Оразаның дәрет киесі  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 43

Әр нәрсенің өз отаны,

Бар болмақ киім, отауы.

Адамзаттың бар отауы,

Зейнеті жарық қоршауы.

Сақтайтын арын киіммен,

Шариғатта парыз дәреттен.

Оразаның да бар отауы,

Дәретті сақтау атауы.

Тажалдық білім діншілер,

Шындықты бұрып қашқаны.

Жалаңбас қол жалаңаш,

Аяқта киім болмай нас

Ораза онда бұзылар,

Ашыққан ғана болар рас.

Құдайдан бұл хақиқат,

Тажалдар мұны жасырмақ,

Біреу де болса түзелсе

Нығметін құдай асырмақ.

Дәстүрін қазақ сақтайтын,

Арсыз деп мұны атайтын.

Ар қымбат деген жаннан да,

Жарығың дене қаптайтын.

Бас киім міндет бәріне,

Жас болсын мейлі кәріге.

Әйелге парыз жаулығы,

Бойы жарық ар мен нәріне.

Рамазан жылдың жұмасы,

Шариғатын құдай ескеріп

Дәретпен киім меңгеріп

Бір ғана ай толық ұсташы.

Жақсылық болып тағдырға

Айың да оңнан туады.

Түсініп діннің нығметін,

Есті адам мұны ұғады.

Ұстанып толық шариғат,

Жалғасын діннің табады.

***  ***

Күндерің тізбектелген,

Адамның баласына

Тағдыр боп санасына

Қалдырған өз беттерін.

Орын боп кеңістікте,

Уақыттан естелікке

Көлеңкең қалар адам

Тағдыр боп белгілерге.

Әрбір күн өзгелерге,

Ұқсамай өтер жерде.

Тағдырың уақтарың,

Жазылып пенделерге.

Тек қана естілерге,

Жорумен түстерін де

Мән беріп белгілерге

Шүкірлік қылар күнде.

Есебін түгелдейтін

Үмітін еш үзбейтін

Алланың жібін жалғап

Намазбен түзер күнде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *