Жоғары санап өз бағасын,
Тәмам жаннан артық деп,
Күйін күйттеп жағдайын
Жасап жүрген пенде көп.
Лайықпын деп жақсыға,
Ерсеңдер менің артыма
Жеткізем деп қалайда,
Армандап жүрген бағыңа.
Төмендігін байқамай,
Тегіне ата жалғанбай.
Сандалған көп пенде,
Ақ қараны айырмай.
Жұлдыздан да биік боп,
Ел түземек пенде көп.
Болса да өзі сормаңдай,
Алатын хабар шындық жоқ.
Көрсе өзінен артықты,
Боламын деп сондай бақытты.
Тыраштанған кекілік,
Қыз мінезді қылықты.
Үйде мың құбылған,
Сырт көзге ұнап қырынан.
Секеңдеген есірік,
Ажырап жіп тағдырдан.
Шықпай жаны қапастан,
Қалауын Меннің таппастан.
Жоғалады өмірден,
Шайтанын қаннан жақпастан.
Өмірдің мәнін түсінбей,
Жан ләзатын сезінбей.
Махаббатсыз қалған көп,
Құмарлықпен жаны тірілмей.
Менмендік тегі жындылық,
Шығады талай ерсілік.
Адамдықтан қашық тұр,
Ғылымсыздан шығар бұл қылық.
Дін тәпсірін меңгерген,
Шариғатты жол деп түсінген.
Ғұлама санап өздерін,
Мендігі пері өсірген.
Ел билеген көп жетесіз,
Ар, ұят, ұждан керексіз.
Тәңірсіп елді түземек,
Жансыз ұлт өмір сүрмекпіз.
Бұл қасірет көшетін,
Ұрпағыңда қайта өсетін.
Кәрілік келіп басыңа,
Жамандығын сонда білерсің!
(Тамыз 2018 жыл)