақ ақиқатты аяқпен боқ басқандай басып жүрсеңіз жаннатқа кіретін кілтіңіз қалтаңызда, ұмытпай салып алатын дорба да ұстап жүру де керек шығар?  Ең бастысы уайымнан құтылдыңыз, қателесіп күнә жасасыңыз да сауаптан құр қалмайсыз, тек мешітті жағалап «намазхан» аталсаңыз болды. Енді құраннан тікелей үгітін оқып, ақыл-ойыңыздың жетіліп ғалымдардың аудармашылық, тәпсірші беделін түсірмеуіңіз үшін және ең басты сауап жинаудың исламдық әлем діндерінен бөлек әдісі; «Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адам жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқыған адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады… Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпте әрбір әрпіне сауап жазылатындығы көптеген хадистерде білдірілген. Ал кез-келген аударма Құранның дәл өзі болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу ерекшелігі де жоғалады.» (И.Ғалымхалы. 121-бет).

   Бұрынғы қызылбастардың ойшылдық философиясына енді сіздің де қолыңыз жетіп бірге жетісетін болдық. Исламдық адам баласына немесе қазаққа өз тілінде құранды оқып өзінің күнәсін, қателіктерін жете түсініп, ақылды құлдықтан, жамандықтан босатып тәубаға келіп құран үгітін, насихатын меңгеруге болмайды да, керісінше тек арап тілінде талғамай оқи берсең рухани ләззатқа бөленуіңмен жасаған күнәң ұмытылып, кешіріліп,  сауабың да, ден саулығың да артады, ақыл иманың өзі іздеп жетіп келеді намаз оқып  отырған жеріңе. Ол үшін түсініксіз сөздерді қайталаумен қиялдың жетегінде, яғни үнемі бес сезімнің яғни шеріктердің, жынның ықпалында жүрген дұрыс екен. Осындай сезімнің жетегіне түсіп, қиялдың көлігіне мініп алып; «Міне осы кезде, қоңыр даусымен азаншы ыстық ықылысымен Аллаһқа бет бұрып, тәкбір айтады. Бұл бізді қатты толқытуға себепкер ең соңғы әсерлі де нұрлы сөздер еді. Дәл осы сәтте адамның жан дүниесі толқып, Аллаһ Тағалаға түгел беріліп жүзін бұрып, «Михрабым қайдасың» деп іштей терең жылай алмаса, ол адамда нұқсандық бар.» (99-бет) Яғни адам баласының ақыл-ойының еркіндігімен жаратушы хикметін ғылымен сезіп, жүрек көзімен көру маңызды емес. Керісінше бір музыкаға, үнге берілген «фанат» жастардың жынданып аласұрған түсініксіз сабырсыздық күйге түскендей халде болмасаңыз ақылыңызда нұқсан бар, яғни есіңіз дұрыс емес болғаны. Демек «намазхан» болмағаныңыз. Сондықтан құранның үгітін меңгер, насихатын, ғылымын біл деген Раббымыздың нұсқауы қате болып, оны біздер сияқты ақылға, ойға салмақ салғандар, сабырмен орындағандар серік қосады екен. Демек құранның әрбір әрпіне сауап алған арап елі басқа планеталықтар сияқты дәрежесі, жасырын құпия ғылымы болып біздер тек соларға ұқсап қана жаннатқа кіріп бақытты бола алатын түріміз бар. Ал шындығында михраб-тағдыр, себеп. Абай атамыз; «Масқаралап мені тағдыр, Қылды мазақ, не шара?..Менің үшін сен жауап бер, Сенде сөз жоқ-бишара. Михрабым сен, бас ұрамын, Тіл жете алмас ғұзіріме (себебіңе) Жетпедім, не жасырамын, Гауһарімнің қадіріне...»

 Адам баласына жол сілтеуші таза ақылды, ғылымды гаухар немесе михраб деп атайды. «Сөз түйіні, ғибадатта негізгі мәселе, сыртқы форма емес, құлшылық болғандықтан, уақытымызды қолыңды олай байла, бұлай байла сияқты ұсақ-түйек нәрселерге кетірмей, тақуалыққа, көркем мінезді болуға, жаратқанды көріп тұрғандай кәміл сеніммен ғибадат жасауға, халқымыздың иманына себеп болуға, жалпы еліміздің негізгі мұқтаж нәрселеріне жұмсасақ..» (Д.Д; 43-бет) Бұл жерде ең маңыздысы намазды оқуда болып намаз оқыған адам намаз үстінде жаратқанын көретіндей (астапыралла!) сезімге, яғни жаратқанның сипаты ақылға сыймайтындықтан бос қиялға салынып, (жынның жетегіне еріп) өзіңді тақуа, көркем мінездімін деген сезімге бөленіп, содан пайда болған ғайып, көмес, сағымға ұқсаған мал-дүниеңді Алла жолына, яғни халыққа тарат деп түсіндіреді. «Тіпті ол өзін баураған кейбір сезім иірімдері арқылы көктер мен жерді бір-бірімен бірігіп кеткендей көріп, жерден ұзап, көкке ұшып, періштелердің арасына кіріп, олардың әлемінде жүргендей сезініп, ашылып, кеңейіп «мекенсіз күй кешеді. Сонда ол өзін бейне бір түпсіз тереңдікке бойлап, шексіздікке жеткендей сезінеді… адам жаны қатты жеңілдейді де, ақыл мен жүрек бір-бірімен қосылып кетеді..» (И.Ғалымхалы; 245-бет).

 Осындай періштелер арасында күнде ұшып жүретін «әулиелердің» соңынан егер жасыңнан дұрыс білім алмай, жаратылыс сырынан хабарыңыз болмай және өмірлік тәжірибеңіз аз болса сондай түпсіз тереңдікке бойлап, қиялыңызға тұншығып малтып жүруіңіз әбден мүмкін. Ал жүрек пен ақылдың неге бөлек жүріп намаз оқып, құранды арапша оқығаннан кейін ғана некелесетінін түсіне алмадым. Керісінше ақыл жүректен шығатын еді. Бұл да бір жаратылыстың тек діншілер білетін сыры шығар? Ал іште болатын сезімнің қалай сыртқа шығып кетіп, тәңірге айналып адамды орап алатынын және  бұндай жорамал ойшылдыққа  Шәкәрім атамыз; «Пәнші дейді; «қайда тәңір? Дінші дейді; «менде тұр!» Екеуі де сөзге нанды, Таза ақылдан жоқ сұрақ. Пәнші нанды бес сезімге Дінші адасты жолынан. Сал ақылға, дұрысы не? Дәлелін тап жақсырақ.». Ал Абай атамыз; «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе. Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?.. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме.» 

 Енді дін ғалымдарына сену керек пе әлде әулие аталарымызға жүгіну керек пе? деген сауал туындайды. Әрбір нәрсені зерделеп көру үшін әуелі өлшемдерін табу керек болмаса «боғы» шығатыны даусыз. Шариғат негізгі жаратушының тыйым салған және парыз, қарыз орындайтын мұсылмандық міндеттерден адамгершілік шектеулерден тұратынын түсіндірудің де керегі жоқ. Ал масһаб не үшін керек? Жаны жаннатта болсын хазіреті Имам Ағзам осы шариғатты терең зерттеп ғылым-білімін дамытып намаз орындау құлшылық істерін көрсетіп кеткен. Сондықтан дін рәсімдерінің білімі ретінде біздер Ханафи масһабын құлшылық істері негізіне алуымыз міндетті. Себебі Ясауи бабамыз да осылай істеген. Бірақ ғылым да білім де бір орында сол заманның өлшемінде тұрақтап қалған жоқ. Адамзат түрлі ақыл-ойдың биігіне көтеріліп, құран сырларының ашылып, аяттардың түсінік насихаты әулиелерге, елшілеріне оқылған сайын дін білімі, яғни діни сауаттылық та жетіле түсу керек және жетілді де. Оған исламның өркендеп әлемге әйгілі түрік ғұламаларының шығуы дәлел болады және онымен қоса мұғжиза көрсеткен әулие-әмбилердің жүздеп атын атауға да болады. Ал енді құранға жүгінсек; шариғат негізінен сандық мәні 24 болып қазығы «Нұр» сүресімен жанға, нәпсіге патшалық жасауға берілген парыз үкімдер кітабы. Енді адамзаттың бәріне ортақ «Бір» кітабы дін білімін меңгеруін иман келтіру кітабы, мазһабы болып табылады. Олай болса масһаб саны 25-ші кітап «Фұрқан» 77 буынмен байланысты құлшылық кітабы болып табылады. 24 санды кітап құранға түскен пайғамбарлар санымен байланысты 24 түрлі дін істерін меңгерудің талабын көрсетеді. Орыс халқында; «Опять 25!» деген ақыл айтуға, істердің қайталануына байланысты ұғым бар. 25 санын зерттеген америкалықтар кино өнерінде бір секундта 24 кадр өтетін болса 25-ші кадр бейнені «Пепсикола» деген жазуды құпия жазып киноны көрсеткенде, кино біткеннен кейін халықтың бәрі осы сусынды іздеп кеткенін анықтаған. Демек сиқырлы адам иманына, жадына жазылатын естің басқарушы ақыл-ойға құпия әсер беретін белгі.  Енді құран араптарға 32 санымен оқылса онда 32-25= 7 саны пайғамбарымызға берілген 7-аятты, яғни кітапты ескертеді. Бұл кітап яғни 7 үнді құраннан өз мақамыңды, ақыл иманыңды, кітабыңды яғни жеке «бірді» табуың керек. Әрбір сүре саны адам жасымен де байланысты болып 25 санын екінші мүшелмен ақылдың толысу, қалыптасуы кейде ақыл тісі шығатын кезең деп ескерткен аталарымыз. Ал інжіл 18 жастан бастап кәмелетке толу және рухты меңгеру мен өлім, т.б. ақирет білімін меңгере бастау кезеңі болса, 23 санымен тәураттық ғылым-білім жаратылыс сырын меңгеру кезеңі басталып, 27 жас зәбурлік ілімді жын-шайтанды басқару, қарсы тұру, бақсылық, емшілік істерін меңгеруді, толысу кезеңін көрсетеді. Ал өзіңе тән құраннан мақам және сәжденің сыры мен құран насихатын меңгеру кезеңі 32 жастан басталады. Демек 25 жасқа дейінгі тәрбие мен білімнің әсері немесе құранды теріске алу 32 жасқа дейін қауіпті жас болып, бүлікшілер мен өзіне-өзі қол салу да осы жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Сонымен қалаған 4-ті парыздарды орындау яғни Абай атамыз айтқан; «Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанымен татымды бермес жеміс.» Бәрібір бірімізді, яғни иманымызды келтіріп бекітпей бұл төрттен пайда жоқ, жеміс бермейді екен. Міне ислам әлемінің осы төрттің соңына түсіп имандары жеміс бермей зұлымдыққа ұшырауын Абай атамыз «Қызылбастан келген намаз имансыздыққа бастар.» деп ескерткен әулиелігі орындалды.

 Ал менің шырылдап қорғап жүрген ата жолының да 70 пайызы да осы тек хаждың (зияраттаудың) және кейбірлері төртеудің соңына түсіп иман жемісін көре алмады, сондықтан «бірді» мақамын таба алмай дін ғылымы жайына қалып сандалып кетті. Ал кейбіреулеріміз қасиетті меңгеру жолындағы кедейлік, сабырлыққа баулу сынағын және қайырымдылық пен артық хайырды дүние табу жолына, мақтанға айырбастап керісінше ата жолын жек көрінішті етіп насихаттауға ғана шайтанға жәрдемге тұрып алдық. Оған үкіметіміздің, мүфтиятымыздың ақылымен араға ши жүгіртіп, жалпы халықтық ақталу заңдылығын мекемелерге, кәсіпке айналдыруға, садақамен еселеніп жүктеліп, көкірек көздерінің жабылуына заңдар шығартып,  шайтан әрі қарай орға жығуға осы кемшілікті өз пайдасына шешті де, енді әлем алдында ата жолымыз секта, имансыздық, серік қосу жолы болып шыға келді. Құран аяттары  мазақталып, дәстүрлі дін ұстанымымыз бөлшектеліп, тек рәсімдік надандық сипатқа өтіп сондықтан елімізге сынақтар түсіп онан ешқандай қазақтың баласы ұтқан жоқ. Өз ағайының, бауырың әлі сырын, білімін біле алмай жатқан аруақтарыңды, яғни кісіні өлтіруге үлес қостың. Сондықтан кім жазықсыз бір кісіні өлтірсе бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей. Кісі өлтіруге негізделген масһабты діни жол қылғандардың қылықтарының да нәтижеленетін күні жақын. Ал, діни жол деп Абай атамыз ескерткен 3 иман гүлін, жұбымен 6 бәйшешек бақшасын өсіруді шектеусіздікті айтады. Ал масһабта, шариғатта жол емес шектеулі шариғаттың, намаз орындаудың, соңғы төрттің  білімі.

 Шариғат төртеуді түгелдеу; Қысқаша шариғаттың есептік мәніне тоқтала кетейік. «Нұр» сүресі адам баласының тағдырына ана құрсағында үрленген  төрт сөздің нәтижеленуі болып 20х4=80 санымен құпияланған кітап болып табылады. 4 – тағдырсөзі, ал 20 – тәңірлік қуаттың көрінісі. Абай атамыз ескерткен; «Екі сөзбен адамды тәңір атқан» немесе «Екі асылдың сынығы едің» дегендей ана қанымен әке шауқатының дәрежесі болып табылады. Енді әрбір адам баласында Алланың нұры болып, сол нұрдың әрбір сүреден өзіне тән жақсы жаманды аяттан жазулары болады. Адам баласының 24 жасқа дейінгі тәрбиесі дұрыс болса сүрелер ішіндегі аяттарының да орындары ауыстырылып, 25 жасқа жеткенше өз шамасына қарай «бірі», яғни иманы қалыптасу керек. Ол туралы құранда 12-сүре 76—аятта «…Сондай-ақ әр ілім иесі үстінде бір білуші бар.» деп ескерткен. Ілімнен екі несібе 12-сүремен байланысты, яғни түс көру дережесімен екі-игіліктің «Бақ қарасын қыдыр дарысын» дегендей белгісін алуды ескерткен. Оны Абай-Шәкәрім аталарымыз; «Ақыл құсы аспанда шарықтаса» деп немесе «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», Бүркіт, қарға, күйкентай, әтеш, бұлбұл, т.б. көптеген құстармен ақылдың адам баласындағы сипаттарын суреттесе, Ғиса пайғамбарымыз «Бес торғайды екі теңгеге сатып алмайсыңдар ма?» деп астарлап ескерткен. Екі теңге адам баласындағы екі мені, яғни екі ілімнің (қадым, құс ілімі) нәтижеленуімен 25 санын ескерткен. Алланың 8 сипаттық құдіретіне байланысты шариғаттың да 8 түрі болып 9 түрлі кісілік қасиеттермен немесе 9 түрлі бұзықтыққа тыйыммен мұсылман үмметінің; 8х9= 72 топтық сипаттардан, қылықтардан тұруы осы негізді білдіреді.

 Енді әрбір үмметтерге келген пайғамбарларға байланысты шариғат істері де алуан түрлі кітаптардан оқылады. Араптар үшін 43-ші кітап; 43-24=19 кітап негізінде інжілмен байланысты «мұсылмандық» шариғаттары қалыптасса, қазақ елі үшін 47-24=23 тәураттық негіз «мүміндікті» меңгеру болып табылады. Бұл жалпы халықтық ортақ ерекшеліктері ғана. Ал ішкі сыры күрделі болып 25-саны масһабымыз әрбір үмметтің ата заңы болып табылады. Арап елі ата заңын  шариғаттан 24-тен негіз қылып алып сонымен тіршілік істерін жүргізсе, ал қазақ елі үшін бұл заңдылық мүлде жарамсыз. 24 сан құран ғылымы бойынша бастағы төрт сезім мүшесін; көру, есту, иісті сезіп, тілдегі дәм сезімі мен еріндегі сөз нәрін қалыптастыру, жетілдірумен байланысты. Ал 25 саны жалпы ойлау қасиетін яғни ми жұмыстары мен төбедегі еңбек үсті шырыш қабықтарын жетілдірумен байланысты. Ал бас өзінше жетілмейді, сондықтан тәнге берілетін барлық азықтар мен рухтың, қоршаған ортаның әсері және ұлттық, салттық ерекшелік әдет-ғұрыптарымызға, шежіремізге, тарихымызға тікелей тәуелді болмақ. «Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге шығарып ханзада қылар» деген мақалға жүгінсек неке тазалығымен әйел затының қанына, жыныстық тазалық қуатына, қылығына еркектің басының жетілуі тәуелді болады.

 Олай болса ана тілінің тазалығы мен сөз байлығының, рухани азықтарының қазынасы – тарихатының қазақ шариғатына масхабының, михрабының 25-нің жетілуіне тікелей әсері бар. «Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы дене біткен ретіменен. Істің басы-ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демен.». Мойын әйел затынан келетін 13 түрлі қасиеттік қуатпен бекиді. Сол 13-ті қалай қанымызға сіңіруді көрсеткен Ясауи бабамыздың қалыптастырған ілімнің тарихат, мағрипат, ақиқат сатыларынан өткен қанымызда жазылған «Фурқанымыз» да «Нұр» сүресін толық меңгеріп пайғамбарымыз ескерткен 46-шы кітапты толықтай алып, ендігі масхабымыз 25+46=71-ші кітаппен шариғатымыз да, масхабымыз да ата заңымыз да қалыптасу керек. 70-ші кітап Сани дәптерден оқылса, енді қайта «Бірімізді» толықтыруымыз керек. Ол үшін 24-тен оңға 24+23=47-ші кітап пайғамбар шапағатымен, 24+25=48-ші кітап Алла жолында соғысу мен ашық жеңістерге жетуді меңгеру үшін тағы оңға 24+21=45-ші кітапты өзіміздегі белгілерді, жер, су, «Ғайып ерен қырық шілтенімізбен» қайта жалғануымыз керек. Сонда 46-шы кітабымыз «Алтауды араздастырмау» қағидасын меңгеру арқылы ғылым-білімімізбен, философия, психология жетістіктерімізбен саралап, тазарту арқылы 71-ші кітабымызды шамамызға қарай ала бастасақ сана-сезіміміз уақыт, заман талабымен ұштасып әлем алдындағы рухани бай, денсаулығы мықты, бақытты елдердің көшін бастайтынымыз сөзсіз. Шариғат та, масһаб та керек. Онсыз діни рәсімдерді орындау ақылға да симайды.

 Бірақ қазіргі таңдағы жырым-жырым сауатсыз тәпсірлерден және надандық дәуірлердегі салтты түзеуге арналған шариғат емес тарих тезінен, сынынан өтіп әулие-әмбилеріміздің сөздерімен, істерімен бекіген шариғатымызды қайта сұрыптап қалыптастыратын ата заңымыздың «зайырлығын» түзеткен ақылға да, ар-ұят, парасатылығымызға лайық болар еді. Осы кемшіліктерді түзету үшін жаратқаннан үкіммен кітабымыз ашылып, арамыздан елші тағайындалып, 21 жұлдызбен Айша анамыздың жалауы «Ұжданымыз, Ынсабымыз» 25-ші кітаптан тылсымнан хабар келіп, ұл, қыздарымыздың жүректерін ашу арқылы 21-ші кітап оқыла бастап еді, қазақтың шайтан адамдарының көмегімен қалған төртті түгелдейтін 24-ші кітапты меңгеруге жәрдем беріп кемшілік, қателіктерін жабылып түзеудің орнына керісінше сайтанға айналып ши жүгірткен қылығымыз; Абай атамыздың 24-ші сөзі шариғатымыздың жағдайын; «Әй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай таба ала ма?» Жүз қарамызды яғни малымызды бағатын шопандарымызды арапқа немесе соларға табынған қазаққа бақтырып, екі жүзін татуластыратын кісісін өзге елден іздеген, алтауын жалғанға шығарып, артынан иттерін қосып, ауылынан қуған әпенді дінші мен ғалымдардың еңбектерін, пәтуаларын Абай-Шәкәрім әулиелеріміздің аманаттарымен салыстыра отыра, құран аяттарына мәсһабтық ұстаныммен жүздеген аяттарға серік қосып, жолпы дінге ортақ қосушы залымдар екенін дәлелденетін күннің де туатынын төбедегі «бір» мен бөркіңіздей көріңіз егер бар болса, болмаса жоқ! Онда «Өзің үлкен қылығың бала-шаға, мәз боп жүрсің бір күндік тамашаға».

 

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *