Тәрбие талғамы

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 47

Елін сүю дәстүрі жоғалмаған,

Ар-намысы қазақтың мәлім маған.

Алдауға да көнетін аңқау халық,

Ар-намысты таптауға бағынбаған.

«Ұлы халық» ұрпағысың ұғын балам,

Қилы-қилы заманда жойылмаған.

Ата жауың жоңғарды жер бетінен,

Бүгін таңда жоқ еткен сенің бабаң.

Ешкімнен кем емесің, басқадан,

Ғарышта да қазақ тілі сайраған.

Елі үшін алыстарға жол салған,

Қаһарман Тоқтар, Талғат-сенің ағаң.

Бойнан таубашылдық арылмаған,

Адалдық ақ ниетен жаңылмаған.

Кеңдігін қазағымның паш ету,

Мақтан тұту аманат саған, балам.

Мақтан тұт, кең байтақ жеріңді,

Мақтан тұт, ұлы баба теңіңді.

«Жақсы сөз-жарым ырыс» ескіден,

Ақталсын ата жұртың сенімі.

Қадір тұт, ана тіл, қасиетін,

Елің менен жеріңді сүйіп өткің.

Ата дәстүр, Ата жол сапарында,

Атағын «Ата қазақ» биіктеткін.

Өткен тарих жолында көшпенділер,

Алғашқы баспалдағы көкке өрлеген.

Жолында қазағымның ел болуда,

Тілеген ұрпағысың көктен, жерден.

«Елдің атын ер шығарар» біліп ал,

Ар-намыс та адалдықа табынар.

Жақсыңды асыр, «өмір» атты тірлікте,

Бар ғаламат бір Аллаға бағынар.

Үлгі тұтар ата тегің, алыбың,

Жақсылықты жалғастыру парызын.

Күш-қайратты, ар-намысты биіктет,

«Қазақ елің» алтын бесік, қазығың.

(22-наурыз,2002 жыл. Тарыбаев Қыдырәлі)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *