Несібе ортақ Құдайдан

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 43

Орысты құл деп мақтаған,

Құл сөзін арам атаған.

Әулиелерді даттаған

Тажалдар шықты арадан

Махабаттан, ардан аттаған.

Бірлігін Құдай жақтаған,

Қазақ еді текті аталған,

Құдайсыз қурай сынбайтын

Дүниені артық жимайтын.

Қызғанбай дүние байлықты,

Әлемге татулық сыйлайтын.

Жамылып құдай атымен,

Аруағын жұмсап атумен,

Өзіне-өзі оқ атқан

Мұндай жұртым арсыз дер.

Қазақтың дінін қандайды,

Білмеген ақирет сын жайлы

Жатса түсіріп қиямет

Ақылға да мұны алмайды.

Құдайға қазақ қарсы деп

Халықты тажал алдайды.

Тыныштықты елдің қаламай,

Ел билеуді қалап-ай

Аш қалдық деп талап-ай

Жетімдей көз тоймайтын

Жүргендер көп зарлап ай.

Шақырсаң қайғы ұлтыңа,

Басыңа келер бұлты да.

Бар халықтың иесі

Жердің де өзі киесі

Кімнен қалай беруін

Құдайым өзі төреші.

Атаң емес өсірген,

Көктен нұрын түсірген.

Қай жерден нені өндірсе,

Дүниемен елді сынайтын

Құдайдың сыны білдірген.

Қызғанып мұны иеден,

Бөлінбек басқа елдерден

Баласын жеген доңыздай,

Тажалдар шықты еліңнен.

Құдайым болсын төреші,

Үкімін де ұзатпай береді.

Лағнеттеп және аруақтар,

Қарғысы да құдай келеді.

Қанағат шүкір қыл елім,

Құдайдың біл берерін

Әлемді түгел аш қылмай,

Бір елден де несібе берерін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *