Қобыз үні(72)

Бөлім: Зікір өлеңдер 140

Шындық бар қобыз үнінде,

Береді қуат сенімге.

Өтірік оған жуымас,

Кездесіп сәттік өлімге.

Қобыздың үні шыққанда,

Сарынға аятпен қосқанда.

Ақтарып сырын түнектін,

Ара жік түсер шерік қосқанға.

Мүшесін барлық сезімнің,

Ақтарып сырын жүректің.

Ақиқатқа жеткізер,

Тазартып жанның жүйкесін.

Өліге жанды бітірген,

Қорқыттай абыз үнімен.

Қобыздан жырын төгеді,

Шығарып таза жүректен.

Қобыздың үнін меңгерген,

Дәстүрі қазақ мүміннен.

Құраннан аят дем болып,

Кір қоқыс шықпақ жүректен.

Сауықтырар күнә дертіңнен,

Есігін ашып бекіткен.

99 сезім жүйесін,

Тазартып егін өсірген.

Көкіректен уын тазартып,

Ұжданың өсер жанданып.

Құдайдың нұрын енгізер,

Үнімен қобыз жалғанып.

Сылап-сипап бойыңды,

Жалғанған теріс ойыңды.

Дәуріштей үнмен дем салар,

Сары судан тазартып жүз қойыңды.

Үніне құдірет құлақ түр,

Қорқыттан қалған сарын бұл.

Өлімді жеңген үнімен,

Қорқыныш кетті деген дүр.

Сарынға жастар салмасын,

Кәпір жын келіп қалмасын.

Шәкәрім бабаң ескерткен,

Ақ бақсылықсыз қасиет қонбасын!

Жалғасын тапса иманың,

Ақылың толып нұрландың.

Зікірмен тылсым аруақтан,

Үніңе құдай қуат қосатын.

Тура жол онда тапқансың,

Ақ бақсылық қасиет қонғасын.

Құраннан шипа, рахметі,

Кілттерін көместің алғансың!

Ақиретке көпір шындықтан,

Құдайда жол-жоба алсаң.

Қазақтың ата жолымен,

Үнімен қобыз жалғантқан.

Құдайдан түскен құдыреті,

Құраннан ғылым, кереметті.

Әлемнің жұрты күткені,

Қадырі тура жолынан бұл белгі.

(Шілде 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *