Дінмен бар ма Құдайдың айырмасы?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 43

Япырмау есітідің мұндай сөзді?

Дүмшесің, деп айыптап теріп сөзді

Білімді атап өзін, маған сауал берді

Ажыртып Дінмен, Құдайды алшы, деді.

Әулие ертеректе болған екен,

Тұрандай елімізді қылған мекен.

Қоштасып, атанбаққа ақиретке

Елді жинап, өсиетін айтқан екен.

Ұлы келіп, оңаша мұңын шақты,

Қандаймын әлде жаман, мүмкін жақсы

Болжамай, тағдырымды кетпексің бе,

Болашақта кім болмақпын маған айтшы?!

Шақыр деді, жолдасты, сұқбаттасты,

Ниетің бір, пікірлесің болса жақсы.

Болашағың, тағдырыңның айнасы ол,

Әулие, жолдасымен ұлын да бағалапты.

Тексізсің, орысша,- деп ныспың деген,

Ағайын, білімділер көп зәбір берген

Шықты біреу; «дүмшесің» деп кіналаған,

Атамадым, оқырман білерсің кімнен екен.

Дінен бөлек, құдайды кімнен көрген,

Өлімің, дін амандығың кімнен екен?

Құдайсыз, қурайда сыбайды, деп

Дін мен құдай «Бір» екенін білмейді екен.

Абайын, әулие даналарын оқымайтын,

Бұл қандай тектілер сөзге де тоқтамайтын?

Бәріңде Мұхаммедтың ұлы боп, аталсаңда

Қаламаса құдай, арсыздықтан құтылмайсың.

Діні ісімен Құдай ісін ажырта алмас,

Осындай сөз бастаған жындылар мас.

Құдайдан өзі көрмей, көргенге және себей,

Надандар көп, тегі тазы, бірақта иіс алмас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *