Ниет таразысы

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 44

Талпынған жетер биікке,

Талабың пенде берік пе?

Ақтығың болса ниетте,

Қолдайды бабаң келіпте.

Мақсатта болса арамдық,

Арыға пенде бармалық.

Қолдауы болмай бабаңның,

Барың да кетер жоғалып.

Аруақ, аруақ айғаймен,

Алақан босқа жайғанмен.

Ниет пен ісің сай болмай,

Қоштасқан пенде арманмен.

Алланы пенде алдамас,

Ақтықты жақтар санаңды аш.

Жалғандық өмір болғанмен,

Жалғанды Алла қаламас.

Өтпелі тағдыр жолыңды,

Айқында оң мен солыңды.

Қолауын тауып бабаңның,

Адаспай тапқын орынды.

Жетерсің сонда мұратқа,

Азамат, адам «ұлы атқа»,

Тарызы болар бер Алла

Адалдық туын құлатпа.

(Ақпан,2002 жыл. Тарыбаев Қыдырәлі)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *