Балаңа ғылым үйрет жас күнінде,
Досыңа жақындама мас күнінде.
Халқыңа қайрылар деп насихат айтпа,
Ел бұзық, ерегескен, қас күнінде.
Алған соң әбден қызып, сөз ұқпайды,
Сүзекке елеуреген ем жұқпайды.
Аз басыла бергенде, ал қолыңа,
Қызу кезде сөз ұқпай қылжақтайды.
Панала, пәле шықса, басың сақтап,
Ойлама аламын деп екі жақтап.
Мастығынан айыққан кезін аңдып,
Ап-аман қара да отыр атың баптап.
(Шәкәрім әулие)
**** ****
Бүгінгі қазақ жат жұттың салтын алды,
Жындылық нәсілдерге жалғанғанды.
Ғылымсыз білімге мас болған елдің,
Ата-баба дәстүрін тажал ұрлап алды.
Білімді жындылар көп мас болғанды,
Соңына ертіп ізденген жасты азғырғанды.
Жете әкеден, сана анадан тегін ұлттың,
Тәрбиесіз білім алып жоғалтқанды.
Сүзектей тажалдық білім өріс алды,
Орыс ұлты ата жауың деп қорқытқанды,
Атаң қазақ баласы бол, есімін ат қылумен,
Латын тілі ғылым деп елді шоқынтқанды.
Бір Алла- ғылым, хикеметінен бас тартқанды,
Масһаб атап, шариғатты тәңірге алды.
Заңға шоқын ол да тәңір жолға салар,
Ел биліктер діннен бөлек заң шығарды.
Алла досын, дәстүр дінің ұлықтауды,
Раббыңның үкімі намазын орындауды.
Надан, кәпір діншілер «серік, шерік » деген,
Қазақ елін әулие аруағымен қас қылғанды.
(Б.Т.К)
**** ****
Ол кезде ептеп алма жалғыз тиын,
«А, құдай, есін кіргіз» де де — сыйын.
Мастың малын жеймін деп, жаныңды жеп,
Тәңірі алдында өзіңе болар қиын.
Біреу тисе, құтылар қамыңды ойлан,
Сонда-дағы дәм татпа жынды тойдан.
«Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген,
Ел бұзылса, момын бол қоңыр қойдан.
Елді бұзған не десең кетті –наным,
«Ант ұрды ма?»- деген сол, ұқсаң, жаным,
Бір көзің бір көзіңе сенбеген соң,
Аңдиды ана көзің не қылғанын.
(Шәкәрім әулие)
**** ***
Қазақтың дәстүрі мастықтан айықтырған,
Жер кезіп ойпаттардан қуат алған.
Қанымен құрбандықтың тазартатын,
Тағдырын күнә істерден ақталудан.
Інжілдің елшілік істерін меңгеруге,
Құдайдан хабар алып бермек елге.
Мас қылған арам малды тазартатын,
Дүниесінен садақа атап жер кезуге.
Жынды мас, ел билеген дін меңгерген,
Халықтың мұндай ісін заңсыз деген.
Қудалап, соттап заңмен тиым салған,
Ата жолың, мас болғанға жете берген.
Дәстүрін ата-баба наным деген,
Бір ақылға жалғаған жанын елдің,
Берген антын ата-анаңның мазақ қылып,
Құдайдың қарғысын алды билік деген.
(Б.Т.К)
*** ****
«Ол үйтсе, мен бүйтем»-деп дайындап тұр,
Барша жан соған бола бәле ұстап жүр.
Біреуді сендіре алмай, не сене алмай,
Бірін-бірі жаралап ойменен құр.
Бірлік түгіл иман жоқ, наным кетсе,
Жуымас алдайды деп бір бұл етсе.
Жаулық түгіл жанжал да шықпас еді,
Ант етпей-ақ айтылған сөзге жетсе.
Адалдың жолы болар заман бар ма,
Жем болдық шын жексұрын надандарға.
Адастың деп отырмын айғай салып,
Бар тапқаным сол болды, амал бар ма?
Осы күнде қазақтың бәрі де мас,
Жақсылардың біріне біреуі қас.
Атқа мінген жігіттен үмітім жоқ,
Сөзімді ұқса, ойланар кейінгі жас.
(Шәкәрім әулие)
*** ***
Бабалардың жеттік біздер арманына,
Тәуелсіз елге айналып заң жазарға.
Әр заманның надандығы болады екен,
Тажал шықты білімді қауымдарда.
Жындылар ел басқарған жанымен қас,
Бір көзі бірін аңдып дәулетке мас.
Күнде мақтан, ел жасап жынды тойын,
Мас қылмақ дәм татқызып, ұрлап ойын.
Жете жоқ ел басқарған үлкендерде,
Нанымы білімі мен шет елдерде.
Ол қайтсе, мен де сүйтем деген,
Ел басқарған сасық ми көсемдер де.
Дәсүріне нанбаған дін ғалымы,
Бөлшектеп теріске алды құраныңды.
Араптан асқан дана елдер жоқ деп,
Төртеуің түгел емес, алтауыңды араз қылды.
Адалдың жолы жоқ бұл заманда,
Бабалардың ақылын жас алар ма?
Бір есті үлкенді жүрмін мен де іздеп,
Батасымен бабалардың шақырып тура жолға.
(Б.Т.К)
*** ****