Аңыздан туар ақиқат

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 35

Аңыздың бір сипаты шындық деген,
Құранда аңыз, түсірілген шындықпен.
Талай аңыз бүгінде шынға айналып,
Адамзатқа білім-ғылым өнер берген.
Аңызды кім жасынан сүйе білген,
Қиялы ұшқыр ой қуаты тез жетілген.
Ойды баста Ақ қылып жаратқанды,
Адамдық ақтан аят аңыз терген.

Көрмек, естіп ой тексермек,

Білімін ескілердің аңыз демек.

Тағдыры, кітабынан ата-ананың,

Білімі замананың өнер демек.

Аңыздың ақиқатын түспен көрмек,

Құдайдың пендесіне жоба демек.

Қазақтың дәстүріне ізді салған,

Ясауиден ғылым болды санмен білмек.

Қазақтың ұрпағында тектен дерек,

Он мыңына жазылған жанмен бөлек.

Аңызынан ескінің жан қуанса,

Иманға жол ашатын қуат енбек.

Түсінген пендесі аз бұған сенбек,

Дін тәпсірін таза ақыл, деп өңкей дөңбек.

Мағрипаттан дәріс беріп жүргендерді,

Аңызшыл, ертегі айтып азды демек.

Оқысаң қазақтың әулиесін жазған дерек,

Ертегі емес мысалдарды қылған ермек.

Құранның нұрын ашқан аңыздарда,

Аятпен, хадистерден хабар бермек.

Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сөзін білмек,

Мағрипатпен, ақиқаттан кеткен сөйлеп.

Жаратылыстың сырларын тарқатқанын,

Қазақ тілін сүйе алмаған  қайда білмек?

(Тамыз айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *