Тәуелсіз қазақ болдың ба?  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 142

Тәуелсіз ба бүгін қазақ таңында,

Еге болып дүние байлық малыңа.

Ата-баба арманы деп шатасың,

Егелік жоқ қазақ тегі жаныңа!

Тәуелсіз ел, ата дәстүр нанымда,

Ана тілі діл қуаты барында.

Ата жолың туын ұстап қолына,

Малым жанға, садақа деп арыма.

Мейірімің жоқ өз ұлтыңның қанына,

Байланып ап жат елдердің салтына.

Қыз, қатының көтін ашып шаш жайған,

Елдігіңді жоғалтып өлтірген жанында.

Тәуелсіздік бар ма қазақ бүгін таңыңда,

Жетіміңді сатып жатқан шағыңда.

Жесірлерің қараусыз қап нәсілің,

Ауысады ақиретте өзге елдің жанына.

Тәуелдісің бар әлемнің арсыз заңына,

Гендірлік теңдік деген салтына.

Өз жеріңді өзің өңдеп күте алмай,

Қол жаясың әлемнің жағынып байына.

Тәуелсіз ел үш байлықтықтың барында,

Көк жинап байлығыңды жар жаныңа.

Ата-баба жинап берген байлығын,

Таусылған күн жоғалмай ма басың да.

Орыс емес қысым қылған бағыңа,

Құдайдан сын алмаған жүк тағдырға.

Тәуелсіз бол, адамдықты ақта деп

Өз жерің мен еліңді берді Құдай тануға!

(Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *