ӨЛІКТІ ЖЕРЛЕУДІҢ ТҮРКІЛІК ДӘСТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бөлім: Ата жолы намаз ерекшеліктері мен ғылымдық маңызы 61

1. Қандай да бір өліктің күн аумай тұрып жаназа намазы оқылу керек. Жаназа намазы 3 рет фатиха сүресімен оқылу керек.

2. Өлікті жерлеуге жолға шыққанда қамат оқып, қатым құран оқылу керек. Қатым құран 3 рет ясин сүресі немесе бір ясин сүресі мен мүлік, тарық, філ, ықылас, фаләқ, фатиха сүресімен оқылады.

3. Қабірге жерлер алдында Аятул күрсі оқылып дұға іштей қайтарылады.

4. Қабірге көміп жатқан кезде және бұл жағдай аяқталғанша дүниелік сөздерден аулақ болып имамнан бастап, қолы босағандар бәрі таспих тартады.

5. Үйге келгеннен кейін қатым құран- ясин сүресімен және 7 түрлі сүре қосып құран бағышталады.

6. Өліктін жан ашыр туысы, жақындар сұрақ жауабын жеңілдету мақсатында 41 күн 4 рәкат нәпіл намазын оқиды. Нәпіл намазы тәубе түрінде екінті мен ақшам дәл ортасында әрбір рәкатта 10 фатиха, 10 ықылас, 3 рет құрайыш сүресін оқу арқылы атқарылады. Немесе мешітте бесін кезінде де оқуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *