Надандық пен тажалдық  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 123

Надан көп төрт аяқты малға ұқсаған,
Бар арманы дүние, мал қолға ұстаған.
Анау кедей, мынау неге байыды деп,
Бірді-бірге айдап салып дау шығарған.

Ескіні теріп күнә жамандықты,
Ұлттардың арасына от жағуды
Әдет қылып ар сатқан білімділер,
Араздасқан өзге елдік жындылықты.

Алдына келе атасының құнын кешкен,
Әкесін өлтіргенмен кешірім еткен.
Өз ұлты емес өзге ұлтқа кек сақтамай,
Ар білімі бұл қазақтың неге өлген?

Әке үшін баласы еш жауап бермес,
Тарихта көп қателік сынақ белес.
Ескі кекті шоқ салып үрлеп жүрген,
Тажалдар бар ұлтыңнан текті емес.

Осылайша түлкілер билік құмар,
Құдайдың белгісіне қарсы тұрар.
Ата-баба аманатын жерге тастап,
Азабына құдайдың түбі ұшырар.

Арамдық пен арсыздықты кім жақтайды,
Бұларды да құдай өзі тұзақтайды.
Өз баласын өзі жеген доңыздайын,
Тағдырын өз ұрпағының тарқатпайды.

Есті адам мұндайлардан шошынады,
Сөзіне ермей арамдықтан тосылады.
Ар мен рахым, әдебін білген адам,
Жамандықты түзеу үшін сынасады,
Жақсының жақсылығын асырады.
(Сәуір 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *